Әлеуметтік-экономикалық алғышарттар: 1. Экономикалық даму: Экономиканың даму деңгейі білім жүйесінің тиімділігін анықтайды. Экономикалық өсім білім беру ресурстарына инвестицияларды арттыруға мүмкіндік береді.
2. Демографиялық өзгерістер: Халықтың жас құрылымы, миграция, қалаға көшу секілді демографиялық факторлар білім беру мекемелерінің құрылымын, қызметтерін және менеджментті талап етеді.
3. Бәсекелестік орта: Білім беру мекемелерінің бәсекелестігі менеджмент жүйесін жетілдіруге, инновацияларды енгізуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға түрткі болады.
4. Әлеуметтік талаптар: Қоғамдағы білім деңгейінің артуы мен халықтың білімге деген сұранысының жоғарылауы білім менеджментінің жетілдірілуіне әсер етеді.
Ғылыми-педагогикалық алғышарттар: 1. Инновациялар мен технологиялар: Заманауи технологиялар мен инновациялық әдістер білім беру процесінде жаңа менеджмент тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.
2. Педагогикалық теориялар: Білім беру мен оқыту әдістемелеріндегі жаңа көзқарастар менеджменттің тиімділігін арттыру үшін қажет.
3. Зерттеулер мен тәжірибе: Білім берудегі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер менеджменттік шешімдерді қабылдауда негіз болады.
4. Халықаралық стандарттар: Халықаралық білім беру стандарттары мен тәжірибелері менеджмент жүйесінің құрылымын және сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында республикадағы білім мен ғылымның барлық деңгейлерінің менеджментін және даму мониторингін жетілдірудің маңыздылығы атап өтіліп, оларды дамыту индикаторлары айқындалған болатын. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "білім беру менеджменті бойынша даярлықтан және қайта даярлаудан өткен адамдар білім беру үйымдарының басшылары болып танылады"деп көрсетілген.
Қойылған міндеттерді шешу білім беру жүйесіне менеджментті енгізудің негізгі аспектісі болып табылатын білім беру менеджерлерін даярлаудың ұйымдастырушылық - педагогикалық жағдайларын жасауды қажет етті. Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелерін республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Н.Асанов, Б.А.Альмухамбетов, Ш.Т.Таубаева,С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім беру жұйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, окуөндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Г.Т.Хайруллин, А.М.Мүсілімов, Қ.Ж.Аганина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Заманауи кезеңде цифрлық технологиялардың дамуы білім беру менеджментінде жаңа тәсілдер мен құралдарды енгізді. Оқу платформалары, онлайн-курстар және гибридті модельдер білім беру процесін жаңа деңгейге көтерді. Сонымен қатар, халықаралық білім беру стандарттарына бейімделу мен бәсекелестіктің артуы білім жүйесінің жаңа парадигмаларын қалыптастырады. Болашақта білім берудің инклюзивтілігі, сапа менеджменті және деректерге негізделген шешімдер қабылдау маңызды бағыттар ретінде қарастырылады. Білім жүйесіндегі менеджменттің тиімділігі білім сапасын арттыру мен инновацияларды енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Білім беру мекемелері үшін тиімді менеджмент жүйесін құру, инновацияларды енгізу және сапаны арттыру мақсатында әртүрлі стратегиялар мен құралдарды пайдалану қажет.
Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Казакстан экономикасында казіргі менеджментті колдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасактау болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикага кошу сәтінен бастап окытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.Білім менеджменті білім берудегі баскару мәселелерін зерттейтін кешенді дамып келе жаткан ғылым. Менеджмент заңдар, принциптері, әдістері, формалары, әдістері және әр түрлі ұйымдарда ұжымдық жұмыс баскарудың тәсілдерін зерттейтін тәуелсіз гылыми пән болып табылады. Білім өзге ғылым,білім, білім беру теориясын зерттеу, дидактика және басқа теориялар айналысатын қызметтің ерекше түрі. Білім беруді баскару мыналарды қамтиды
1)бақылау үшін қажетті жағдайлар (биіктігі тұлғалар, рухани мақсаттар, қызметкерлер мен студенттердің мотивация) жасау;
2) кажетті баскару элементтерін пайдалану (қуат, ақпараттық қауіпсіздік, іскерлік қарым-қатынас, ұйымдастырушылық мәдениет);
3) басқару әдістері (экономикалық, әкімшілік, әлеуметтік және психологиялық) және 4) баскарушылык функцияларды жүзеге асыру; а)жалпы (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және есепке алу, баскару, демпферлік және маневр) және; б)нақты іріктеу, қаржылық басқару, қоғамдық тамақтандыру, гимараттар мен үй-жайларды техникалық қызмет көрсету және жондеу және т.б). Менеджмент зандар, заңдылықтар мен басқару принциптеріне сүйенеді.Қазіргі кездегі менеджменттің жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, баскаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.«менеджмент» түріне айналды.Бұрынғы совет уақытынан бері қалыптасып калган баскарудағы ойлау стереотипі, әкімшілік-әміршілі баскару әдістері нарықтық экономикалық жағдайда қажетті изтижені бере алмады. «Біз орта кәсіби оқу орнындағы менеджмент жүйесін жетілдіреміз»,-деп американдық немесе жапон менеджментінің жетістіктерін көзді жұмып көшіріп алмау кажет, яғни іздің еліміздің спецификалық ерекшеліктерін, экономикалық-каржы мәселелерін ескере отырып құруымыз қажет.Әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жана жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесінде нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жаткан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбе бағалай отырып, саралауды, жастардың шығармашылығын дамытуды, менеджер іс әрекетін жаңаша тұрғыдан ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жанжақты маман болу мүмкін емес. Соңғы он жылда инновациялық процесс тек оқыту мен тәрбиелеу процесінде ғана емес, басқару процесінде де кеңінен таралуда.
Дұрыс шешім қабылдау үшін жоғарғы кәсіби шеберлік иесі болу жеткіліксіз. Көп жағдай менеджердің қабілетіне, оның адамдармен қарым-қатынас жасай алуына, жеке ынтасына, сезімталдығына тәуелді. Демек басқаруды үйрену үшін екі бағытты игеру қажет: ғылым негіздері және менеджмент өнері. Кез-келген менеджер өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып басқарады.
Бұрынғы біртұтас, біркелкі оку мекемелер жүйесінің жойыла бастауына байланысты, орта кәсіби оқу орындарының әр түрлі формалары мен түрлері пайда бола бастады, қазіргі кезде оқитын жерлерді таңдау мүмкіндігі күшеюде, сонымен қатар оқу орындары бір-бірінен оқу бағдарламаларының, оқу жоспарының, ерекшелігімен, оқылатын пәндер тізімімен, жұмыс істеу тәртібімен өзгешеленеді.
Менеджменттің қоғамға қажеттілігі 20-ғасырдың 30-жылдары байқала бастады. Қазақстанда менеджмент жоғары оқу орындарында 1992 жылдан оқытылып бастады. Сол уақытта Қазақстан нарықтық экономикаға көшкен еді. Мемлекетімізде дүниежүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар мен кадрлар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Білім менеджменті – білім беру саласын басқару мәселелерін зерттейтін ғылым. Бұрынғы біртұтас оқу мекемелер жүйесінің жойыла бастауына байланысты, орта кәсіби оқу орындарының әртүрлі формалары мен түрлері пайда бола бастады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі артуда. Сонымен қатар оқу орындары бір-бірінен оқу бағдарламаларының өзгешелігімен, оқу жоспарының ерекшелігімен, оқытылатын пәндер тізімімен, жұмыс істеу тәртібімен ерекшеленеді. Біздің елде менеджмент қарқынды дамып келе жатыр. Бірақ, біз америкалық, жапондық басқару жүйелерінің ережелерін толығымен көшіріп алмай, өзіміздің жаңа, ерекше стратегиямызды ойлап табу керекпіз.
Қазақстанда білім саласының жаңа жүйесі құрылуда. Білім саласын дамыту үшін көптеген жаңа смарт технологиялар пайда болып жатыр. Осы жаңа технологияларды меңгермейінше, педагогика саласының сауатты, жан жақты маманы болу мүмкін емес. Жаңа технологияларды педагог мамандарға үйрету үшін көптеген курстар, сабақтар ұйымдастырылады. Соңғы жылдары инновациялық процесстің даму тек білім саласында ғана емес, сонымен қатар, басқару процессінде де, яңни менеджмент саласында да байқалып жатыр.
Дүние жүзінде болып жатқан экономикалық қиындықтар, кризистер, политикалық жағдайлар адам психикасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан адамның әлеуметтік мінез-құлқын, психикасын түсіну өте маңызды. Егер адамды немесе ұжымды басқару кезінде ұжымдастардың жұмысқа ынтасын ояту үшін ең алдымен бұйрықшылдықтан арылу керек. Яғни, менеджер бұйрық берудің орнына ұжыммен ынтымақтастық пен сыйластықта жұмыс жасауы керек. Бұл ескі басқару стилін жойып, жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұл жерде ең маңыздысы, басқарудың жаңа стилін құру туралы теорияны оқып қана қоймай, оны практикада қолдану. Көп жағдайда ұжымды дұрыс басқару менеджердің қабілетіне, оның адамдармен қарым-қатынас жасай алуына тәуелді болады. Демек, басқаруды үйрену үшін ғылым негіздері мен менедмент өнері қажет. Кезкелген менеджер өзінің тәжірибесіне сүйене отырып басқарады.
