І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет82/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөздік әдістерінің ішінде дискуссиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үдерісіндегі оның ең басты бағыты – оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойлауды тудыру.
Дәріс. Дәріс- көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғарғы сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қамтиды. Дәрістің артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат ағынының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Кітаппен, оқулықпен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу ең маңызды әдіс болып табылады. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс істеу сабақта мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Ал одан әрі қарай оқушылар кітаппен өз еркімен жұмыс істеуге үйренеді. Кітаппен жұмыс істеудің бірнеше түрлері бар:

  • Конспектілеу;

  • Мәтінің жоспарын құру;

  • Тезистеу;

  • Сілтеме жасау;

  • Аннотациялау;

  • Пікір беру;

  • Анықтама құрату;

  • Формалді-логикалық моделдерді құру;

  • Идеялардың матрицасын құру.

Көрнекілік әдіс. Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалын игерудегі көрнекі құралдар мен техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану жатады.
Оқытудың көрнекілік әдісін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация әдісі мен демонстрация әдісі.
Иллюстрация әдісі оқушыларға иллюстративті көрнекіліктерді, плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды, тақтадағы суреттемелерді, жалпақ моделдерді және т.б. көрсетуді ұсынады.
Демонстация әдісі әдетте құралдарды, тәжірибелерді, техникалық қондырғыларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және тағы басқаларды демонстрациялаумен байланысты.
Жаттығулар. Ол жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалатын оқыту әдісі.
Жаттығулар түрлеріне қарай: ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбектік болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет