І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері



бет7/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
2.5. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері. Мұғалімнің іс-әрекет стилі деп оның кәсіби іс-әрекет түрлерін орындауындағы көрініс табатын әдіс- тәсілдердің тұрақты жүйесін атайды. Әр мұғалімнің іс-әрекеттерінде оның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, құндылық бағдарына немесе өзіндік ұстанымдарына байланысты қалыптасып қалған стильдері болады.
Жалпы алып қарастырғанда мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекет стильдері төмендегідей факторлардың әсеріне байланысты қалыптасуы мүмкін: а) іс-әрекет түріне, іс-әрекет ерекшеліктеріне, б) іс-әрекетке қатысатын субъектілер ерекшеліктеріне, в) мұғалімнің даралық – психологиялық ерекшеліктеріне.
Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерін білу маңызды. Педагогикалық іс-әрекет стилі – педагогтың өз шәкіттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшкліктері. Әр мұғалімнің балалармен қарым-қатынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология,әлеуметтану ғылымдарында педагогикалық іс-әрекеттің мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлық, либералдық, демократиялық.
Педагогикалық іс-әрекеттің авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімнің айтқанын, нұсқауларын орындаушылар ретінде қабылданады.
Педагогикалық іс-әрекеттің либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті әріптестеріне, оқушыларға ысырады. Мұғалім тек оқыту үрдісімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұндай қарым-қатынас стили бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің демократиялық стилінде оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым – қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым – қатынаста болады, оқушылардың жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері, шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады.
Кейінгі жылдары педагогикалық іс-әрекет стильдерін зерттеуде түрлі критерийлер анықталуда. Аса көп таралған іс-әрекет стилі анықталуда мұғалім бағытылығы негізге алынып қарастырылады. Мұғалімнің оқыту үрдісіне және нәтижесіне бағытталуы, мұғалімнің психологиялық ерекшелігіне байланысты .
Осы аталған бағытылықтар негізіне мынандай стильдер топтамасы анақталған:
а) экономикалық-импровизациялық стиль (мұғалім үшін оқыту үрдісі оқыту үрдісі, оның жылдамдығы, интуицияға негізделуі маңызды, оқу материалын бекітуге аз көніл бөлінеді).
б) эмоционалды-әдістемелік стиль (мұғалімнің оқыту үрдісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуға аса мән береді ).
в) пайымдаушылық-әдістемелік стиль (оқыту нәтижесіне бағытталуы, дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану, жұмыс жылдамдығы баяу).
г) пайымдаушылық-әдістемелік стиль (оқыту нәтижесі ғана маңызды, жоспарлау, оқыту құралдары мен тәсілдерін пайдаланудағы консервативтілік , жанашылдықтың жетіспеушілігі).
Педагогикалық іс-әрекет стильдері оның нәтижесінің табысты немесе табыссыз болуына әсер етеді. Мұғалім стиліне қарай оның оқушылар арасындағы, ұжымдағы беделі артады немесе төмендейді, оқытатын оқушыларының білім, білік, дағдылары жоғардайды немесе төмендейді ,сондай-ақ өзінің жеке «Мен»-жүйесінің дамуы не дамымай қалуы орын алады. Сондықтан әр мұғалім үшін өзінің педагогикалық іс-әрекет стильдерінің маңызы жақсы түсінуі абзал. Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастырады. Қарым – қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық ерекшеліктерін, құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуметін арнайы зерттеп білуі қажет. Мұғалімнің педагогикалық қабілеттерін зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелердің түрлері қазіргі психологиялық әдебиеттерде жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет