I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

II БӨЛІМ
ЕКІНШІ 
ЖАРТЫМДЫ 
ТАПҚЫМ КЕЛЕДІ


25
Менің бо
лашақ ж
арым қ
анд
ай?
II БӨЛІМ
Менің болашақ жарым қандай?
Екінші бөлімді «Менің болашақ жарым қандай?» 
деген ескі жазбаммен бастағым келіп тұр. Бір кезде бұл 
жазбам тіпті өзбек тіліне аударылып, ВК-дағы өзбекше 
пабликтерге де тарап кеткен ғой. Бойдақ кезде өзім түйген 
ең үлкен ойлардың бірі еді. Саған да пайдасы тиіп қалар. 
Кеттік.
Кеше әңгіме үстінде досым Мағжан керемет бір 
естелігін айтып берді. Ол Малайзияда оқуда жүрген 
кезінде профессорының айтқан ақыл-өсиетін жеткізген 
еді. Өзіме ерекше әсер етті. Профессордың айтқаны мынау 
болатын: ‘’Әркім өзіне лайық адаммен отбасын құрады: 
жақсы болсаңыз, жарыңыз да жақсы болады, жаман 
болсаңыз, жұбайыңыз да сондай болады. Бұл — Құранның 
ақиқаты, өмірдің заңы. Алла Қасиетті Кітабында ‘’Жақсы 
әйелдер жақсы ерлерге, жаман әйелдер жаман ерлерге’’ 
деп айтады. Бұл сөздің мәніне терең бойлай бермейтінмін. 
Уақыт өте келе түсініп, таң қалдым. Көптеген отбасыларды 
сырттай бақылап, саралап көрдім. Жақсы деп ойлаған 
жігіттің әйелі нашар мінезді екенін көргенде, «жоғарыдағы 
аяттың мәні қайда?» деп ойладым. Бірақ біраз уақыттан 
кейін сол жақсы деп ойлаған жігіттің былықтары шығып, 
біз ойлағандай емес екенін көрдім. Ондай мысалдарды 
көп кездестірген соң, Алланың сөзі шындық екеніне көз 
жеткіздім. Менің бойдақтарға айтарым: болашақ жарың 
қандай болғанын қаласаң, әуелі өзің соған лайық болуға 
тырыс. Білімді болғанын қаласаң, өзің біліміңді арттыр, 
көркем мінезді болғанын қаласаң, өз мінезіңді жөнде, тақуа 
болғанын қаласаң, өзің тақуалық таныт.’’ Керемет ойлар!
Жалпы жоғарыдағы аятты, профессордың 
сөздеріндегі ойды бұрыннан білсем де, осы жолы 


26
Ж
ар т
аң
дау һәм Т
ойо
та К
амри
II БӨЛІМ
ерекше әсерлендім. Терең сезінгендей болдым. Мен 
болашақ жарымның қандай болатынына алаңдап, қатты 
бас қатырмаймын, бірақ өзімнің қандай екеніме уайым 
жеймін. Себебі Алланың маған нәсіп етер жары жақсы не 
жаман болуы тікелей өзіме байланысты екенін сеземін. Өз 
кемшіліктеріммен жұмыс істеп, мінезімді, амалдарымды 
көркемдеу керектігін түсінем. Алладан бүгінім кешегімнен, 
ертеңім бүгінімнен жақсы болуын сұраймын!
16.02.2015
Мюнхен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет