І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


-9 сынып оқушыларының кәсібіи өзіндік анықтауын



бет67/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

8-9 сынып оқушыларының кәсібіи өзіндік анықтауын
жобалау

Сынып оқушыларының бойындағы танымдылығын, қабілетін және белгілі бір кәсіпке деген қызығушылығын анықтау мақсатында сынып жетекші мен әлеуметтік педагог төмендегідей тренинг-сабақтарын тәрбие сағаттарында өткізуге болады.


Тақырыбы: Өмірдің мақсаты.
Мақсаты: оқушыларды өз өміріне мақсат қоя білуге үйрету. Өз мақсатын табуға көмектесу. Кәсіби өзіндік анықталуы мәселесі бойынша толық түсінігін қалыптастыру.
Сабақ барысы.

  1. Ситуацияға ену.

  2. Жаттығу: «Күнделік».

Әр оқушы өзінің жұмыс дәптеріне сағаттың циферблаты сияқты шеңбер сызады. Сағаттың әрбір тіліне топтағы оқушылармен кездесу ұйымдастырады. Әрбір санның қасына кіммен кездесетінін белгілеп, сол адамның есімін жазады. Барлығы 12 кездесуді ұйымдастыруы қажет, себебі циферблатта 12 сан берілген. Жүргізуші кез келген бір уақытты көрсеткенде, кездесетін адамын айтуы керек. Содан соң жүргізуші әңгімелесетін тақырыпты жариялайды, қатысушылар тапсырылған тақырып бойынша ақпараттармен алмасады. Әр әңгімеге 2-3 минут беріледі.

  1. Нәтижелерді талдау. Естеріңізде не қалды, не қызық болды және т.б.

  2. Жаттығу «Мақсат ағашы». Әр оқушы жұмыс дәптеріне мақсат ағашын салып, оған өзінің мақсаттарын жазады. Өзінің барлық мақсатын ағаштың түбіне, тамырана, бұтақтарына, жапырақтарына, жемісіне, т.б. орналастырады.

  3. Нәтижесін талдау.

  4. Үй тапсырмасы. Шығарма: «Менің өмірдегі мақсатым». Шығарма көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Өзінің өмірлік мақсаты жайлы баяндайды.

  5. Кері байланыс.

Ой толғау: «Бүгінгі күн мен үшін неге және қаншалықты маңызды?», «Мен не нәрсе үйрендім?»
Қосымша:
Талданатын тақырыптар:

    • Менің сүйікті әдеби кейіпкерім.

    • Менің ең сүйікті әншім.

    • Балалық шақтан қалған естелік.

    • 1-сыныпта кім болғың келіп еді?

    • Менің өмірдегі ең бақытты күн.

    • Өмір маған несімен қызықты?

    • 5 жылдан кейін немен айналысамын?

    • Мен қай жануарға ұқсаспын.

Тақырып. Менің өмірдегі жетістігім.
Мақсаты: оқушының өмірлік жетістікке деген өзінің жеке пікірі мен қатынасын анықтау. Оған жету тәсілдерін ұйғару.
Сабақ барысы.

  1. Ситуацияға ену. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. «Жетістікке жеткен адам, сәтті өмір»; Табысты адам деп қандай адамды атауға болады? деген тақырыптарда пікір-талас жүргізу;

  3. Жаттығу: «Сәтті өмір дегеніміз не?».

а) Балаларға жетістік, табыстылықтың 16 түрі беріледі. Міндеті – «жетістік» ұғымына байланысты өздерінің жеке ойларын жеткізу. «Жеке шешім» деген бағанаға нәтижелерін жазу.
ә) Кіші топтарды пікір-талас арқылы өмірдегі жетістік нұсқаларын топтарстырып, топтық шешімді келесі бағанаға жинастыру.
б) Осы рет бойынша жетістікке жету тәсілдерін талдау.
4) Нәтижені талдау.
5) Кері байланыс. «Жетістікке жету» мәселесі бойынша сауалнамаларды толтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет