І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет16/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

Педагогикалық шеберлік-оқу-тәрбие үрдісінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін, психологиялық-педагогикалық теорияны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерінің ерекше шыңдалғандығын көрсететін дамудың жоғарғы дәрежесіне жеткізілген оқыту және тәрбиелеу іскерлігі.

Психологиялық-педагогикалық теорияны тәжірибеде қолдану.
(Харламов И.Ф.)

5

Педагогикалық шеберлік- қоғамның мәдени-әлеуметтік құндылықтарын жақсы түсінудегі тұлғаның рухани-адамгершілік, интелектуалдық даярлығы, сонымен қатар, кәсіби іс-әрекетте өзінің білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдануға теориялық және практикалық даярлығын көрсететін қасиеттері.

Қоғамның мәдени-әлеуметтік құндылықтарын жақсы түсіну; шағармашылық білім, білік, дағдылар. (Подласый И.П.)

4 тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ



  1. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты.

  2. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы.

  3. Педагогикалық рефлексия – өзін-өзі тәрбиелеу негізі.



4.1. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын әлемдік деңгейде арттыра түсті. Осындай өзгерістер еңбек нарығында әр адамның бәсеке қабілеттілігін сақтай алу үшін жаңа талаптарға бейімделіп, тәжірибесі мен іс-әрекет түрлерін үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етуде.
Әлемдік деңгейде өмір бойы үздіксіз білім беру (Lifelong Education) үдерісі өзектене түсті, себебі тек үздіксіз білім алу арқылы ғана адамның кәсіби іс-әрекеті табысты бола алады. Үздіксіз білім берудің мәні ғылымының, техниканың, экономиканың дамуына байланысты адам білімінің үздіксіз және жүйелі түрде жетілдіріліп отыруымен анықталады. Үздіксіз білім беру идеясы әр адам үшін өзінің және қоғамның қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты әр жастық шағында білім алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Демек, адамның білім алуы уақыт интервалдарымен шектелмейді, ол өз қалауы бойынша өмір бойы өзінің білім деңгейін жетілдіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет