І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Оқыту үрдісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері



бет61/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

2. Оқыту үрдісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері.
Оқытудың үш функциясы бар: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық.

  • Оқытудың білім беру функциясы. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды игерген жөн. Олар: білімнің толықтылығы; білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, білімділігі; білімнің ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту; білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау. Оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.

  • Оқытудың тәрбиелік фукциясы - оқыту барысында тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды,керісінше, біртұтастық ұстанымына негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.

  • Оқытудың дамытушылық функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, тірбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері дамиды. Демек, тұлға жан-жақсты қалыптасып дамиды. Дамудың ерекшелігі- ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен білім беру дамудың алдында жүріп отырады.

Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқыту үдерісі сонымен қатар, тәрбиелік сипатқа ие. Педагогика ғылымы, оқыту мен даму арасындағы тәрбие мен оқытудың байланысын объективті заңдылық деп есептейді.Бірақ оқыту үдерісі барысындағы тәрбиелеу, кейбір сыртқы факторлар ықпалынан қиындатылады, сондықтан да тәрбиелеу күрделі үдеріске айналады. Оқытудың тәрбиелеу қызметінің маңыздылығы, бұл оқыту үдерісі барысында өнегелік және эстетикалық түсініктер, әлемге деген көзқарас жүйесі, белгілі бір ортада арнайы нормалық ережеге сай заңдылықтарға бағыну түсінігі қалыптасады. Сабақтың әр минутында оқушылар білім мазмұны құрайтын білімдер , іскерліктер , дағдылар, қарым-қатынастар игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет