І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі


Тақырып 15 . Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: социализмнен нарықтық эконо­мика мен либералдық демократияға өту



бет15/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекции европа америка

Тақырып 15 . Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: социализмнен нарықтық эконо­мика мен либералдық демократияға өту.


Дәрістің жоспары:

  1. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі дамуының қысқаша сипаттамасы.

  2. Кеңес-югослав қақтығысы.

  3. Шығыс Еуропа елдеріндегі 50-жылдардың ортасы- 60-жылдардағы саяси дағдарыстар.

  4. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің 80-жылдарындағы дамуы. Польшадағы саяси дағдарыс.

  5. Шығыс Еуропа елдері кеңестік қайта құру кезеңінде.

6. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі мақпал революциялар.
7. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің постсоциалистік кезеңдегі
дамуының негізгі мәселелері.
8. Постсоциалистік Шығыс Еуропадағы ұлттық мәселе. Югослав дағдарысы.


Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:
1. Балканы: Между прошлым и будущим. М., 1995.
2. Восточная Европа: Контуры посткоммунистической модели развития. М., 1992.
3. История стран Центральной и Юго-Восточной Европы ХХ века. М., 1997.
4. Национальный вопрос в Восточной Европе. Прошлое и будущее. М., 1995.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Еуропа мен Азия­да өзінің ықпал аймағын кеңейту мақсатын қойған кезде, осы мақ­сат­ты бүркемелеу үшін тағы да иеологиялық принциптер ойлап табылды. Атап айтқанда, Орталық және Оңтүстік Еуропа елдерінде антифашистік күштерге көмектесу, демократиялық жүйені қалпына келтіру идеясы көтерілді және коммунистік партиялар ең негізгі антифашистік күш болып саналды. Іс жүзінде аталған елдерде социа­лизмнің кеңестік үлгісі орнықтырылды, бір партиялық жүйе қалыптастырылды, демократия шектелді, бұл елдер Кеңес Одағы­ның ықпал аймағына енгізілді. Кейіннен, әрине, КСРО сыртқы саясатының идеологиялық негіздері кеңейтілді, “халықаралық шиеленістің бә­сең­­деуі”, “бейбітшілікті қорғау бағдарламасы”, т.б. идеялар наси­хат­­талды. Алайда идеологиялық принциптерді жариялай отырып, КСРО іс жүзінде өзінің сыртқы саясатында бұл принциптерді емес, бұрынғы Ресейдің сан ғасырлар бойы қалыптасқан империялық сая­сатын жалғастыруды мақсат тұтты. Демек, Кеңес Одағының сырт­қы саясатын жобалауда және жүргізуде негізгі рөлді екі идея атқарды: байырғы ресейлік ұлттық мүдделер мен империялық мүд­делерді қорғау және оны марксизмнің кеңестік нұсқадағы идеяла­ры­мен бүркемелеп отыру. 80-жылдардың ортасында ха­лық­аралық қаты­­настарды идеологиясыздандыру бағыты жария­ланды. Алайда ол КСРО сыртқы саясатының түбірлі өзгерісі емес еді.


Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Шығыс Европа елдерінің бірқатарын нацистік Германия басып алды, үш ел оның одақтасына айналды. Сондықтан соғыс аяқталған соң осы елдердің барлығында да кеңес әскерлері тұрды. Алайда соғысьтың соңғы жылында бұл елдерде антифашистік күрестің күшеюіне байланысты олар азат етілген бойда осы күреске қатысқан барлық саяси күштердің бірлескен үкіметтері құрылды. Олар жергілікті фашистік топтардың билігін жоюды, соғыста бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруді, демкортиялық бостандықтарды қайта жаңғыртуды іске асырды. Фаистік партилар мен ұйымдарға тиым салынды. Деократиялық конституциялар қабылданды. Парламенттер өз жұмыстарын қайта бастады. Бұрынғы өкімет мекемелерімен қатар жаңа органдар – ұлттық комитеттер мен кеңестер пайда болды. 1947-1948 жылдары коммунистер Кеңес Одағының көмегімен билікке толық ие болды. Өкімет басына келген соң коммунистер социализм құру мақсатын жариялады. Елдің саяси жүйесі өзгертілді.
Экономика саласында социализм құру өндірісті национализациялаудан басталды. Одан кейін елді индустриаландыру, ауыл шаруашылығын коопертивтендіру жүргізілді. Нарықтық экономиканың орнына жоспарлы экономика келді. Бүкіл бұрынғы экономикалық және саяси жүйе қиратылды. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде КСРО үлгісіндегі тоталитарлық қоғам орнады. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдеріндегі әлеуметтік-саяси жағдай 50-жылдарда-ақ шиеленісе бастады, алайда оны Кеңес Одағы күшпен басып тастап отырды. Шиеленіс 50өжылдардың екінші жартысында Венгрияда күшейсе, 60-жылдарда Польшада орын алды. 70-80-жылдарда кейбір елдерге Варшава шарты елдерінің әскері енгізілді. 80-жылдардың басында Польшада “Ынтымақ” кәсіподақ ұйымы басқарған анаразылық қозғалысы күшейді, алайда Кеңес Одағының әскер енгізу қаупінен сескенген жергілікті басшылар елде әскери жағдай енгізілгенін жариялады. Алайда бұл оқиға осымне тынып қалған жоқ. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдеріндегі идеялық-саяси дағдарыс жалғасаберді. Бұл қозғалыс астыртын сипат алды. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басында Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде тоталитарлық билікке қарсы күрес басталды. Барлық елдерде коммунистік партиның билігі құлатылып, көппартиялы жүйе енгізілді. Тоталитарлық режим құлатылған соң Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде демократиялық жүйе мен нарықтық экономикаға көшу басталды. Бұл үрдіс әрбір елде нақты жағдайларға орай әртүрлі дәрежеде жүрді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет