Жігіт үшін 27 жас — критикалық жас
Жігіт үшін үйленуге идеал уақыт қашан? Қыздың
неше жастан кешікпей тұрмыс құрғаны дұрыс? Әркім
әр түрлі нұсқаны ұсынуы мүмкін. Алдыңғы жазбамда ол
жайлы айттым. Бірақ бұл жазбамда жеке бақылауым жайлы
айтқым кеп тұр. «Жігіт үшін үйленуге критикалық жас неше
жас?» десең, «27 жас» дер едім. Неге? Менің мынадай
дәлелденбеген теориям бар: жігіт 27 жасқа дейін үйленіп
алмаса, одан кейін талабы күшейіп, өз теңін табуы қиындай
береді. «Ей, не көп, жақсы қыздар көп қой» десең, «Қайсы?
Жақсы қыз таба алмай жүрк қой сол» дейді.
Мен 26 жасымда үйлендім. Үйлену жайлы 22-
23 жасымнан бастап ойлана бастадым. Байқағаным, 23
жасымдағы ұмтылысым 26 жасымдағыдан қаттырақ
болған. Сезім көбірек, ақыл азырақ болған кездер ғой.
Сөйтіп ақыл көбейіп, сезім азая бастады. Екеуі бір уақытта
теңеседі. Шамамен 25 жаста. Біздің қазіргі қоғамда
үйленуге ең дұрыс уақыт осы деп ойлаймын. 25 жас. Ал
менің түсінігімдегі жалпы идеал уақыт жайлы алдыңғы
жазбамда айттым. Енді әр адамның өз даму ерекшелігі
бар. Бірақ сонда да бұл жалпы алғанда көпшілікке сай
келетін формула сияқты. Қайталап айтам, бұл менің жеке
бақылауым. Өзің де бақылап көрші.
Одан кейін сезім азайып, ақыл көбірек қосыла
бастайды. Сол үшін шығар таңдау жасау қиындай береді.
Ақыл мен сезімді тең ұстағанға не жетсін?! 27 жас —
ақылдың сезімді жеңе бастайтын уақыты. Әр нәрсеге
қарап, кішкентай заттың өзіне бола, «ой, мен бұған үйленгім
келмейді» деп шығуың мүмкін. Мысалы, қыздың барлық
21
Ж
ігіт үшін 2
7 ж
ас — критик
алық ж
ас
I БӨЛІМ
қасиеті ұнап тұр. Түсінісіп тұрсың. Еш кедергі жоқ. Бірақ бір
уақытта оның ағасы ойынқұмар екенін біліп қаласың да,
үйленем деген райыңнан қайта бастайсың. Былай қарасаң,
оның ағасымен бірге тұрмайсың. Әйел ретінде алайын
деп жатқан жанның ешқандай жаман әдеті жоқ. Бірақ
ақылыңның қосылғаны сонша, соның өзін «қауіп» ретінде
қарастыра бастайсың. Тым талапшыл бола бастайсың.
Сөйтіп «қыз таппай жатырмын» деп үйленбей жүре
бересің. Одан кейін үйленгің де келмей қалады. Себебі
үйленбей жүруге үйреніп аласың.
Менің 27 жастан асса да, үйленуге талаптанып
жүрген достарым бар. Бірақ олар ақылдың күшімен,
болашағын ойлап, «үйлену керек» деп өзін көндіріп,
үйленудің қамын жасап жүр. Мойындау керек, сонда да
сезім аздау. «Болды, осыны алмай қоймаймын» деген
жастық жалын жоқ. Махаббат емес, есеп басым. Бірақ бұл
жаман демеймін. Өз теңін тауып, үйленіп, бақытты болсын
деп тілеймін.
Әлі 27-ге толмаған бойдақ жігіттерге айтарым: сезім
мен ақылды тең ұстап, екеуі теңескен уақытта үйленіп
алыңдар. Әйтпесе, кейін таңдау жасау қиындай береді.
Қыздарда да сондай бір жас бар шығар. Мысалы,
25 жас
қыз үшін критикалық жас деп айтып көрсек
бола ма екен? Бақылап көріңдерші. Қыздарға екі есе қиын.
Біріншіден, жасы үлкейген сайын таңдау жасау қиындайды.
Екіншіден, қоғамның қысымы бар: «кәрі қызды кім алады
дейсің?» деп айта бастайды. 30 жастағы жігіт жасырақ
қызды жар етіп ала алады ғой. Бірақ 30 жастағы қыз өзіне
лайық жігітті қайдан табады? Енді бұл — біздің менталитет.
Сол үшін 35 жасқа дейін тұрмыс құрмаған қыздардың өзге
ұлт өкілдеріне шығып жатады. Оларда біздікіндей шектеу
22
Емд
ел
I БӨЛІМ
жоқ. Бірақ бір жағынан ойлайсың, 25 жасқа дейін өз теңіңді
таппасаң, «үйлену керек» деп қана үйлене салып, бақытсыз
болғаннан гөрі 35 жаста болса да, өз теңіңді тауып, үйленіп,
бақытты болғаның абзалырақ емес пе?
Емдел
Бір ағамыз «Үйленгім келеді, неден бастайын?»
деген жігітке «Емдел!» деп қысқа ғана жауап берген
еді. «Емдел» дегенді қалай түсінеміз? Мен мұны
физиологиялық, психикалық һәм рухани ауруларыңды
емдеу деп түсінемін.
Емделу үйленуге дайындықтың ең алғашқы сатысы
дер едім. Дайындықсыз үйлене салу дайындықсыз
көлік жүргізуге ұқсайды. Көлік айдауды білмесең, жол
ережесінен хабарың болмаса, көп ұзамай біреуді қағасың
және өз өміріңді құртуың мүмкін.
«Физиологиялық емделу» деген түсінікті шығар.
Тәніңді емде деген сөз. Қажет болса чекаптан өтіп, анализ
тапсыр. Созылмалы ауруларың болса, соларды емдет.
Менің бір досым үйленбестен бұрын болашақ жары екеуі
медициналық тексеруден өткен еді. Резус деген нәрсе
бар. Ерлі-зайыптылардың қан тобы сәйкес келмесе, бала
сүю ықтималдығы азаяды. Витамин жетіспеушілі бар. Тез
шаршағыш адамдар болады. Кейін отбасылық өмірде кері
ықпалын тигізуі мүмкін.
«Психикалық емделу» дегенді психологиялық
жарақаттарыңды емдеу деп түсінемін. Оларды емдеу
үшін психологиялық кітаптарды оқып, өз эмоция,
23
Емд
ел
I БӨЛІМ
ойларыңды түсінуге тырыс. Қажет болса, психологқа бар.
Психикасында проблема бар адам отбасылық өмірде өзіне
де, жұбайына да қолайсыздық тудыруы мүмкін. Мысалы,
бір қызда «травма покинутого» бар. Лиз Бурбоның «Пять
травм» деген кітабын оқуды кеңес етемін. Ол сыйлық
алғанды ұнатпайды, үнемі басқаның көңіліне қарап, оның
мақұлдауын күтіп отырады. Оған күйеуі сыйлық жасаса,
«оданша анаңа жасамадың ба? Ертең сөйлейді ғой»
дейді. Ол өзін сыйлық алуға лайық санамайды. Бірақ
көңіл бөлмесең, өзін жалғыз сезініп, ренжиді. Оны күйеуі
түсінбей, ашуланады. Жалпы әйел адам қабылдау өнерін,
ал ер адам беру өнерін меңгеруі керек деп ойлаймын.
Осындай шешілмеген психологиялық проблемалар
отбасылық гармонияға салқынын тигізуі мүмкін. Айта
берсе, көп. «Мен оқуға ұсынатын кітаптар» бөлімінде тағы
да басқа психологиялық кітаптардың тізімін беремін.
Рухани ауруларға қызғаныш, тәкаппарлық, сараңдық,
т.б. жатады. Оларды емдеу үшін ең әуелі олардың табиғатын
түсініп алуың керек. Сосын олардың емдеу тәсілдерін
қолданып, өзіңмен жұмыс істейсің. Ерсін Әміренің
желіде күшті дәрістері бар. Әл Ғазалидің «Ихия ъулумид
дин» кітабы бойынша өткізген дәрістері. Сол жерде
рухани дерттер жайлы жақсы-жақсы ойлар айтылады.
Психологиялық кітаптардан ондай білімді кездестірмеген
едім.
Үйленуге дайындықты емделуден бастау — ең дұрыс
шешім дер едім.
24
Емд
ел
II БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |