Тақырып 7 . ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Франция.
Дәрістің жоспары: Бурбондар монархиясының қалпына келтірілуі. Хартия.
Екінші империя. 1852 ж. конституция. Республиканың жариялануы.
Үшінші республика. Самарқау республикандықтар, радикалдар, олардың саясаттары.
Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:
Первый Интернационал и Парижская Коммуна: Документы и материалы. М., 1972
Фош Ф. Воспоминания (война 1914-1918 гг). М., 1939
Франция: Из истории европейского парламентаризма. М., 2000
Желубовская Э.А. Крушение Второй империи и возникновение Третьей республики во Франции. М., 1956
Жорес Ж. Франко-прусская война // Тома А. Вторая империя. СПб., 1908
Тарле Е.В. Талейран // Тарле Е.В. соч.: в 12 т. М., 1957-1962. т.11
ХҮІ Людовик өлтірілгенінен кейін ХҮІІ Людовик аталған оның ұлы сәби жаста болғаннан тұста, эмиграцияда жүріп –ақ ХҮІІІ Людовик атанған граф Прованский 1814 жылдың 24 сәуірінде Калеге келіп түседі. Осыдан кейін Сенат делегеациясымен келіссөз барысында Бурбондар және жаңа Франция өкілдерімен компромисс жасалынады. Осыған сай король құдайылық құқықтар күшінде патшалық құрады да, бодандарына өзінің билігін шектеп отыратын Хартияны ұсынады. Конституциялық Хартия британдық мекемелердің заңдарымен, 1791 жылғы француз Конституциясының көшірмесі ретінде болады да, монархтың құқығы қасиетті және ешкім қол сұқпайтын деп жариялайды. Өзіне билікті қайта қайтарып алу мақсатында Эльба аралын тастап, 1815 жылдың 1- наурызында Францияның оң жағалауына келіп жетеді. «Отандары мен бостандықты» тағы да қорғауға дайын француздар Наполеоннан осы жолы өзін деспот емес, революциялық генерал ретінде үміт күтеді. Наполеонның әскеріне жетінші коалиция әскері Нидерландыдағы оған таяу Ватерлоо елді мекенінде, 1815 жылдың 18 маусымында соққы береді. Шайқаста жеңіліс тапқан Наполеон екінші рет тақтан аласталуға мәжбүр болады да, ағылшындарға тұтынға беріледі, одақтастардың шешімі бойынша ол жаңа айдау орыны Атлант мұхитындағы Қасиетті Елена (1821 жылы өзі қайтыс болған) аралына жер аударылады. 1824 жылы ХҮІІІ Людовик қайтыс болады да, тәжді Х Карл есімін алған, оның ағасы граф д’ Артуа мұралайды. Жаңа король алдыңғысын қарама-қарсы тұлғасы болады да, ХҮІІІ Людовикті тақты қайтарып алу жолында шеттен тыс саяси жеңілдіктерге барды деп есептей, шын мәнінде ультра роялистердің партиясына жетекшілік етеді. 1829 жылдың тамызының өзінде Х Карлдың абсолютизмді қалпына келтіруге міндеттелген үкіметті тағайындауы, бұл дағдарыстың шиеленісуін өршітеді. 1830 жылдың 2-тамызында Х Карл өзінің сәби жастағы немересінің (болашақ граф Шамбор) пайдасына тәжден қол үзеді. Алайда депутаттар палатасы 7-тамызда тәжді вакантты деп жариялайды да, оны тақтан түсірілген әулеттің кіші тармағының басшысы герцог Луи Филипп Орлеанскийге ұсынады. 1830 жылдың 9-тамызында герцог Орлаенский конституцияны құрметтеуге уәде етеді де Луи Филипп есімімен француз королінің титулын иеленеді. Шілде монархиясы республикандық оппозициямен ғана емес, сондай-ақ тақтан аластатынғандардың жақтаушылары легитимисттер және бонапартисттермен де күресуге мәжбүр болады. Франциядағы өнеркәсіп революциясы жүзжылдықтар тоғысында басталып, француздық негізде баяу көндігіумен қалыптасады. 1848 жылдың 1-қантарында Париждегі ірі банкеттердің бірінде ұзақ айларға созылған сайлау реформаларын қолдауға байланысты оппозициялық компания аяқталуы тиісті еді. 24 – ақпандағы бас қосу барысында Шілде монархиясы жылдары пайда болған республикалық оппозицияның екі бағыты «Насьональ» газетінің төңірегіндегі республикашылар және көзқарастары «Реформ» газеті бетінде сипатталған әлеуметтік демократтарды бітімдестірген Уақытша үкімет құрылады. 23-24 сәуір аралығында Құрылтай жиналысына сайлау өтеді. Құрылтай жиналысына қосымша сайлау барысында депутат болып, монархист І Наполеонның немере інісі, император тағына үміткер принц Луи-Наполеон Бонапарт депутат болып сайланады. Елдегі жаңа Конституция Францияның конституциялық мен АҚШ-тың Конституциясы дәстүрлерінен бастау ала қабылданады. Франциялық дәстүрге сай Франция «тұтас және бірліктегі» республика болып жарияланады. АҚШ тәжірибесімен атқарушы билікті ұйымдастыру жүзеге асты. Франция «өзінің Вашингтонын» қажет ететіндігін баса айтады. Құрылтай жиналысы президенттік сайлауды 1848 жылдың 10-желтоқсанына белгілейді. Атқарушы билікті осы уақытқа дейін иеленіп отырған Кавеньякпен қатар бұл орынға Ламартин және Ледрю-Роллендердің және принц Луи-Наполеон Бонапарт бақталасады. Көпшіліктің таңданысына сай, сайлауға қатысқандардың төртен үш бөлігінің дауысына ие болған Бонапартқа жеңіс бұйырады. 1849 жылдың қыркүйегінде Бонапарттың жақтастары президент сайлануы болған күн атауымен «10 - желтоқсан қоғамын» құрады. 1852 жылдың 14-қантарында президенттің өкілеттілігін 10 жылдық мерзімге ұзартқан жаңа Конституиця жарияланады. Осылайша тарихтағы демократиялық тұрпаттағы ІІ Республика авторитарлы жүйемен алмастырылады. 1852 жылдың 21-22 қарашасы күндері плебисцитте империяның қалпына келтіргені және ІІІ Наполеон есімімен Луи-Наполеон Бонапартты «француз императоры» етіп жариялау мақұлданады. Екінші империяның аяғына таман елде ірі өнеркәсіп дамып, өнеркәсіп төңкерісі аяқталады. Германияның бірігу процесін тоқтату мен тәжді нығайтып алуды мақсат еткен ІІІ Наполеон 1870 жылдың 19 шілдесінде Пруссияға соғыс жариялайды. 1871 жылдың 10-мамырында Майнадағы Франкфуртте Германиямен оған Эльзас пен Лотарингияны біржолата берген, және 5 млрд франк контрибуцияны белгілеген бейбітшілік туралы бітімге қол қойылады.
Тьер 1871 жылғы 31-тамыздағы сайлауда ел басшылығына –»республика президенттігіне» сайланады. Алғашқы айларда Тьер Париж коммунасы мен франко-прусс соғысының салдарын жоюға назар аударады. Бұл ІІІ республика Франция тарихындағы ең ұзақ, яғни ІІ-дүние жүзілік соғысқа дейінгі уақытта 60 жылдай өмір сүрген республика болып тарихқа енеді.