И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет96/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

жіктелу үлғісінің бір көрінісі
яғни сөйлеу 
процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. 
Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір түлғасы
157


мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендіпн, тек сырт- 
тай сәйкес келетіндігін, «етістіктің түбірі - бұйрық райдың
2-жағы» деген анықтаманың қате екендігін, етістіктщ түоірі 
басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке түрып қолданыла 
алмайтынын көрсетеді. Ы. Е. Мамановтың: «Түркі тілдерінде 
түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, 
сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер 
есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде 
басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі 
қызметінде жұмсалады», - деген пікірінің өте дүрыс екенін
байқаймыз (М.-ҚҚТ, 1-т, 65). 
^ -
Демек етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті
проңесті, т. б. білдіреді және ол - етістіктің жеке сөз табы 
ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жал- 
пы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол 
етістіктің сөйлеу проңесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа
Ш
түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нольдік 
форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық
грамматикалық мағынасы, болып табылады.
Ал енді қазақ тілінде бүйрық райдың 2-жақ анайы түрінің 
сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірдей 
болған ба? деген занды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін 
бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.
_____ Жекеше_____
________ Көпше________
мен
бар-айын, кел-ейін
біз
бар-айық, кел-ейік
сен
бар - 0 , кел - 0
сендер
бар-ындар, кел-індер
сіз
бар-ыңыз, кел-іңіз
сіздер
бар-ыңыздар, кел-іңіздер
ол
бар-сын, кел-сін
олар
бар-сын, кел-сін
Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай 
емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (1-жақ) неме- 
се көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға 
(2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол
158


ерекшелігіне және I мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап,
І 
қейбір ғалымдар 1 және 3-жақтарды бұйрық рай жүйесінен
бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың он-
Ь 
дай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық

категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола ал-

майды. 
> '


Осы жұйедегі 2-жақтың жекеше сыпайы тұрі мен 

2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына на- 

зар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет