І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 13. Екінші дүниежүзілік соғыс



бет13/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекции европа америка

Тақырып 13. Екінші дүниежүзілік соғыс.


Дәрістің жоспары:

  1. Германияның Польшаға шабуыл жасауы. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

  2. Кеңес-герман қатынастары. Кеңес әскерлерінің Поль­ша­ға басып кіруі.

  3. Кеңес-фин соғысы. Үштік пакт.

  4. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жа­сауы. Антигитлерлік одақтың құрылуы. Шығыс майдандағы шайқастар.

  5. Жапонияның Перл-Хар­борға шабуылы. Африкадағы және Тынық мұхит­тағы шайқастар.

  6. Екінші майданның ашылуы. Германияның талқандалуы.

  7. “Үлкен Үштік” кон­фе­ренциялары. Жапонияның талқандалуы.



Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:
1. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрес­то­ма­тия. І-бө­лім. – Алматы, 1997.
2. Көкебаева Г.К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман та­рихы (1918-1945 жж.). – Алматы, 2003.
3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі за­ман тарихы (1918-1945).. – Алматы, 2003.
4. Новейшая история стран Европы и Америки. ХХ век / Под ред. А.М.Родри­ге­са и М.В.Пономарева. 1 ч. – М., 2001.
5. Хрестоматия по новейшей истории. 1-том. – М., 1960.
6. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее вре­­мя: Курс лекций. – М., 2001.
7. Буханов В.А. Европейская стратегия германского фашизма. – Свердловск, 1991.
8. Вторая мировая война: Актуальные проблемы. – М., 1995.
9. Зимняя война. 1939-1940. – В 2 кн. – М., 1998.
10. Сиполс В.Я. Тайны дипломатические. Канун Великой Отечественной. 1939-1941. – М., 1997.
11. Тегеран – Ялта – Потсдам. Сборник документов. – Алматы, 1993.

1939 жылы 1-қыркүйекте Германия Польшаға соғыс жарияламастан шабуыл жасады. 3-қыркүйекте Англия мен Франция Польшамен одақтастық міндет­те­рін орындау мақсатымен Германияға соғыс жариялады. Осылай­ша екінші дүниежүзілік соғыс басталды.


1939 жылы 30-қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ Финляндияға шабуыл жасады. Кеңес-фин соғысы Солтүстік Европада халықаралық жағдай­ды бұрынғыдпн дп шиеле­ністірді.
1940 жылдың көктеміне қарай Германия Батыс Еуропаны тікелей жаулап алуды бастады. Әрине, Германияның бұл бағыттағы басты қарсыласы ағылшын-француз әскерлері болатын. Германия ағылшын-француз әскерлеріне қарсы соғыс қимыл­дары табысты болуы үшін Солтүстік Атлантикада тиімді стратегия­лық база болатын Дания мен Норвегияны басып алу керек деп шешті. 1940 жылы көкекте Дания мен Норвегияның бейтарапты­лығын бұзып, олардың жеріне неміс әскерлері басып кірді. Дания жеңілгендігін бірден мойын­дады. Ал Норвегия барлық қарулы күш­те­рін соғысқа жұмылдырып, қарсылық көрсетті. Алайда күші басым неміс әскерлері елдің көп бөлігін жаулап алып, өкімет билігін жергілікті фашистерге берді. Норвегия королі мен үкіметі талқан­далған әскерінің қалдығын алып, Англияға кетті. Нор­ве­гия үшін болған соғыста неміс әскери-теңіз күштеріне ағылшындар бірнеше ауыр соққылар берді. Екі жақтың да соғыс флоты үлкен шығынға ұшырады.
Германия Францияға шабуылды Бельгия мен Люксембург жері арқылы жүргі­зуді жоспарлады. 10-мамырда неміс әскерлері бейтарап Бельгия мен Нидерланды жеріне басып кірді. Нидерланды жеңілген соң, Бельгиямен және Люксембургпен шекарада тұрған ағылшын-француз әскерлеріне қарсы шабуыл бастады. 24-мамырда неміс әскерлері Булонь мен Калеге жетті. Осы кезде Гитлер шабуылды тоқтатуға бұйрық берді. Қоршауға түскен ағылшын-француз әскерлерінің көп бөлігі Англияға кетіп үлгерді. Францияның жағдайы әбден нашарлады. 14-маусымда неміс әскерлері Парижге келіп кірді.
1941 жылы 22-маусымда неміс әскерлері Қара теңізден Балтыққа дейінгі бүкіл шекара бойында құрғақта және әуеде шабуыл бастады. Шекараларда қиян-кескі шайқастар жүріп жатқанда Берлиндегі кеңес елшісіне соғыс басталғаны туралы нота тапсырылды. Москвадағы Герма­ния елшісі де В.Молотовқа осыны хабарлады. Алайда Германия­ның “қауырт соғыс” жүргізу арқылы Кеңес Одағын жылдам талқандау жоспары (“Барбаросса”) іске аспай қалды. Кеңес әскерлері Москва түбінде немістерді тоқтатты да, қарсы шабуылға шықты. АҚШ пен Ұлыбритания Кеңес Одағына қару-жарақ, азық-түлік беріп көмектесуге міндеттеме алды.
1941 жылы 7-желтоқсанда жапон эскадрасы соғыс жарияламай-ақ Гавай аралдарындағы Перл-Харборда орналасқан американ әскери база­сы­на шабуыл жасады. Американдар ауыр шығындарға ұшырады.
1942-1943 жж. басқа майдандарда да түбірлі бетбұрыс кезең басталды. Сталинградтағы жеңіліс неміс әскерінің жеңіске деген сенімін азайтып, еңсесін түсірді. Сталинград түбіндегі жеңіс екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. 1944 жылы Кеңес әскерлері ірі-ірі жеңістерге жетті. Қаңтар айында Ленинград пен Новгород түбіндегі соққыдан кейін, герман әскерлері шегініп, Ленинград қоршаудан толық босатлды. Ақпан-наурыз айларында Оңтүстік Бугтегі шабуылдар нәтижесінде Солтүстік Батыс Украина азат етілді. Көкек-мамыр айларында жау Одессадан, Севостопольдан, Қырымнан қуылды.
1944 жылы 6-маусымда Нормандияға ағылшын-американ әскер­лерін түсіру басталды: бұл екінші майданның ашылуы болды. 1945 ж. қаңтарда Кеңес әскерлері Висла-Одер операциясын бастады. Шабуыл Балтық теңізінен Қарпатқа дейінгі созылған орасан кең майданда жүргізілді. Ақпанның аяғында Польша жері толық азат етілді. Соғыс қимылдары Германияның жерінде жүргізіле бастады. 1945 жылы көкек айында кеңес әскерлері Одер және Нейседегі жау шебін бұзып, Берлин бағытында шабуылын өрістетті.
1945 ж. ақпан айында ағылшын-американ әскерлері батыста ша­буыл­ға шығып, Рейн өзенінен өтіп, Рурда герман әскерлерінің 325 мыңдық тобын қоршап алды. Көкек айында бұл топ тізе бүкті. Көкек айының ортасына қарай одақтастар әскері Эльбаға шығып, Берлинге 100-200 шақырым жерде, ал Кеңес әскерлері шығыс жақтан 60 шақырым жерде тұрды. 1945 жылы көкекте Кеңес әскерлері Берлин операциясын бастады. 1945 жылы 17-шілде -2-тамыз аралығында Берлиннің түбіндегі Потсдам қаласында КСРО, АҚШ, Ұлы­британия басшылары қатысқан үшінші конференция өтті. Конференцияда талқыланған ең басты мәселе соғыстан кейінгі Еуропадағы мәселелерді, соның ішінде герман мәселесін, реттеу болды
1945 жы­лы 2-қыркүйекте Токио шығана­ғында американдық “Миссури” кеме­сін­де Жапонияның сөзсіз тізе бүккені туралы құжатқа қол қойылды. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Басты соғыс қылмыс­керлері Халықаралық сотта жазаларын алды.


Тақырып 14. Батыс және Солтүстік Америка елдері ХХ ғ. 50-80 жылдарында. Батыс елдерінің ХХ ғ. 90-жылдары – ХХІ ғ. басындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет