17
Қай ж
ас
та үйленг
ен д
ұрыс?
I БӨЛІМ
рөлін қалай меңгерер еді? Сезімі суып, тұрмыс қамы
басталғанда, бір-бірін бұрынғыша сүйе берер ме еді? Оны
Шекспир айтпаған. Жалпы махаббат хикаясын баяндайтын
кино, кітаптардың қай-қайсын алсаң да, happy end-пен
бітетіндерін алайық, екі жастың қосылуымен аяқталады.
Бірақ ары қарай отбасылық өмірін көрсете бермейді.
Бәлкім ол ішті пыстырады деп ойлай ма екен?
Сол үшін махаббат хикаяларын оқи беру бір жағынан
зиян ба деп қаламын. Бос үміттің жетегінде кетіп, өмірден
де соны іздей бастаймыз. Шындыққа тік қарайықшы. Кез
келген отбасында үлкенді-кішілі проблемалар боп тұрады.
Бізге сол проблемалар жайлы айтатын, қалай шешуді
нұсқайтын кітаптар, кинолар көптеп қажет. Аға-әпкелер
іні-қарындастарына жол сілтеп, сол проблемаларды шешу
жолдарын көрсетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: