І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 10 . XIX ғ. 70- ші жж мен 1914 ж. дейінгі халықаралық қатынастар



бет10/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекции европа америка

Тақырып 10 . XIX ғ. 70- ші жж мен 1914 ж. дейінгі халықаралық қатынастар.
Дәрістің жоспары:

  1. Империализм дәуіріндегі халықаралық қатынас сипаттамасы.

  2. «Ескі» және «жаңа» капиталистік елдер қарама-қайшылығының геосаяси, экономикалық, әскери факторлары.

  3. 1914 жылдың жазындағы халықаралық жағдай. І дүние жүзілік соғыс.



Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:



  1. Гешен И. Е. Балканский Союз. Воспоминания и документы. - Пг., 1915.

  2. История дипломатии / Под ред. Зорина В.А., др. В 5 т. - М., 1959-1979. Т. І-ІІ.

  3. Урланис Б.Ц. История военных потерь: Войны и народонаселение Европы. - СПб., 1994.

  4. Алексеева И.В. Агония сердечного согласия: Царизм, буржуазия и их союзники по Антанте, 1914-1917 .- Л.,1990

  5. Бовыкин В.И. Из истории возникновения первой мировой войны. Отношения России и Франции в 1912-1-14 гг.- М.,1961

  6. Балканы в конце ХІX – начале ХХ вв. Очерки становления национальных государств национальных государств и политических структур Юго-Восточной Европы / Отв. ред. Ю.А.Писарев.- М.,1991

  7. Айрапетян М.Э. Первая мировая империалистическая война 1914-1918 гг. / М. Э. Айрапетян, П. Ф. Кабанов. - М.: Просвещение, 1964

ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін сақталған Вена жүйесінің құлдырауы халықаралық қатынаста жаңа ара салмақ алып келді. Экономикадағы жаңа үдерістердің қалыптасуымен қатар әлемдік аренада дүние жүзін территориялық блініске салу үшін күрес қарқын алды. 1870 жылдардың аяғында отар иелігі 215 мың кв. км., ал 1914 ж. 620 мың.кв. км. алып жатты. Тәуелділіктің әртүрлі деңгейінде жер шарының 85% болады. Ескі голландтық, ағылшындық, француздық империялар ұлғайып, жаңа германдық, бельгиялық, итальяндық, АҚШ империясы, Ресейдің отар империялары пайда болды. Әрбір отар империясының “тұтастығы” бүкіл дүние жүзінде жаңа әскери базалардың, тірек нүктелерінің құрылуын талап етті. Олардың барлығы әскери-теңіз, құрлықтағы қарулануға, милитаризм феноменінің нығаюына жол ашты. Испан-американ соғысы (1898), (Куба, кейінгі Филиппиндер) —“ Монро доктринасының” жаңа тынысы, ағылшын-бур соғысы (1899-1902) Колумбиядағы американдық саясат және марионетка Панаманың пайда болуы ХІХ ғасырдағы бұл саясаттың болмысын айқындады. ХІХ ғасырдың аяғында еуропаның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіне қатысты әлемнің жетекші елдерінің ұстанымын сипаттайтын шығыс мәселесі атты жаңа бағыт пайда болды. 1877 ж. сәуірі -1878 ж. наурыздағы орыс-түрік соғысы Румыния, Сербия, Черногория әскерлері және болгар жасақтарының орыс әскерлері қатарында түріктермен соғысқа енуі, Балкандағы өзгерістерге жол ашады. 3-наурыздағы Сан-стефан келіссөзіне сәйкес, Болгария азат еліліп, Румыния, Сербия және Черногория толық тәуелсіздікке қол жеткізеді. Черногория түсімді жерлерге ие болып, экономикалық дамуына импульс алды. Болгария сұлтанға вассаль княздік болды. Соғыс алдында Ресей бейтараптық саясат ұстануының құны ретінде Австро-Венгрияға Босния мен Герцоговинаны оккупациялау уәдесін алған еді. 1878 ж. австро-венгр әскері осы облыстарды иеленіп жатқанда, Босниялық мұсылмандардың қарулы қақығысына ұрынады. Еуропалық державалар күшті болгарлық княздіктің құрылуына қарсы болды. (көп ұлтты слваяндардың бірігу қауіпі, македондық слваян жаңа ұлты-ммкаденондықтар соғsсаралық жылдары қалыптасты. )
1908 жж. 5-қазанында Болгария өзінің толық тәуелсіздігін жаиялайды. Фердианд Кобургский елдің патшасы болып жарияланады..1877-78 жж. орыс –түрік соғысы Румыния тарихына тәуелсіздік үшін соғыс атымен енді. 1881 ж. Румыния корольдік болып жарияланды. Грекия Берлин конргесінде 1878 ж. бейбіт реттеу санаттан шығып қалғандай болды. жағрапиялық ұғым ретінде қолданылатын албан жерлері, оның экономикалық мүмкіншіліктерімен өлшенді. 1908 ж. жас түріктер революциясы Албан конгресін жасауға жол ашты. 1912-1913 жж. Балкан соғысы жылдарында балкан елдері үкіметтері алма кезек Түркияға соққы беруге даяр болады. 1913 ж. 13-тамызындағы Бухарест бітімі бүкіл Македонияны Гректер мен Болгарларға бөліп береді. Сербия мен Черногрия ортақ шекара алады.
Ғасырлар тоғысындағы еуропаның жетекші державалардың мүдде қайшылығы сипат алды. Француздар Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алуға үміттенеді, Австро-Венгрия Балкандағы басып алуларға дайындалады, Италия Франция мен Австриядан тағыда қандай италиьяндық жерлерді “тартып” алуды ұмыт қалғанын анықтаумен болды, ал Ресей болса, қаратеңіздік бұғазыларға көз сүзумен мазасызданады, Германия Швейцариядағы, Бельгиядағы, Даниядағы және шығыс Франциядағы неміс кантондарын арман етті.1904-1905 жылдары орыс-жапон соғысы тұтанады. Ірі державалар 1882 жылы Үштік Одақпен, 1904 – 1907 жылары Антантаны құру арқылы өз ішінен “үлкен еуропалық концертке” дайын отырды. ХХ ғ.басында Еуропада империалисттік соғыстар тұтанып тұрды. (Балкандық 1912, 1913 жж.). Бір сәтте қайта қарулану бағдарламасы қоса жүзеге асып жатты. 1910 ж. басында соғысқа сылтау іздеу басталады. Сәтті жағдай Босния мен Герцеговинадағы (бұрындары Австрия бұл жерлерді аннексиялап алып, 1908 – 1909 жж. “босниялық дағдарысты” жасап отырған еді. Австриялық басып алуды Сербия және Боснияның сербтік тұрғындары мойындамады). шешімін таба алмай отырған мәселемен Балканда туады. 28.06.1914 ж. “Жас Сербия” ұйымының мүшесі Гаврило Принцип эрцгерцог Франц-Фердинандты өлтіреді. 28 шілде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялайды. 1.08. мобилизацияға жауап ретінде Германия Ресейге соғыс жариялайды. 3.08 Францияға да соғыс жарияланады., ал 4 тамызда герман әскерлері бельгияның бейтараптығына нұсқан келтіре оның территориясына енеді де Германияға соғыс жариялайды. І дүние жүзілік соғысқа 33 мемлекет қатысып, 70 млн адам әскерден өтеді.
1915-1916 жж. барлық соғысушы елдерде жұмысшылардың соғысқа қарсылық қозғалыстары ұйымдастырылады. 1917 — 1918 жж. күн тәртібінде бейбіт бітім жасаудың екі мәселесі тұрады, олар орыстардың —“Бейбітшілік туралы декреті” мен “ В. Вильсонның 14 пунктіне ”, негіз болған жобалар болатын. 1918 жылдың 11-қарашасында Антанта елдерінің жеңісімен І дүние жүзілік соғыс аяқталады. Соғыс қорқынышты технологиялық сипат әкелді. Соғыс бүкіл әлем елдеріне ұлтшылдықтың отын таратты. Соғыстың аяқталуы Еуропада бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен, әлі де тәуелді болғанына қарамастан отарлаушыларға қарсы еріктілік үшін күрес жүргізген Азияда да жаңа мемлекеттердің пайда болуымен және бүкіл әлемде ұлт-азаттық қозғалыстардың белсенді болуымен сипатталды.
Әлем жаңа даму кезеңіне аяқ басты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет