Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Шала туылған нәрестені жылытқышпен жылыту»



бет12/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
4.12. Стандарт «Шала туылған нәрестені жылытқышпен жылыту»
Мақсаты: нәрестенің дене температурасын қалыпты ұстау
Көрсеткіші: шала туылған нәресте
Дайындаңыз: 3 резеңке жылытқыш, 42-45°С-ы су, 3 жөргек, көрпе, қолғап, бетперде, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараның мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Шала туылған баланы орап, төсекке жатқызыңыз.

  3. Бетперде тағыңыз. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  4. Резеңке жылытқыштың ½ немесе 2/3 көлемін 42 – 45° С-тағы ыстық сумен толтырыңыз.

  5. Қолыңызбен жылытқыштың үстін баса отырып ауасын шығарыңыз, қақпағын тығыздап жабыңыз.

  6. Жылытқыштың бас жағын төмен қаратып, аузы жабық тұрғанына көз жеткізіңіз және температурасын 1-2 минутқа иық үстіне қойып тексеріңіз.

  7. Осы жолмен тағы да 2 жылытқыш дайындаңыз.

  8. Жылытқыштардың әр қайсысын 4 қабат жөргекке ораңыз.

  9. Жылытқыштарды 8-10 см қашықтықта(бір алақан): екеуін денесінің екі жағын бойлай, біреуін табан деңгейінде қойыңыз.

  10. Баланың үстін көрпемен жабыңыз, көрпе астындағы ауа тепературасын 28 – 30° С болатындай ұстаңыз.

  11. Жылытқыштағы суды салқындауына байланысты кезекпен ауыстырып отырыңыз.

  12. Ем-шара аяқталғаннан кейін жылытқыштан суды төгіп, оның сыртқы жағын дезинфекциялық ерітіндімен өңдеңіз.

  13. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: егер дене температурасы 37 °С-тан жоғары болса, бір ғана жылытқышты ,аяқ жақта қойған, қалдыру қажет, немесе барлық жылытқыштарды алып тастаған жөн.


4.13. Стандарт «Кювезді (инкубаторды) залалсыздандыру»
Мақсаты: залалсыздандыру, санитарлық-гигиеналық режимді ұстану
Көрсеткіші: -жаңа көвезді орналастыру
-әр 3 күн, бала көп уақыт жатқан кезде
-жаңа бала еңгізгенде
-бала 5 күн аралығында жатпаған кезде
Дайындаңыз: кювез, залалсыздандыруға арналған жуу ерітіндісі, дистилденген су, халат, қолғап, стерильді ветошы бар бикс, бактериацидті шам, қаламсап, этикетка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет