Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Нәрестенің мұрын құысын тазалау»



бет6/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Балалар ауруы стандарттар

4.6.4. Стандарт «Нәрестенің мұрын құысын тазалау»
Дайындаңыз: стирильді: мақталы турунда, қысқыш, өсімдік майы, мензурка, қолғап, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын және жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  3. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  4. Нәрестені үстелге жатқызыңыз.

  5. Сол қолыңыздың 4 саусағын баланың маңдайына қойып, үлкен саусақпен мұрын ұшын сәл көтеріп, нәрестенің мұрын қуысын тексеріңіз.

  6. Мензурканың ішіне стерильді өсімдік майын құйыңыз.

  7. Қысқышпен стерильді мақта турунда алып, стерильді өсімдік майына батырып, мензурканың шетіне аздап сығып, оң қолыңызға алыңыз.

  8. Мақта турундасын жеңіл қозғалыспен айналдыра отырып мұрын қуысына еңгізіңіз, айналдыра отырып, мұрын қуысын тазартыңыз, содан соң қайта айналдыра отырып, мұрын қуысынан шығарыңыз.

  9. Екінші мұрын қуысын да дәл осы реттілікпен тазалаңыз.

  10. Қолданылған мақта турундаларды КБУ-ға тастаңыз, қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  11. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



4.6.5. Стандарт «Нәрестенің құлақ қуысын тазалау»
Дайындаңыз: стирильді: мақта турундалары салфетка, қысқыш, резенке қолғап, қайнатылған суы бар латок, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараны жүргізу мақсатын және жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  3. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  4. Нәрестені үстелге жатқызып, басына шетке қарай бұрыңыз.

  5. Жылы қайнатылған суға салфетканы батырып сулап алыңызда, құлақ қалқанын сүртіңіз, құрғақ салфеткамен кептіріңіз.

  6. Қысқышпен мақта турундасын оң қолыңызға алып, сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және төменге қарай тартыңыз.

  7. Оң қолыңызбен айналмалы қозғалыс жасап, сыртқы құлақ жолдарына 0,5-1 см еңгізіп, кері айналмалы қимылмен турунданы шығарып алыңыз.

  8. Екінші құлақ қуысын дәл осы реттілікпен тазалаңыз.

  9. Қолданылған мақта турундаларын КБУ-ға тастаңыз, қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:
- құлақ күтімі кезінде әр түрлі жарақаттардың алдын алу үшін мақта таяқшаларын немесе мақтаны қатты заттарға орап пайдалануға болмайды;
- сыртқы құлақ жолдарын аптасына 1 рет немесе қажет болған жағдайларда тазалап отыру қажет;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет