Тақырып 9 . ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы АҚШ. Дәрістің жоспары:
Батыстағы фермерлік шаруашылық. Оңтүстіктегі плантациялық және құл иеленушілік шаруашылық.
Азамат соғысы жылдарындағы әлеуметтік күштердің қақтығысы.
Екі партиялық жүйе. Республикандық және демократиялық президенттілік.
«АҚШ-тың әлемдегі жетекші қаржы орталығына айнала бастауы.
Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:
История внешней политики и дипломатии США, 1775-1877 / Под ред. Н.Н. Болховитинова. М., 1994.
К столетию Гражданской войны в США: Сб. статей / Под ред. А.В.Ефимова и Л.И.Зубкова М., 1961.
Аллен Дж. С. Реконструкция: Битва за демократию в США, 1865-1875. М., 1963.
Байбакова Л.В. Двухпартийная система США в период “позолоченного века” М., 1996
Носков В.В. Институты власти и внешняя политика США (1901-1913). СПб., 1993
Согрин В.В. Идеология в американской истории: от отцов-основателей до конца ХХ века. М., 1998
Супоницкая И.М. Антиномия американского Юга: свобода и рабство. М., 1998
ХІХ ғасырдың І ж. Құрама Штаттар өнеркәсіптік дамуы жағынан Батыс Еуропадан, әсіресе Ұлыбританиядан артта қалып жатады. Елдің экономикалық дамуына көліктік желістің құрылуы маңызды рөл атқарды. Американдықтармен қатар, иммигранттарда аймақтың батыстағы бос жатқан жерлеріне орналасып, тауар өндірісін, айырбас жүйесін құрды және келісім жасау ісін негіздеді. Мыңшақырымдық қашықтықтар, жықпыл ормандар мен алқаптар іскерлік белсенділік қарымына алынды. ХІХ ғ. І ж. Атлант мұжитына құятын жоғарғы өзендерді жалғастыратын канал құрылыстары саналды. Ғасырдың ортасында елде жүздеген кемелер жүзіп жүрді. Темір жол желісі 30-ж., п.б., ал 1860 ж. АҚШ әлемдегі ең ұзын 30 600 миль (1 миль –1,6 км) 1 орын. Темір жолдарға жақын қалаларды жақындастыратын телеграф бағамдары созылады. Негізгі жұмыс күші жаңа құрылыстарға жұмылдырылдаы. Құрама Штаттар негізінен батысқа қарай өсті. Бірінен соң бірі болып бос территорияларға қоныстана бастағандар кейіндері тең штататар сипатында одаққа кіре бастайды. 1861 ж. АҚШ картасында Шығысы мен Батысында 40 штат п.б. Ғасырдың ортасында мекендердің шекарасы Тынық мұхитына дейін жетіп, 1867 ж. Алясканы Ресейден сатып алғаннан кейін ел бүгінгі келбетіне сай қалыптаса бастайды. Құрлықты отарлай отырып, әртүрлі амалдармен АҚШ Франция, Испания, Мексика секілді мемлекеттердің иеліктерін иеленеді. Оңтүстіктің құл иленуші штаттары плантатор-құл иленуші билік ететін өзгеше әлемді сипаттады. ХІХ ғасырдың басындағы белсенді қарқын алған АҚШ-тың сыртқы саясаты екі бағытта – Солтүстіктің сауда буржуазиясының және Оңтүстік плантаторларының мүддесінде жүргізіледі. Алғашқылары бейтарап ел жалауының астында еркін теңіз саудасы құқығын халықаралық мойындатуға, ал екіншілері - оңтүстік-батыс бағытына тән территориялық экспансияға қол жеткізеді. Испанияның бүкіл Оңтүстік Америкадағы отарын тартып алғаннан кейін, АҚШ 1823 ж. атақты Монро доктринасын жариялай, бүтін Батыс жарты шар тағдырына өзінің жауаптылық миссиясын орындауға кіріседі. Ел басшысының есімімен аталған доктринаның мәні –еуропалық державалардың кез-келген латынамерикандық оқиғаларға және жалпы Американдық құрлық ісіне араласуына АҚШ-тың қарсы тұратындығын айқындады. Монро доктринасына сәйкес АҚШ үкіметі Еуропа елдерін олардың осы аумақтағы кез-келген отарлау амалдарынан бас тартуларын ескертті. Осы уақытта еуропалық аймақтан аса қауіп сезілмесе де, АҚШ планетаның осы бөлігіндегі саяси лидерлікке үміткер ретінде жігерленді. Жалпы Латын Америкасы елдеріндегі тәуелсіздік үшін күресін қолдап отырған АҚШ өзінің жақын көршісі Мексикамен соғыс отын тұтандырды. Нәтижесінде Мексика Техастан ғана емес, Калифорниядан, Аризона мен Жаңа Мексикадан, өзінің жарты территориясынан айырылады. Еуропалық державалар, әсіресе Англия Құрама Штаттардың әрекетіне наразы болғанына қарамастан, өздерінің Шығыстағы отарлау саясатынан қолдары тимегендіктен, Америкадағы оқиғаларға аса назар аудармады. 1869-1890 жж. АҚШ алғашқы амеркиандық республикалардың Одағын құрды. Нәтижесінде өзара экономикалық ақпарат алмасу мен коммерциялық бюроның жұмыс істеуіне жағдай жасаған және 1910ж. қайта құрылған «Панамерикандық Одақ» пайда болады. Қытайға ықпал ету, оған ену мақсатындағы әрекеттері 1884 ж. тірек нүктені қажетсінуден Гакваяда-Перл –Харборда -әскери-теңғіз базасын орнату мүмкіндігін алды. Куба тәуелсіздігін Испаниядан талап ету әрекеті, испандлықтардың 23-сәуірде оларға қарсы соғыс жариялауымен ұласты. Испан-американ соғысы. АҚШ-тан жеңіліс тапқан Испания 10-жетоқсандағы бітімге келуге мәжбүр болады. Американ республикасының саяси өмірі кез-келген кандидаттың биліктің сайланбалы органдарына платформаларымен нақты саяси топтардан өтуге мүмкіндік беретін екі партиялық жүйенің қалыптасуымен сипатталды. Д. Вашингтонның абыройын аса пайдаланған федералистердің ықпалдығының кеми бастаған тұсында басталған Джефферсонның президенттік билігі ел өміріне демократиялық бастамалар ала келді. 1828 ж. дейін АҚШ саяси өмірінде бір партия -ұлттық республандықтар партиясы билік құрды. АҚШ президенті Эндрю Джексон (1829-1837) халық еркіндігін насихаттайтын және демократия үшін күрескер ретінде сайлаушыларын өзіне біргей көзқарасқа келтіріп алады. Джексон жаңадан құрылған Демократиялық партияны (қазіргі партияның негізін) басқарды. Солтүстік және оңтүстік штаттар арасында тұтанған Азамат соғысы елдің ішкі өміріндегі екі қоғамдық жүйенің арасындағы қашып құтылуы мүмкін емес жағдай болды. Плантаторлардың экономикалық және саяси мүддесін жалпы анықтаған құлдық мәселесі осы қақтығыстың негізін құрады. Соғыстың нәтижесі: солтүстіктің жеңісінен кейін - Оңтүстіктің соғыстан кейінгі реконструкция мәселесі күрделі болады. АҚШ—конституциясына 13-өзгертудің енгізуімен елде құлдық мәңгілікке жойылады.Маңыздылығы: Солтүстіктің Оңтүстікпен соғысы негрлердің құқығын реттеу үшін ғана емес, сондай-ақ әскери бүлік пен алдынғы конституциялық негіздегі мемлекеттік бірлікті қалпына келтіру болатын. құлдықтың жойылуы-жаңа жұмыс күші нарығын қалыптастырды.
ХІХ ғасырдың аяғында жеңімпаз республикалық партия –Шығыстың ірі буржуазиясы мүддесін сипаттаған партияға айналды.
Ал, демократиялық партия болса, Оңтүстіктің жаңа буржуазиясы мен ірі фермерлердің, плантаторлардың, ауыл шаруашлығымен айналысушы Солтүстіктегілердің мүддесін қорғады. Президенттер: республикандықтар: Р.Хейс (1877-1881); Д.Гарфилд (1881), Ч.Артур (1881-1885), Б.Гаррисон (1889-1893) және демократ Г.Кливенд (1885-1889,1893-1897).
Жұмысшы ұйымы –1869 ж. құпия жағдайда құрылған-Еңбек рыцарларының ордені. Т.Рузвельттің «үлкен шоқпар» саясаты – реформалық қозғалыстар. 1901 ж. республикандық Маккинлиді өлтіргеннен кейін вице-презиент ретінде оның билікте орынын басқан. Ол-жемқорлықпен, трестер мен момнполиямен, сапасыз өнім өндірушілермен күресті. Жерді иригациялау саясатын жүргізді. (Арасында У.Тафт келеді-1909 ж). 1911 ж. оны тағы да Т.Рузвельт алмастырады. Демократтардың -жаңа еріктілік, жаңа демократия ұранын. 1916 жылғы президенттік сайлау және В.Вильсонның президенттік бағдарламасы. Мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы. АҚШ-тың әлемдегі жетекші қаржы орталығына айнала бастауы.