І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет3/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейі мен, жеке қабілеттері мен, өзін-өзі үздіксіз жетілдіру іскерлігі мен, өз ісіне деген шығармашылығы мен, жауапкершілігі мен,теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады. Мамандардың біліктіліктері, кәсіби құзіреттіліктері адамның жалпы мәдениетке қатынасын анықтайтын қажетті компонент. Мәдениеттің маңызды ерекшеліктері болып жеке тұлғаның өткен ғасырлар мұрасына терең саналы түрде қастерлі қатынаста болуы, шығармашылық пен қабылдай алу іскерлігі, кез келген іс-әрекеттер немесе қарым-қатынастара саласындағы шынайылықты түсінуі және жағымды тұрғыда өзгертуге ұмтылысы жатады. Мәдениет - адам біліміділігі мен кәсіби құзіреттілгінің жоғарғы көрінісі. Мәдениет-адам жанында, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше құрал. Діл (менталитет) – тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымының, дүниеге деген көзқарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Діл – адамның санасына терең сіңісіп қалған рухани құбылыс. Діл қай халықтың болмасын мәдениетінен, дінінен өмірлік тұрмысынан, философиялық идеяларынан және білім беру жүйесінен туындап қалыптасады.
2 тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІП ПЕН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның өзгешеліктері.

  2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде.

  3. Мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің сипаттамасы.

  4. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.

  5. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері.



2.1. Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның өзгешеліктері. Мұғалімдік кәсіптік ежелгі замандардан бастап қалыптасқанын баршамыз білеміз. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алып, ғасырлардан ғасырларға түрленіп мән-мағынасы жағынан көптеген өзгерістерге ұшырап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан тәрбие феноменінің өзектілігі жылдан жылға күшею үстінде. Әр қауымда балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелейтін, олардың есейгендігін дәлелдеуге дайындайтын қарапайым <<жастар үйі>> деп аталатын мекемелер пайда болған. Ондағы тәлім-тәрбие беруші беделді адамдар балаларды өмірге дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын меңгертіп, садақа атуға, аң аулау өнеріне, ептілікке, шыдамдылыққа, батылдыққа үйретіп отырған.
Сонымен қатар, қарапайым пиктографиялық жазу түрлері (picture - сурет, бейне), петроглифтер (ежелгі грекше тас және қашау) пайда бола бастады. Осындай жазу түрлері арқылы алғашқы адамдар келер ұрпаққа мұра ретінде өз тәжірибесін, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын бейне ақпарат ретінде жеткізбек болған. Сол көне замандағы петроглифтер мен пиктографиялық жазулар қазір жер шарының түпкір түпкірлерінен табылып, тарих қойнауынан сыр ақтаруда. Алғашқы қоғам өмірінің жетілуіне жүйелі түрде ықпал етіп келген тәрбие феномені қазіргі педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпаққа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын ерекше жоғары бағаланған.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері ақиқатпен астарласады.
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау қажеттілігі де туындамаушы еді. Педагог мамандығы мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлеріжоғары кәсіби құзіретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын көбейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардың болашағына бағдарланып, оның еңбегінің нәтижесі де келешекше ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет орындалып болғаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Мұғалім қызметі үнемі гумнистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі – педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әр баланың бойындағы қабілеті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау алу шеберлігінде. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, оның бойында өзінің ішкі жан дүниесін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет