а) баяндау;
ә) бақылау;
б) топсаяхат;
в) сауалнама, әңгімелесу;
г) модульдік тапсырма беру;
ІІ. Студенттер мен оқытушы бірлесіп атқаратын жұмыстар. Тапсырма сұрақтарын өмірмен байланыстыра отырып талдау.
Баяндау іс-рекетінің құрылысы …
_____________
_____________
_____________
Бақылау іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
3.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Технологиялық карта құру, өткізу. Картаның құрылымы.
Тақырыбы
Мақсаты
Қолданылатын көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдері
Сөздік жұмыс
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
І. Кіріспе әңгіме
ІІ. Жұмбақ шешу
ІІІ. Тәрбиешінің беретін түсінігі
ІV. Өлең тыңдау
Балаларға әңгімелеу
VІ. Бой сергіту жаттығуы
VІІ. Балалармен жеке жұмыс
VІІІ. Ойын ойнату
2.5. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындату, ойын т.б. ролі. Мақсаты: Лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындатудың, дидактикалық ойынның байланыстырып сөйлеудегі маңызы туралы түсінік беріп, олардың ерекшеліктері мен мазмұнын меңгерту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құра білуге дағдыландыру.
Жоспар
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығудың алатын орны.
Логикалық сөздік тапсырмалар орындату арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын әдістердің бір лексикалық жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұндай жаттығулар көбінесе сөздік ойын түрінде жүргізіледі. Мысалы, бұлтты, жаңбырлы, суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға болатындығын таптырту және айттыру қажет.
Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір әдіс – логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін тәрбиеші жыл маусымдарының өзгерісіне әңгіме құрайды да сол сипатталған өзгерістің жылдың қай мезгілінде болатындығын таптыртады. Мұндай логикалық сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын балабақшада бар заттардың, нәрселердің түрлеріне байланысты ұйымдастыруға болады. Логикалық сөздік тапсырма, егер тақырып табиғат құбылыстарына арналса мынадай үш бағытта жүргізуге болады:
— табиғаттағы қысқа мерзімде болып өтетін өзгеріс туралы мысалы, қардың еруі, нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың сарғаюы т.б.
— табиғат құбылыстарының заңды байланысын байқату мысалы, жыл мезгілдерінің келу реті.
— бір маусымда болатын өзгерістерді толық қамтып түсіндіру, және әңгіме құрату.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бейнелі көркем сөздерді меңгертудің де үлкен мәні бар. Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы, бақылау, салыстыру арқылы іске асырылады. Мысалы, Қуандық Шаңғытбаевтың “Күзгі жапырақтар” өлеңінде:
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақша күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбырлайды қалтырап
Жақын қалды жел тоқсан
Жабырқайды жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунармеді жатып-ап
Осы өлеңіндегі күлімдеп, жалтырап, қалтырап, жабырқайды, шашу шашты жапырақ немесе өзендегі тастарды неге ұқсайтындығын сұрағанда олар аппақ, жұмыр, қоңырқай , сары жұмыр тасты сабын секілді, судың мөлдір жерін айнадай деген теңеулерді айтып жауап бере алады. Сонымен балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап ететін тіл дамыту әдістемесінің басты саласы.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет – дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ретінде немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.
Сабақта жүйелі және орынды қолданылған ойын элементтері балалардың білуге деген ынтасын арттырып, білім дағдыларына игеруге іскерліктерін шыңдауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды.
Дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы балаларға қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін білуге, есте сақтауға және оны бақылау кезінде және сабақта алған ұғымдарын тиянақты елестетулерін анықтай түсінуіне көмектесуге болады. Соның негізінде байланыстырып сөйлеу тілі жетіледі.
Педагог — тәрбиешілер оқу іс-әрекетінде ойын элементін қолдану барысында мыны негізгі мәселелерге көңіл бөлуі керек:
— ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде қандай іскерлікпен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерекшелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын;
— ойынға қатысушылардың санын анықтау;
— ойын барысында қолданылатын материалдардың тартымдылығы;
— ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру;
— ойынның қанша уақытқа созылатындығы. Ойынның әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәйкестігі;
Балабақшада балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – күннің екінші жартысында серуенге шыққанда әңгімелер, ертегілерді балалардың естеріне түсіріп өздерінің балабақшадан тыс уақытында көргенін әңгімелетуге болады. Мұндай жұмыс кезінде тәрбиешінің негізгі мақсаты олардың қатесіз дұрыс сөйлеуіне көңіл бөлу қажет.