І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі



бет8/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Италия бойынша әдебиет

  1. Объединение Италии в оценке русских современников. Сб. документов. М., 1961

  2. Гарибальди Дж. Мемуары. М., 1966

  3. Кирова К.Э. Жизнь Джузеппе Мадзини (1805-1872). М., 1957

  4. Ковальская М. Италия в борьбе за национальную независимость и единство. М., 1981

  5. Серова О.В. Горчаков, Кавур и объединение Италии. М., 1997

  6. Из истории европейского парламентаризма: Италия / Под.ред. С.П.Пожарской М.,1997

  7. Кин Ц.И. Италия на рубеже веков. Из истории общественно-политической мысли. М., 1980



1815 жылдың 8-маусымында Вена конгресінің актісі бойынша герман ұлтының Қасиетті Рим империясының орынына Герман Одағының құрылғаны белгілі. Одаққа 35 ерікті монархия мен 4-ерікті қала-Гамбург, Бремен, Любек және Майнадағы Франкфурт кірді. Майнадағы Франкфуртте өз отырысын өткізетін Одақтың өкілетті орган –бундестаг- мемлекеттердің өкілетті өкілдерінен тұрды да, үнемі Австриялық өкілдің төрағалығымен жұмыс жүргізген ол мықты бірлестік тұрпатында болмады. 1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар шапшаң дами бастайды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық, юнкерлік сипатқа жылдам алмасып, мұнда жерсіз батрактар мен жер үлесі аз шаруалар еңбегін пайдалану жүзеге асады. Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуіне маңызды қадам 1834 жылғы Пруссияның ұсынысымен жасалған Неміс кедендік одағы ықпалы артты. 1848 жылдың 29 ақпанында Франциямен шекаралас Ұлы Баден герцогтігінің Мангейм елді мекенінде либералдар мен радикалдар парламентке петиция әзірлейді. Германиядағы революциялық қозғалыс -»март революциясы» деген атау алады. Революция барысында түзілген жалпы германдық парламент құру қозғалысы 1848 жылдың сәуір-мамыр айларында қарқын алып, Ұлттық жиналысқа сайлау өткізуді тездетеді. Осы тұрпаттағы парламент депутаттары уақытша имперлік басқарушылыққа австриялық эрцгерцог Иоганнды сайлайды. Парлменттің жаңа құрамының негізгі мәселесі имперлік конституция ұзақ уақыт талқыланды. Жаңа Герман мемлекетінің болашақ құрылымы жөніндегі -»ұлыгермандық» (Австрияның қатысуымен) немесе «кіші германдық» (Австрияның қатысуынсыз) мәселелер кеңінен пікірталас тудырады. АҚШ –тың тәуелсіздік және француздық азаматтық құқық жөніндегі Декларацияға ұқсас үлгідегі «неміс халқының негізгі құқықтарында» мақұлданып, 1849 жылдың 28-наурзында парламент қабылдаған имперлік конституцияға сәйкес, неміс тарихында тұңғыш реті азаматтардың толық құқықтары жарияланады. Алайда австриялықтармен жаңа соғысы отының тұтанып кету қәуіпінен қорыққан прусс королі бұл франкфурт парламенті конституциясын қабылдаудан бас тартады. Жаңа либералдардың ұлттық бірігу жолындағы күресі Пруссиядағы «жаңа дәуір» деген атауға ие болады. 1858 жылдың қазанында корольдің науқастануына байланысты тақ мұрагері, Вильгельм король-ағасының орынына Пруссияның принц-регенті міндетіне отырысымен жаңа консервативті-либералдар кабинетін жабықтап, бұрынғы ел ұстанымынан толық бас тартатынын мәлімдей, уақыт сұранысына сай әрекет ету керектігіне күресуге шақырады. Германияның ұлттық бірігуі халықаралық мәселеге айналады. Герман жерлерінде жаппай ұлттық қозғалыс қарқынын жоғалтпайды. 1860-1861 жылдардағы мемлекеттік дағдарыстың орын алуына әкеліп соқтырады. Бұдан шығу жолында принц-регент король Отто фон Бисмаркқа арқа сүйейді. Оны президент-министр етіп сайлағаннан кейінгі, Бисмарктың мәлімдемесінде, прусс либерализмінің жалынды сөздерімен және жарлықтарымен ұлы мәселелер шешілмейді, - бұл 1848-1849 жж. буржуазиялық революцияның басты қателіг болды, ал мұндай мәселелер қан мен темірдің күшімен ғана шешіледі дейді. Алайда ұлттық мәселе шешімін таппаған күйде қалған тұста, Бисмарк оның шешімін дипломатия және соғыс жолдары арқылы табудың амалынан қарастырады. Шлезвиг және Гольштейн неміс герцогтері үшін 1864 жылы Данияға қарсы соғыс жариялайды. Пруссия мен Австрия арасындағы қатынастың шиеленісті жағдайда болғанына қарамастан, бұл соғысқа екі мемлекет бірлесе кіріседі. 1866 жылдың ақпанында Бисмарк прусс корольдігінен Австрияға қарсы соғыс ашуға дайындық жүргізуге келісім алады. 1866 жылдың 23-тамызында Австрия Герман одағының тарауына келісім береді, өзінің қатысуынсыз прусстықтардың жетекшілігінде құрылатын Солтүстік герман одағының шекараларына қатысты өзгерістерді мойындауға және соғыс шығындарын өтеуге мәжбүр болады. Бұл жағдайлар Бисмаркқа елдегі конституциялық дағдарысты аяқтауға мүмкіндік тудырады. Герман бірлігінің маңызды қадамы болған 1866 соғыстан кейін құрылған Солтүстік Герман Одағы 21 неміс мемлекетінің бірлігін сипаттады. Протестанттық дін үстем болды. 1867 жылдың сәуірінде одақтың конституциясы қабылданды. 1870 жылдың мамырында Франция мен Пруссия арасында дипломатиялық қақығыс орын алады. Испан үкіметі прусс королінің туысқан неміс принці Леопольд Гогенцолерн –Зигмариненге испан тағын иеленуді ұсынады. Осы тұста немістердің еуропа құрылығында күшейіп кетуінен қауіптенген Франция 1870 жылдың 19- шілдесінде Пруссияға қарсы соғыс жариялайды. 1871 жылдың 18 қантарында Версальда Герман империясы және прусс королі Вильгельм герман императоры болып жарияланады. Франкфуркт бітімінің шешімдеріне сәйкес Эльзас пен Лотарингия Германияға беріледі. 1871 жылдың сәуіріндегі империяның конституциясына сәйкес біріккен Германияда прусс гегемондығы уағыздады. Империя 22 монархияның одағын сипаттады. Император (кайзер) тағына тек прусс королі ғана отыра алды. Император имперлік ведомстволар мен басқармаларға бағынатын атқарушы биліктің басшысы –имперлік канцлерді сайлады. Елдегі жоғарғы өкілетті орган мекемелері болып Одақтық кеңес (бундесрат) және рейхстаг есептелді. Герман империясының бірінші канцлері ретінде Бисмарк кез-келген оппозицияны жек көрді. Өзінің саяси айла –амалымен арбап ұстайтын билік етуші тобының ортасында «темір канцлер» деген атақ алды. Өз күшін танытуда дипломатияны таңдап алған ол, милитаризмге бет бұрды.
1804 жылы І Франц өзінің мемлекетіне Австрия империясы деген атау береді. Тәжі төрт ғасыр көлемінде Габсбург әулеті өкілдеріне тиесілі болып келген герман ұлтының Қасиетті рим империясы өзінің өмір сүруін тоқтатты (1806). Наполеон дәуірінде жүзеге асқан Еуропадағы территориялық өзгерістер Австрияны да шарпып өтеді. 1814-1815 жж. бірқатар айлар көлемінде Габсбургтер астанасы ірілі, кішілі еуропалық мемлекеттердің жоғарғы рангілі саясаткерлерінің кездесу орынына айналады. Вена дебаттарында төрағалық еткен сыртқы істер министрі Клеменс Меттерних Вена конгресінен кейін өзінің саяси ұпайын түгендей, кейіннен канцлер қызметімен, князь титулын иеленуге мүмкіндік алады. Меттерних конгресс барысында Габсбург әулетіне табысты қамтамасыз ете отырып, оларға Еуропадағы қауіпсіздік жағдады және құрлықтағы отарлық бөлікке Ресейдің ықпалдылығын таратуға кедергі жасай білді. Вена бақылауына Далмация, Истрияның батыс бөлігі, Венеция, бұрынғы Венециан республикасының өзі және көрші италиян провинциясы Ломбардия өтеді. Габсбург тегі өкілдері Тоскан, Парма, Моден тәжілерін иеленді. Австрия Папа облысына және Сицилия корольдіктеріне күшті ықпал етуші мүмкіндікті де иеленді. Нәтижесінде Апенин түбегі Дунай монархиясының қосалқы бөлігіне айналады. Болашақ неміс мемлекеттілігі жөніндегі саяси көзқарас Австрияда да жікке бөлінеді. Меттернихке Вена конгресі барысында мығым одақ құруға мүмкіндік тудырмаудың сәті түседі де, соның нәтижесінде босаң конфедерация –Герман Одағы құрылады. Одақ Еуропадағы барлық неміс тілді мемлекеттерді және Асвтрияның таратылған Қасиетті Рим империясына крген бөлігін қамтыды. Астрия Одақтың тұрақты төрағалығы міндетін иеленді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысы көлемінде Австиряның мемлекеттік өмірінде жетекші тұлға император І Франц болды. Австрия империясының ХІХ ғасырдағы өрлей түскен еуропа елдері арасындағы мәртебесі оның экономикалық потенциалының өрлеуіне әсер етпеді. Керісінше, өнеркәсіп төңкерісіне аяқ басқан құрлықтағы алдыңғы қатарлы еуропа елдеріне қарағанда Австрияның қалыс қалуы орын алады. Ауқымды империядағы көп ұлтты халықтардың саяси және рухани езгіге ұрынуы негізінен император І Фердинанд (1835-1848) тұсында ең күшті билікпен ықпалдылыққа ие болған Меттернихтің әрекеттеріне тікелей байланысты болды. Езілген халықтарды басқарудың «бөлшекте де билей бер» принципі ұсталынды. Осыған қарамастан, баяуда болса капитализмге өтудің алғышарттарын қалыптастырған жаңа өндірістік күштердің дамуы, Австриядағы ескі тәртіптің іргесін шайқалтты. 30-40 жж. біршама дамыған провинциялар – Төменгі Австрия мен Чехияда өнеркәсіп революциясы дамиды. 1816 жылы Брнодағы орамал фабрикасында тұңғыш рет Англияда әзірленген бу машинасы қолданысқа енеді. Осы уақытта көмірді өндіру 4 есееге, шойын балқыту –2 есеге өседі. 1830 жылы империяда Венаны Венгриядағы Пештпен байланыстыратын тұрақты кеме бағыты ашылады. Экономикалық өрлеу венгр тәжіне қарасты аймақтар да, сондай-ақ Трансильвания мен Словакия аудандарында біршама дамиды. Париждегі революция ықпалы Вена, Чехия, Венгрия және италияндық провинцияларда да қолдау көрсетумен әсерлене түседі. Революция барысында құрылған үкіметтерде әртүрлі ұлттық топтардың қатысуымен федеральды заң шығару органын құру және ұлттық теңдік сипатталған конституция жобасы даярланса, бұл құжат ешқашан күшіне енбейді. Кейінірек даяр болған тұтас имперлік конституция да күшіне енбеді. 1848-1867 жж. неоабсолютизм жүйесі. Империяның революциямен есеп айырысқанынан кейін елде, ірі буржуазия мен монархияның және ірі жер иелерінің одағын сипаттайтын мәндегі неоабсолютизм аталған жүйе қалыптасады. Елдегі жалпы билікті 1852 жылы қайтыс болғанына дейін князь Феликс Шварценберг иеленеді. Осыдан кейін ғана тұтас билік император Франц Иосифтің еркіне түседі. Неміс тілде сөйлемейтін империяның барлық халықтарын германдандыру саясаты жүргізіледі. Чех патриоттар қозғалысы басылып, венгрлер келісімпазданады. 1850 жылы Венгрия Австриямен тұтас кедендік одаққа өтеді. Территориялық және мәртебелік жағдайдан айырылу Австрия мен Венгрия арасындағы қатынастың жаңа түріне сұраныс туыдырады. Бірлескен парламент құруды қарастырған конституцияның әртүрлі жобалары венгрлердің қатысуынсыз даярланды. 1860- 1861 жж. Австрияның «Қазан дипломы» және «Ақпан патенті» деген атпен белгілі болған бұл жобалар либералды буржуазияны қанағаттандыру үшін тіптен самарқау болады. Оға шапшаң наразылық Венгрияда да орын алады. Саясаткер Ференц Деак жетекшілігіндегі венгр дворяндарының наразылығына сай, австро-прусс соғысынан кейін Германиядан біржолата ажыраған Австрия, Деак жобасындағыдай венгр оппозициясының ұсынысымен келісуге мәжбүр болады. Ақыр аяғында, 1867 жылы атақты компромисс (Ausgleіch) әзір болады. 1804 жария болған империя, екі бірліктегі дуалистік немесе екі орталықты Австро-Венгрия империясы болып қайта құрылады. Австро-венгрлік дуализмді австро - чехтік - венгрлік триализммен алмастыру, Венгрия ие болған статусты талап етеді. Галициядағы поляктар өздерін толық қанағаттандыратындай автономияға ие болады. Бұл провинция Польшаның ресейлік және прусстық-германдық бөліктеріндегі поляк патроиттарының қызығушылық аймағына айналады. Оңтүстік славяндар (словендер, хорваттар, сербтер) саны 1908 жылы Австро-Венгрия бұрынғы түрік провинциялары Босния мен Герцеговинаны аннекциялағаннан кейін көбейе түседі. Австрияның оңтүстік славяндары өздерінің көзқарастарымен өзгешеленеді. Олардың арасында Сербия корольдігімен бірігуге талпыныс, өмір сүріп отырған жағдайға көну, немесе Габсбург монархиясының ауқымында оңтүстік славян мемлекетін құру секілді әртүрлі ұстанымдар болды. Австрияда неміс шовинизмі өршиді. Оның идеологы Георг фон Шенерер –1882 жылы атақты Пинц бағдарламасымен танылған Неміс ұлттық Одағын құрады. Осы одақта А.Гитлердің белгілі «арийлік баптары» жазылады. Пангермандықтардың нәсілшілдік ұстанымдары мен антисемитизм, австриялық бірқатар демократияшыл үміткерлер арасында жік тудырады. ұлтшылдық ғасыр соңында саяси билікке де сінеді. Саяси партиялар да ұлттық негізде құрыла бастайды.
Наполеон империясының күйреуінен кейінгі Вена конгресі италиян мемлекеттерінің бұрынғы билігін қалпына келтірді. Бұл азғантай өзгерістермен ғана Француз революциясына дейін өмір сүрген саяси жағдайларды қайтып әкеледі. Венециан республика, ешқашан бағынбаған Венеция, енді Ломбардия және Венециан корольдігінің бір бөлігін құрап, Миланда тұрақтаған австриялық вице-корольдің бағыныштылығына енді. Австриялық билікпен Меттернихтің басып алу саясаты ХІХ ғасырдағы италиян ұлтшылдарының басты нысанасы болғанына қарамастан, осы Ломбардия және Венецияда басқа италиян жерлеріндегілерден өзгеше тиімді билік жүйесі қалыптасты. Кейбір жерлерде бұрынғы билеушілер өз тәждерін қайтарып алуларына қарамастан, жалпы барлық аумақтарда олардың артында Австрия икемді күш ретінде тұрды. Габсбургтар әулеті мүшелері Тосканда және шағын герцогтықтар-Парма мен Моденде билік етті. Папа өзінің иелігін Папа облысында қалпына келтіріп және өзінің эмиссарларын Болония мен Феррара қалаларында тағайындайды. Оңтүстікте Неаполь мен Сицилия билікке қайта оралған Бурбондар басқаруындағы монархияға біріктіріліп, Екі Сицилияның Корольдігі деген жаңа атауға ие болды. Пьемонт (Сардин корольдігі) біршама шынай автономияға ие болады. Савой әулетінің иелігі бұрынғы Генуэз республикасының есебінен кеңиді. Алайда пьемонттық билеушілер революция қауіпінен қорқыныш көргендіктен, Австрияны өзінің негізгі одақтасы санады. ХІХ ғасырдың І-жартысы Италияда – Рисорджименто, яғни ұлттық сана-сезімнің ояну деген атау алады. Италияндықтар автсриялық бодандықтан азат болуды ғана емес, сондай-ақ ұлттық бірлікке қол жеткізу қажеттігін жақсы сезінеді. 1815 жылғы Реставрацияның италияндықтар үшін аурытпашылығы Австриямен, папалық және италиян мемлекеттері билеушіілерінің келісімді Француз революциясы мен Наполеон империясына қатысты кез –келген еркін ой-пікірді қудалау әрекеті болатын. Мәдениет пен өнерге шіркеу бақылауы мен цензурасы күшейген тұста, оған жауап ретінде әдебиет және поэзия оппозициялық ой күшіне айналады. Алессандро Мандзони «Обрученные» шығармасысымен - итальян әдбеи тілінің қалыптасуы; Уго Фосколо мен Джакомо Леопарди поэзиясы. Музыка, оның ішінде опера жанрындағы ұлттық рух Джоаккино Россини, Гаэтано Доницетти және Джузеппе Верди шығамалары арқылы әлемге мәжҺүр болады. 1820 жылғы Неаполь мен 1821 жылғы Пьемонттағы революциялық бас-көтерулер конституциялық басқару жүйесін талап етті. Осы екі жағдайда да Австрия күштеу тәсілін қолданып, олардың талабы австриялық бақылау жойылғаннан кейін жүзеге асатынын көрсетеді. Ірі жер иелері құрған карбонарийлер құпия ұйымы саяси күшке айналады. Реставрация нәтижесінде пайда болған авторитаризм саяси дисседенттердің назар бағдарына айналады. 1833 ж. «Жас Италия» атауымен белгілі болған қозғалысты ұйымдастырады. Мадзини жетекшілігімен қозғалыс Пъемонттағы сәтсіз болған заговордан кейін бас сауғалап жүрген оның қатысушылары арасында Швейцарияда, Франция мен Англияда революция ұйымдастырмақ болады. Алайда, тарихи Отанмен үнемі байланыс жасау арқылы күрес ұйымдастырудың қиындығынан бұл әрекет нәтиже бермейді. Джузеппе Мадзини (1805-1872) алғаш рет саяси реформалармен тәуелсіздік арасындағы ара жікті көре біледі. Ұлттық бірігу мен тәуелсіздіктің озық жоспарын құрайды. Италиян консерваторларының өздері де өмір сүріп отырған итальян мемлекетттерінің нығаю мақсатында өзгерістердің қажет екендігін жете сезінеді. Джоверти ұсынысы, 1846 ж. жаңа папа ІХ Пий сайланған тұста оның өзіне дейінгілерге қарағанда реформалар мен прогреске деген тың көзқарасының арқасында ауқымыд назарға ілігеді. 1843 ж. Пъемонттық священник Винченцо Джоверти папаның жетекшілігімен италиян билеушілерінің тәуелсіз федерациясының құрылуы қажеттілігін ұсынады. 1848 ж. Еуропаның көптеген бөлігін қамтыған революция Италияда Палермодағы бүліктен басталды. Неаполитан үкіметі бірден жеңілдікке барып, шектеулі конституция қабылдау арқылы ары қарайғы ретсіздіктің алдын алуға әрекеттенді. Өзге италиян билеушілері, оның ішінде Папада бар, осы үлгіні қайталайды. Миланда шиеленістің күрделеуі көтеріліске ұласып, австриялық артиллерия жұмысшы кварталын атқылайды.Қан-құйлы әрекетке жауап ретінде халықта қаруланады. Революцияның кульминациялық сәті –1849 ж. ақпанында конституциялық үкіметтің құлауы мен папа ІХ Пийдың қашып кетуінен кейінгі республиканың жариялануы болды. Жаңа құрылымдар австриялық әскер қолбасшысы Йозеф Радецкий әскерінің жаңа шабуылынан кейін тағы да күштеуге ұрынады. Карл Альберттің ұлтшылдар күші Новар түбіндегі шайқаста, 1849 ж. 23-наурызында жеңіледі. Австриялықтар оны ұлы ІІ Виктор Эммануилдың пайдасына тақтан аластатады. Венецияда –Даниел Маниннің басшылығындағы республикалық басқару жүйесі орнайды. Сардинияда-король Карл Альберт ұсынысты өз қолына ала, Австрияға қарсы соғыс жариялайды. Неапольда-король Фердинанд өз жағдайын реттестіре Сицилиядағы және өзге провинциялардағы революцияны басуға кіріседі. Флоренцияда, Рим мен Венецияда –радикалды өзгерістер талабы күшейеді.Наполеон дәуірінде қудаланған ақсүйек әулетінен шыққан пъемонттық граф Камилло Бенсо Кавур (1810-1861). Италияның бірігуі француз-прусс соғысынан кейін ғана мүмкін болады. Прусстықтардың одақтасы ретінде аталмыш соғысқа енген италияндықтар “Римге жорықтың” сәтті аяқталуына, барлық италиян текті мемлекеттерді Римнің маңайына топтастыра отырып, 1848 жылғы Пьемонт конституциясының негізінде бір орталыққа бағынған мемлекеттілікті құруды аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет