І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Қазіргі педагогикалық технологиялардың әр түрлі тұрғыдан жіктелуі



бет90/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

2. Қазіргі педагогикалық технологиялардың әр түрлі тұрғыдан жіктелуі. Педагогика ғылымында мен практикада педагогикалық технологиялардың алуан түрлі нұсқалары кезедеседі.Технологиялардың көптүрлілігі және көлемділігі оны жүйелеуді және топтастыруды қажет етеді. Бұл мәселемен А.Я.Савельев, В.Безрукова, Г.Ю.Ксензова, Г.К.Селевко, В.В.Юдин және басқа ғалымдар айналысқан.
Технологиялардың жіктелуін нақтылауда қазіргі уақытта макротехнологиямен микротехнологияларды бөліп қарастырады. Макротехнологияға көптеген авторлар педагогикалық үрдіс стратегиясы мен дамуын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық іс әрекет, ынтымақтастық ,дамыта оқыту, тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру технологияларын жатқызады.
Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзіндік жіктеуін ұсынады:
1) Педагогикалық қарым-қатынасты ізігілендіру демократияландыруға негізделген технологиялар
2) Оқушылардың іс әрекетін белсендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар
3) Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару негізіндегі технологиялар
4) Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар ( П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру, В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы»)
5) Баланың табиғи дамуына сүйенетін,халық педагогикасының әдістерінің пайдаланатын табиғи үйлесімділік.
6) Альтернативті технологиялар: Р.Штинердің вальдорф педагогикасы,С.Прененің еркін еңбк технологиясы және тағы басқа.
7) Кешенді технологиялар А.М.Тубельскийдің өзін-өзі анықтау мектебі.
3. Педагогикалық технологиялардың түрлері және сипаттамалары.
1) Тұлғалық бағдарлық білім беру технологиялары гуманизм идеясына негізделген және тұлғаны басты құндылық ретінде бағалайтын технологиялар.Педагогикалық теорияда барық технологиялар оқушы тұлғасын дамыту,а бағытталған,дегенмен тұлғалық-бағдарлық технология негізгі ерекшелігі мұғалім мен оқушы тұлғаларынынң ізгілік қатынасқа негізделуінде,оқушының оқу ортасын ізгілендіруде.Педагогикадағы бұл бағыттың өкілдері: Ш.А.Амоношвили,В.В.Сериков,Ю.И.Турчантнова,И.С.Якиманская,А.А.Бисенбаева т.б.
Осы бағыт бойынша оқу үрдісі мен оқушының өздігінен оқу үрдісі ажыратылып қарастыралады,яғни оқушының оқу арқылы тұлғалық қасиеттерін дамытуға баса назар аударылып,оының жеке даралығына,темпераментіне,мінезіне,өзіндік қарым қатынас стиліне,ұқайталанбастығына,оқу үрдісін оқушыға барынша қолайлы етіп берілуге басымдық беріледі.
Тұлғалық бағдарлық оқыту технологиялары мынандай тұжырымға негізделеді:
1. Білім алу арқылы адам өзін-өзі қалыптастыру,өзінің қайталанбас жан екенін сезіну,өзінің болашағына өзі жауапты екенін түсіндіру
2. Мұғалім тарапынан оқушыға қамқорлық,құрметпен сыйластық танытылып,өзі-өзі өзіектендіру,өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру
3. Гуманизм идеялары негізінде оқушылардың қоғам,мәдениет,әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі ретінде құндылықтық бағдарларын қалыптастыру.
4. Оқушының интеллектуалдық әлеуетін ашуға,шығармашылық қабілеттерін дамытуға,қажеттіліктерін жүйесін дұрыс анықтауға үйрету.
5. Тұлғалық-бағдарлық технологияларын қолдануда түсіндіруден түсіндіруге,монологтан диалогка,сырттай бақылаудан өзіндік бақылауға,сырттай бағалаудан өзін-өзі бағалауға басқаруға ауысудың талап етуі.
6. Оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауға,өздігінен оқу траекториясын анықтауға мүмкіндіктер және еркіндіктің берілуін қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет