И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет141/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

-айын,  -ейін,  -йын,  -йін, 
көпше 
-аиық,  -еиік,  -иық, -иік, 
2-жақтың (анайы жекеше) арнайы тұлғасы жоқ (нольдік форма), 
көпше  —
ыңдар,  -іңдер,  -ңдар,  -ңдер, 
сыпайы  жекеше 
-ыңыз, 
-іңіз,  -ңыз,  -ңіз, 
көпше 
-ыңыздар,  -іңіздер,  -ңыздар,  -ңіздері
З.-жақта 
-сын, -сін 
жалғаулары жалғанады.
Мен бар-айын, кел-ейін, қара-йын, сөйле-йін 
Біз бар-айық, кел-ейік, қара-йық, сөйле-йік 
Сен бар-Ш, кел-Ш, қара-Ш, сөйле-Ш 
Сендер бар-ындар, кел-іңдер, қара-ндар, сөйле-ңдер 
Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, қара-ңыз, сөйле-ңіз 
Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, қара-ңыздар, сөйле-ңіздер 
Ол (олар) бар-сын, кел-сін, қара-сын, сөйле-сін 
Жоғарыда  нольдік  формаға  байланысты  көрсетілгендей, 
бұйрық райдың 2-жақ анайы  жекеше түрінде бір кезде арнайы 
тұлға  болған  болу  керек.  Бір  жағынан,  басқа түркі  тілдерімен 
(мысалы,  өзбек  тілінде  ал-алиң  болып  айтылатыны  белгілі), 
екінші  жағынан,  2-жақтың  басқа  түрлерімен  (мысалы,  көпше 
және  сыпайы  түрі)  салыстырсақ,  бұйрық  райдың  2-жағында 
(анайы, жекеше) -ың, -ің, -ң қосымшасы болғандығы байқалады. 
Кейін ол түсіп қалып, етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес болып 
қалыптасқан. Бұлай болуға етістіктің түбір тұлғасының тікелей 
жіктеле алмайтыны және сөйлемде етістік түбірдің сол күйінде 
қолданыла алмайтыны себеп болуы мүмкін. Қазіргі кейбір түркі 
(мысалы,  өзбек)  тілдерінде  бұйрық  райдың  бұл  формасы  кей- 
де сақталып  жұмсалады:  сен  алың,  келиң, т.  б.  Қазақ тіліндегі 
2-жақ сыпайы тұлғасында (-ыңыз,  -іңіз,  -ңыз,  -ңіз)  және көпше 
тұлғасында  (-ыңдар,  -індер,  -ндар,  -ңдер)  бұйрық  райдың
2-жағыныңжалғау ы (-ың, -ің, -н)сақталған, демек, сыпайылықты 
және көптікті білдіріп тұрған -  қосымшаның -ыз, -із және -дар, 
-дер бөлшектері ғана.
146


Сонымен  бірге  ауыз  әдебиеті  нұсқаларында,  ақындар 
шығармаларында,  кейбір  аймақтағы  сөйлеу  тілде  бұйрық 
райдың 2-жақ жекеше анайы формасы ретінде -ғын, -гін, -қын, 
-кін  қосымшасы да жұмсалады:  сең бар-ғын,  айт-қын, кел-гін, 
т. б. Бұл тұлға кейбір орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде 
(мысалы, «Мухаббат-намеде»), алтай, ұйғыр, қарақалпақ сияқты 
қазіргі түркі тілдерінде де қолданылып отырады.
Соңдай-ақ  1-жақ көпше түрінің қосымшасы да тілімізде кей- 
де -лық,  -лік,  -алық,  -елік түрінде қолданылады:  біз бар-алық, 
кел-елік. Кел, балалар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет