қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың
(формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның
берілуі,
префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка)
қосылу арқылы ғрамматикалық мағынаның берілуі;
ішкі флек-
сия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алма-
суы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;
екпін
арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық магынаның
берілуі,
супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның
жеке-жеке сөздер арқылы берілуі.
Үшінші - аналитикалық
тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар:
негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық магынаның
берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала
сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш,
шәкірт екінші зат атауын оілдіретш создермен тіркесу арқылы
заттық мағынада емес, қатыстық; сындық мәнде қолданылған)
Достарыңызбен бөлісу: