Алынған зат туралы мәлімет (Ведомость) 02.01-02.02.2009 жыл аралығында мектепте «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясының ұйымдастыруымен, төмендегі жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, оны оқушылар мен ата-аналары, қамқоршылары алғандығы жөнінде мәлімет.
Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорынан көмек көрсету туралы Мектеп 9-11 жыл аралығында баланың белсенді қызметінің орны болып табылады .Бұдан арғы өмірге денсаулық қалыптасатын бала ағзасы қарқынды дамуының негізгі кезеңдері балалық шақтың аса маңызды әлеуметтік кезеңі –орта білім алумен тұстас келеді. Бұл кезде оқушылардың денсаулығы әлеуметтік-гигеналық, экологиялық және өзге де факторлардың үлкен кешені ықпалына ұшырайды.
Көптеген зерттеулер мектептегі оқу жылдарында көру қабілеті мен сымбатының бұзылуы, ас қорыту органдарының аурулары мен орталық жүйке жүйесінің бұзылуы сияқты ауруларға шалдыққан балалардың көбейіп кететіндігін көрсетіп отыр, бұл олардың оқу материалын игеру сапасына және оқушыларды әлеуметтендіруге ықпалын тигізеді. Алуан түрлі қолайсыз әлеуметтік процестер жасөспірімдер арасында ішкіштік және нашақорлық өсу оқиғалары, олардың құқық бұзушылықтар мен ішкі істер жасауының кең таралуына және өсуіне алып келеді.
Қор мектептің күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан аса мұқтаж І-ІІ сынып оқушыларын әлеуметтік қорғау және материалдық қолдау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Білім туралы» заңының 4-бабы 2І- тармақшасын жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметі 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін» бекітті.
Бүгінгі күні біз кең көлемі экономикалық дағдарыстың қиын-қыстау кезеңін бастан кешіріп отырмыз. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыруға кері әсерін тигізетін проблемалардың кейбіреуі мынадай:
оқушылардың жекелеген ата-аналарының жұмыстан айырылуы салдарынан отбасы әлеуметтік жағдайының нашарлауы;
балалардың толыққанды тамақпен қамтамасыз етілуі;
өз балаларын тәрбиелеу және дамыту және дамыту мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөлетін жайсыз отбастарының айтарлықтай жоғары пайызы және т.б.
Мұндай жағдайларда мемлекеттің отбасыларға, соның ішінде өмірлік қиын жағдайларға тап болып отырған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік қолдау көрсету үлкен рөл атқарады. Соңғы он жылдықта республикада балалар құқықтарын қорғауға , оларды қолайсыз факторлардан қорғауға бағытталған және олардың орта білім алуына қалыпты жағдайлар жасау тәртібін белгілейтін бірқатар заңдар мен ережелер қабылданды. Оның ішінде мыналар бар:
Қазақстан Республикасының: «Бала құқықтары туралы»-2002 жылғы 8 тамыздың №345,
Әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына көмек көрсету жұмысы сыныптар бойынша социологиялық карта құрудан басталады. «Тәуекел топтарының» оқушылары , мәселелері қиын және ата-аналары толық емес отбасыларының, көп балалы және аз қамтылған отбасыларының созылмалы аурумен ауыратын балалар, қамқорлыққа алынған, үйде оқытылатын балалардың тізімдері сынып жетекшілері, психолог, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитеті, әкімшілік мүшелерінің қатысуларыман жасалады.
Әлеуметтік қорғалмаған оқушылар және аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген құралдарды жұмсау тәртібін жоғарыда аталған ережелер белгілейді.