АҚШ-тың Нью-Йорк университетінде жоғары білімді басқару саласында философия доқторлары мен білім докторларын, жоғары білім берудегі студенттік қызметкерлерді басқару саласында өнер магистрлерін даярлайды. Оқытуды ұйымдастырудың практикалық-бағытталған бағыты білім алушылардың жаңа тәжірибені өз бетінше меңгеру, өз қызметін талдау, нақты кәсіби қызметке жақындатылған, ересек адамдарды оқыту уәждемесінің ерекшеліктерін ескеретін, оқу-танымдық іс-әрекетті қарым-қатынас және ойынмен үйлестіруге мүмкіндік беретін жағдайлар жүйесі ретінде құрылады.
Ұлыбританияда мектеп басқарушыларын даярлауды дамытудың ұлттық орталығында басқарушыларды даярлау бағдарламалары әзірленеді, Германияда мектеп жетекшілерін дайындауды бірқатар ұйымдар жүзеге асырады.
Беларусь Республикасында білім беру менеджерлерін даярлау 2008 жылдан бастап «Білім және ғылым саласындағы инновациялық менеджмент» бағдарламасы бойынша профессор оқытшылар құрамы үшін біліктіліті арттыру курстарында жүзеге асырылады, бағдарлама 36 сағатқа есептелген.
Қазақстанда алғаш рет 1996 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінде, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистранттардың педагогикалық менеджменті бойынша элективті курстар арқылы басқару қызметіне дайындай бастады, ал 2003 жылы «Білім беру саласындағы менеджмент» мамандануы енгізілді. Сонымен қатар, Е.бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, с.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Педагогика кафедрасының жанынан «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша арнайы курстар енгізіліп, магистратура жұмыс істей бастады. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Педагогика және психология кафедрасы әзірлеген ғылыми жобада «Білім берудегі менеджментке педагог-практиктерді даярлау және қайта даярлау технологиясы» тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде білім беру қызметкерлерінің біліктілік сипаттамаларында көрсетіледі.
Білім беру менеджменті саласындағы зерттеулер 2012 жылдан бастап Қазақстанда қарқынды дами бастады. Бұл бағытта "Менеджмент", "Білім берудегі мәдени менеджмент", "Білім беру саласындағы маркетинг" сияқты элективті курстар әзірленді. ҚР-да білім беру менеджментін дамыту үшін 2012-2014 жылдары бірқатар бұйрықтар қабылданып, ғылыми-әдістемелік негіздер құрылды. Бұл нормативтік актілердің негізінде білім беру менеджерлерін даярлау бағдарламалары әзірленді.2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Білім берудегі менеджмент" эксперименттік білім беру бағдарламасы іске қосылды. Магистратура және докторантура бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, Универ жүйесіне енгізілді. Бағдарламалар білім беру мекемелерінде қолданылып, болашақ білім беру менеджерлерінің кәсіби қызметіне негіз болды. Оқу барысында магистранттар мен докторанттар Қазақстан, Ресей, Литва сияқты елдердің ғылыми ортақтастығымен білім алады. Литва педагогикалық университеті мен Санкт-Петербургтағы Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті секілді шетелдік оқу орындарында тағылымдамадан өту ұйымдастырылды. Білім беру саласындағы менеджментті дамыту үшін бірнеше академиялық оқулар мен дөңгелек үстелдер өткізілді."Білім беру менеджменті" бағдарламасы арқылы даярланған мамандар білім беру мекемелерінде және басқару органдарында қызмет етеді. Оқыту бағдарламасы аясында стратегиялық, кадрлық, қаржылық және инновациялық менеджменттің барлық аспектілері қарастырылады. Білім беру ұйымдарында тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін заманауи талаптарға сай модельдер мен әдістемелік нұсқаулар дайындалды.Оқу бағдарламаларын дайындауға Қазақстан, Ресей және Литва ғалымдары белсене атсалысып, білім берудегі менеджменттің дамуына қатысты түрлі аспектілер бойынша дәрістер оқыды. Олардың қатарында ҚазҰУ-дан К.Н. Нарибаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰПУ-дан Ш.Т. Таубаева, Литвадан В. Торгамадзе және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің ғалымдары болды.Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология кафедрасында білім беру менеджерлерін даярлау жұмыстары жалғасуда. Бұл бағдарламалар онлайн форматта да тиімді түрде жүзеге асырылуда, сабақтар, консультациялар және емтихандар қашықтан өткізіледі. Сонымен қатар, білім беруді цифрландыруға байланысты жаңа оқу материалдары мен презентациялар әзірленуде.Инновациялық тәсілдер білім беру саласындағы өзгерістерді жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Бұл әдістер оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді әрі нәтижелі етудің негізі болып табылады. Жаңа міндеттерді орындау барысында білім беру менеджерлерінің құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған оқу құралдары мен оқу-әдістемелік материалдар әзірленді. Жаһандану жағдайында білім беру жүйесін басқарудың негізгі бағыттары стратегиялық, кадрлық, қаржылық және инновациялық менеджмент сияқты салаларды қамтиды.
Қорытындылай келе, "Білім беру менеджменті" бағдарламасы қазіргі заманның талаптарына сәйкес жасалған және Қазақстанда білім беру менеджерлерін сапалы даярлауға үлкен үлес қосуда.