3-жақта (ол) келсе, жиналса деген шартты рай тұлғалы етістіктер
сөйлемнің (бағыныңқы сөйлемнің)
баяндауышы болып,
жіктеліп келсе де, тиянақсыз, аяқталмаған форма болып тұр.
Осының өзінен шартты рай тұлғасы мен- көсемше тұлғасының
тиянақсыздық, оаяндауыш қызметінде аяқталмағандық сипа-
ты бірдей,
біркелкі емес екенін байқаймыз, көсемше тұлғасы
жіктелсе, тиянақты сипатқа ие болады. Ал есімше тұлғасы -
жеке тұрғанның өзінде-ақ тиянақты форма. Сондықтан есімше
бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышы қызметін атқарғанда,
тиянақсыз формада (жатыс, көмектес, дықтан, т. б.) немесе шы-
лау сөздермен тіркесіп жұмсалады.
Көсемше тұлғасының осындай ерекшелік қасиеті оның басқа
да кейбір қолданыстарынан, әсіресе, бірыңғай мүшелердің,
көбінебірыңғайбаяндауыштардың,қолдануларынанбайқалады,
яғни көсемше формалы етістік түрленбей-ақ (көбіне жіктелмей-
ақ) етістіктің басқа тұлғаларымен, мысалы, есімше, жедел
өткен шақ тұлғалы сөздермен бірыңғай мүше
болып сөйлем
ішінде қолданыла береді. Балтабек пен Асқар
Достарыңызбен бөлісу: