Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Нәрестенің көзіне тамшы тамшызу»



бет7/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Балалар ауруы стандарттар

4.7. Стандарт «Нәрестенің көзіне тамшы тамшызу»
Мақсаты : емдік
Көрсеткіші: көз қабынулары
Дайындаңыз: стирильді: көз тамызғыш, марлі тампондары, дәрілік заттар, қысқыш, лоток, резенке қолғап, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі :

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Дәрілік заттардың жарамдылығын (атауын, концентрациясын, сақталу мерзімін оқыңыз) және тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  4. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  5. Нәрестені үстелге басын аздап шалқайтып жатқызыңыз (үлкен балаларды орындыққа отырғызуға болады).

  6. Қажет болса көз күтімін жасаңыз (іріңдерден тазарту).

  7. Сол қолыңызға қысқышпен марлі тампонын алыңыз.

  8. Тамызғышты тігінен ұстай отырып, әзірленген дәріні тамызғышқа толтырыңыз.

  9. Тампон салфетканы пайдалана отырып сол қолыңыздың 2 саусағымен нәрестенің астыңғы қабағын төмен тартыңыз.

  10. Тамызғышы бар оң қолымызды нәрестенің маңдай аймағына, алақаныңыздың қабырғасы баланың басын ұстап тұратындай тақап, тамызғышты көзінен 1-2 см қашықтықта ұстаңыз (тамызғыш кірпіктерге тимеуі қажет), бір тамшы ерітіндіні көздің ішкі бұрыш аймағына жақын тамызыңыз. Бірнеше секундтан кейін екінші тамшыны тамызыңыз.

  11. Астынғы қабақты жіберіп, тампонның көмегімен көздің ішкі бұрышындағы қалдық тамшыларды сүртіңіз.

  12. Екінші көзіне осындай реттілікпен тамызыңыз

  13. Қолданылған тампондарды КБУ-ға тастаңыз, қысқышпен пен тамызғышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  14. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:
- стерильді көз тамшыларын пластикалы флакондармен пайдаланатын болсаңыз флаконды төңкеріп, оның қабырғаларын басыңыз;
- физиологиялық блефароспазм кезінде екі қабақты да ашыңыз;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет