І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 3. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыс. Америка Құрама Штаттарының құрылуы



бет2/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тақырып 3. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыс. Америка Құрама Штаттарының құрылуы.


Дәрістің жоспары:

  1. Жаңа Англия. Отарлардың саяси құрылымы.

  2. Әлеуметтік межелену және отарлық кезеңдегі демократиялық қозғалыс. Солтүстік американ ұлтының қалыптасуы.

  3. Тәуелсіздік декларациясы, оның тарихи маңызы. Версаль келісімі және АҚШ тәуелсіздігінің мойындалуы. Конституция.

Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:

  1. Соединенные Штаты Америки: Конституция и законодательные акты / Пер. с англ. М., 1993.

  2. Американская цивилизация как исторический феномен / Отв. редактор Болховитинов Н.Н. М., 2001.

  3. Аптекер Г. История американского народа. Т. 1-2. M., 1961-1963.

  4. Баскин М.П. Философия американского просвещения. М., 1955.

  5. Егоров С.А. Конституционализм в США. М., 1994.

Англиядан алғашқы қоныс аударушылар Солтүстік Америкадағы үнді тайпаларының мекен етуші аймақтарында бірден алтынға «тап болмаса да», олар бұл аумақтағы құнарлы жерлерді игеру үлкен түсім әкелетіндігіне сенімді болатын. Солтүстік Америка аумағы үшін ХVІІ ғасырда пайда болған ағылшын отарлары шешуші рөл атқарды. Соның нәтижесінде көшпелі отарлар пайда болды. Осы ағылшын отарлары 160 жылға созылған ұзақ даму жолынан өткеннен соң, Англиядан тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде бөлініп, жаңа заманда батыс жарты шарындағы ірі мемлекеттің біріне, кейіннен әлемдік державаға айналған — Америка Құрама Штаттарын құрды. 1625 жылы таққа келген І Карл Виргинияны король отары деп жариялай, оған өзінің губернаторын тағайындады. Виргиниядағы қоғамдық құрылымдар және әлеуметтік қатынастар басқа отарлар үшін үлгі ретінде айтыла жүрді. Алғашқы он жылдықта губернатор басқарған отарлық әкімшіліктен тұратын үстемшілер мен ағылшын джентрилерінен, компания акционерлері және басқада ауқатты тұрғындардан тұратын орташалар пайда болды. Олардың барлығы толық құқылы азаматтар (фримен) қатарына кірді. Олар келісім бойынша белгілі бір жұмыспен айналысуға тиісті еді. Еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін оларға жер кесілімдері беріледі деп уәде етілген еді. Мұндай келісімге отырған адамдар сервенттер деп аталады. Ал, плантациялық темекі өсіру шаруашылығымен айналысып, байығандар жергілікті «жаңа ақсүйектер» тобын құрады. Солтүстік Америкада корольдік отар Виргиниядан басқа, жеке меншік отар түрлері де кеңінен таралады. Феодалдық және плантациялық шаруашылық сыртқы ұқсастықтарына қарамастан, табиғаттары әр түрлі болатын. Лендлордтардың мақсаты – оның жерін пайдаланушы отар иелігіндерден квитентроны немесе арендалық төлемді алу болды. Мұны ол феодалдық құқық негізінде іске асырды. Шығыс Еуропалық түрдегі барщиналық шаруашылық та осы сипатта құрылды. Ал, плантаторлардың мақсаты - өз жеріне қаржы жұмысау арқылы, өсіріп өндірген өнімді сату арқылы табыс табу. Лендлорд плантатордай капиталист бола алмады, себебі ол жер мен жұмысшыларды корольдің рұқсатымен иеленді.


Солтүстік американдық отарлардың тәуелсіздік үшін күресі (1775-1783) Америкада, сонымен қатар Англияда болып жатқан дамудың қарама-қайшы ұстанымдарының нәтижесі еді. Британ үкіметі отарлық империяның үнемі өсіп отырған басқару аппаратын және ондағы әскерлерді ұстап отыру үшін қаржы іздестірді. Осы мақсатта 1764 жылы бірқатар тауарларға кеден салығы енгізіледі. Сондай-ақ ағылшын парламентінің 1765 жылғы актінен сәйкес Америкадан әскердің он мың жасағына тұрақ жай беру жоспарланады. Англияда елдегі соғыс, өзге де шығындарды өтеу үшін, сол жылы гербтік жиынтығы туралы да акт қабылданады. Осыған сәйкес отардан шығатын кез-келген тауар немесе басқа дүние болмасын, тек ағылшын үкіметі мөрімен ғана белгіленіп тасымалдануы тиісті еді. Гербтік жиынтығына қарсы “отар өкілсіз ешқандай салық салынбасын” деген ұранмен басталған отардағылардың бірінші толқын қарсылығы, ұранына сәйкес заңның отар өкілінсіз тікелей парламенттің қабылдауымен туындайды. Америка тарихында алғаш рет жігерленген халық наразылықтарын білдіріп көшелерге шығады. Радикалды бағыттағы отардағылар “Бостандық ұлдары” секілді саяси клубтар құрады да, ағылшындарға қарсы үгіт жүргізе бастайды. Бостандық күрескері Сэмюэл Адамстың ұсынысымен отардағылардың бір тобы үндістердің киімін киіп, Англияға кетуге даяр тұрған Ост-Үнді компаниясының шай тиеген кемесіне басып кіре, тауарларды суға лақыру әрекетін ұйымдастырады. Бұл оқиға тарихта «Бостондағы шәй ішу», деген атпен қалды. Бұл әрекет патриоттық, немесе британдарға қарсы күштердің орталықтануының «байланыс комитетінің» негізін салды. 1774 жылы Филадельфияда тарихтағы отар өкілдерінің кеңесі – Бірінші құрлықтық конгресс шақырылады. Конгресте қабылданған “құқықтық декларацияда” отарлардың өзін-өзі басқару құқығы және отардағы азаматтардың өмір сүру, бостандық, жеке меншік құқықтары туралы айтылды. Ағылшынның американдық отарындағы соғыс 1775 жылы 19-сәуірінде стихиялы түрде басталды. 1775 жылдың мамырда жиналған Екінші құрлықтық конгресс отарлық емес, енді американ үкіметі ретінде құрылады. Бұл шақырылымда бірінші конгрестегідей метрополиямен жақындасуды жақтайтындар да болды, бірақ әскер жинау мәселесіне байланысты жағдай конгресс мүшелерін табанды шешімге баруға итермеледі. Болашақ американ әскері күшінің басына ірі виргиндік плантатор, тәжірибелі жауынгер, полковник Джордж Вашингтон тұрды. Маусымда американдықтардың әлі әскер күші болып ұйымдаспаған еркін жасақтары Бостонға таяу Банкер-Хилл маңында ағылшындармен қақтығыста оларға елеулі соққы берді. Томас Джефферсонның құрастырумен 1776 жылдың 4-шілдесінде конгресс Америка тарихы үшін ғана емес, сонымен қатар дүние жүзілік тарихтағы дәуірлік маңызы бар болған құжатты, Тәуелсіздік декларациясын қабылдайды. Декларация ХVІІ ғасырдағы ағылшын философтарының теориясына, әсіресе Дж.Локк көзқарастарына және ХVІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының теорияларына сай, сондай-ақ американ отардағыларының тәуелсіздік үшін күресінің тәжірибесіне сүйенген және шынайы жүзеге асқан алғашқы - адам құқығы туралы заңдық негіз еді. Конституция 1788 жылдың маусымында өз күшіне енеді. Ал 1791 жылы қарашада конгресте қабылданған құқықтар туралы билль заңы, өзгертулер енгізу барысында өз жұмысын бастайды. АҚШ-тың құрылуы революциялық сипатта болады. Сыртқы жау-метрополиямен күрес әр түрлі түбегейлі өзгерістер сарынында жүріп отырды. Америка Құрама Штаттары жаңа замандағы алғашқы демократиялық республика болып табылды. Ол Еуропадағы ағартушылық кезеңіндегі дүниеге келген саяси идеяларды шынайы қоданысқа енгізді. Құлдықтың бірқатар аумақтарда сақталуы, жергілікті басқару институтының қалдықтары болып есептелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет