Болашақ жарыма қойған 17 талабым
Алдыңғы жазбамда бойдақ кезімде болашақ
жарымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келетінін, ол
кісіге қояр талаптарымды қағазға жазып шыққаным жайлы
айтып едім.
Тізімім бас-аяғы 17 талаптан тұрды. Қандай адамды
іздеп жүргенімді нақты білдім. Нәтижесінде Динарды
кездестірдім. Ол бүкіл 17 талабыма сай боп шықты.
Сол тізімімді осында жазайыншы. Кейбір талаптар
сұрақ тудыруы мүмкін. Әр талаптың өз тариxы бар) «Ноу
комментс» қалдырайын. Сенің талаптарың басқа болуы
мүмкін. Менікі жай үлгі. Өз жүрегіңді тыңда.
1. 5 уақыт намаз оқитын! (өте маңызды)
2. Орамал тағатын немесе ниеттеніп жүрген.
3. Салмақты.
4. Интроверт.
5. Әдепті, сыпайы, өз орнын білетін.
6. Кішіпейіл.
7. Балаларды өте жақсы көретін.
8. Менен 2-3 жас кіші! (өте маңызды).
9. Адамдарға көмектесуге, қызмет етуге жаны жақын.
10. Адамның қас-қабағына қарайтын.
11. Мамандығы: дәрігер немесе әйел адамның табиғатына
сай мамандық.
12. Киімін, өзін, үйін таза ұстайтын! (өте маңызды).
29
Ж
ар т
аң
дау киім т
аң
дауғ
а ұқ
сайды
II БӨЛІМ
13. Құрбылары өзімен жасты.
14. Жеке дамуға көңіл бөлетін (стремится к саморазвитию).
15. Құранды тәжуидпен оқи алатын.
16. Әлеуметтік желіге фотосын қоймайтын.
17. Нәзік, биязы (женственная).
Жар таңдау киім таңдауға ұқсайды
Құранда «Бақара» сүресі 187-аятында «Әйелдер
сендерді бүркейтін киім (секілді), сендер де олар үшін дәл
сондай киім секілдісіңдер» делінген.
Осы аяттағы ‘’киім’’ сөзінің қолданылу хикметіне ой
жүгіртіп көрдім. Жалпы киімнің 3 негізгі функциясы бар
екен:
(1) ұятты жеріңді жауып, жасырып тұрады;
(2) жаурасаң жылу болады;
(3) көрік береді.
Жаратушының жұбайлардың дәл осылайша бір-
біріне киім сияқты екенін айтып, теңегені қандай ғажап!
Шынында да солай ғой: әйелің/күйеуің
(1) сенің кемшіліктеріңді жасырып тұрады, бір-біріңді
толықтырып тұрасыңдар;
(2) өмірдің қиын-қыстау кездерінде, аспанда бұлт
үйіріліп, жүректер мұздағанда, жылы сөз айтып, қолдайды,
30
Ж
ар т
аң
дау киім т
аң
дауғ
а ұқ
сайды
II БӨЛІМ
жаныңа жылу сыйлайды;
(3) қоғамда көркің болады, сәніңді келтіреді,
абыройыңды арттырады.
Киімдеріміз таза, әдемі, ыңғайлы болсын дейміз)
Киім дегеннен шығады. Жар таңдау асылында киім
таңдауға ұқсайды. Саған киім керек екенін сезе бастайсың.
Мысалы, жаураған кезде, бозбала шақта кигенің тар бола
бастағанда, бір дискомфорт сезіне бастағанда. Сосын
киім сататын дүкенге барып, өзіңе қажет киімді іздей
бастайсың. Егер нақты қандай киім керек екенін білмесең,
қиын. Білсең, жұмысың жеңілдейді. Бірақ оны нақты
білсең де, дәл сондай киім бұл қалада бар ма, сол мәселе
шығады. Қайткен күнде де іздеуді жалғастыра бересің.
Кейбіреулерге бәлкім көмекші керек шығар. «Мынаны
таңда, мынау дұрыс» деп ақыл-кеңес беретін. Себебі ол
өзіне сенімсіз, тәжірибесі жоқ немесе киімге деген талғамы
жоқ.
Сөйтіп шамамен қандай киім керек екенін анықтап
алдың дейік. Сосын өзіңе ұнаған киімдерді киіп көре
бастайсың. Біреуі сәл кеңдеу, енді біреуі қысып тұр. Негізі
адам киім шап-шақ болғанда, бәрі келісіп, жараса қалғанда,
іштей сезеді. «О, іздеп жүргенім міне осы» деп. Бұл сезімді
сөзбен айтып жеткізу қиын. Бірақ әркім оны сезіне алады,
сол кезде түсінеді деп ойлаймын. Сосын ойланбастан сол
киімді таңдасаң болады. Бағасы қымбат болса да, ал.
31
Әперг
ен киімің
ді кие бере
тін ад
амд
ар д
а бо
лады.
II БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |