І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет24/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Педагогика ғылым ретінде. Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі рефлексиялауы мен дамытуын зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғылыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы педагогиканың құрылымын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді.
Жалпы ғылымилық түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминалогиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «педагогикалық өзара әрекеттестік» сияқты сөз тіркестерімен толықтырылады.
Жүйе дегеніміз – бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін нысанға жүйелілік тұғырын қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы.
Педагогика кез келген ғылым сияқты шынайы болмысты бейнелейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогикалық әректетті ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.
Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үдерісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс – жүйенің хал-ақуалының ауысуы, демек, білім беру үдерісі – әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй – жайының ауысуы. Педагогикалық үдеріс – қозғалыстағы дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, педагогикалық әрекеттің бөліктерін талдауға болады.
Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері. Объект – осы ғылым зерттейтін болмыстың саласы. Пәні объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз – зерттеудің нысанынын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Ғылымның пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағынышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі - дидактикада оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушыны оқытудың объектісі мен білім алудың субъектісі деп қарастырады.
Педагогика ғылымының объектісі – білім және тәрбие беру. Шын мәнінде, білім беруді, басқа ғылымдар да зерттейді. Бірақ педагогика – бұл білімдік беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы, бірден – бір ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын ғылыми пән.
Білім берудің негізгі мақсаттарына: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге, оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге оқушыны адамдармен бірге өмір сүруге үйренуге көмектес , оқушының өзіне деген үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет