І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Ынтаны, қызығушылықты ояту кезеңі (Evocation)



бет93/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

Ынтаны, қызығушылықты ояту кезеңі (Evocation):

  • Тақырып бойынша белгілі білімдерін еске түсіру, ойландыру;

  • Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту;

  • Оқушылардың осы тақырыпты меңгеру бағытын анықтауы;

  • Оқу ынтасын оятуға байланысты проблемалық сұрақтардың қойылуы;

  • Қызықты тарихи маңызды мысалдардың келтірілуі т.б.

Ой қозғау, түсіну кезеңі (Realization of Meaning):

  • Оқушылардың белсенді ой еңбегіне қатысуы;

  • Тақырып көлемінде мәтіндермен түрлі жұмыс істеу әдістерінің болуы;

  • Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

  • Мәтінге, білімге деген жағымды көзқарас қалыптастыру;

  • Оқушыларды өз беттерінше жұмыс істеуге, ізденуге үйрету;

  • Педагог тек сырттай бақылаушы, кеңесші, бағыттаушы болуы;

  • Сабақты жоспарлауда әртүрлі стратегиялардың пайдаланылуы т.б.

Рефлексия , ой толғаныс кезеңі (Reflection):

  • Бұрынғы білетін білімдермен жаңа алған білімдерін салыстыру;

  • Тақырып көлеміндегі білімдерін жүйелеу;

  • Болашақта осы тақырыпты жетілдіру бағыттарын анықтау;

  • Оқушының тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін талдауы;

  • Өздік танымдық жұмысын бағалаулары, өзара баға берулері;

  • Кері байланыс карталарының сұрақтарына жауап берулері;

  • Қорытынды тұжырым жасау үшін қысқаша эссе жазулары, т.б.

Сабақтың осындай құрылымы адам қабылдауының кезеңдеріне сай анықталған. Қысқаша айтқанда, ең бірінші тақырып бойынша не білетіндерін ортаға салып қызығушылықты ояту, екіншіден, жаңа ақпараттармен танысу және бөлісу, үшіншіден, бұл алған білімдерді не үшін және қалай қолдану жайлы ой толғаныстың болуы қажет.
Бұл технологияда ақпараттардың оқу арқылы қабылданып, жазу арқылы есте қалатынына аса мән берілген. Сондықтан аталып отырған технологияда оқу және жазу үрдістерінің түрлі тәсілдері қарастырылады. Мәтінмен жұмыс істей отырып оқушы өзінің қаншалықты түсініп отырғанын бақылайды, оған сырттан ешкім ықпал бермейді және танымдық мақсатқа өз бетінше жетуге тырысады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының түйін сөздері: түсіне оқу, тиімді оқу, рефлексиялық жазу. Мектептегі өзгермелі фактор – педагогтардың оқушыларды неге үйрететіндері емес, қалай үйрететіндері. Ең маңыздысы сол белгілі білім ақпараттарын тыңдаушығақандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуінде. Оқыту мен жазу білім берудегі ең негізгі үрдістер болғандықтан, оқушыларды дұрыс жазып, дұрыс оқу тәсілдеріне арнайы үйрету, ақпараттарға сын тұрғысынан қарап, ой елегінен өткізу тәсілдерін меңгерту қажет.
Оқуда кез келген ақпарат түрлі тәсілдермен талданып, мазмұны бойынша маңызды жақтары іріктеліп отырады. Түсіне оқу деген ұғымның өзі педагогты ойландыруы керек. Мұғалім ақпараттың күнделік деңгейін дұрыс таңдап, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуін ескеруі қажет.
Сондай-ақ тиімді оқытудың өзі үлкен өнер. Ол үшін мұғалім ой еңбегінің нәтижесіне әсер ететін барлық факторлар дұрыс ойластырылуы керек. Қанша уақыт жұмсау, нені анықтау, қандай сұрақтарға жауап іздеу, не үшін оқу – осының барлығын дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің және технологиялық құзіреттілігінің айқын дәлелі бола алады.
Рефлексиялық жазу – оқу барысында оқушылар көптеген жазба жұмыстарын атқарып отырады. Мысалы қысқаша конспект жасау, түртіп жазу, ұнаған ойларды жазып алу, ұлы адамдар сөздерін жазып алу. Сонымен қатар оқыған материал бойынша рефлексиялық жазба жұмыстарын жүргізу (оқылған материал бойынша эссе, шығарма, мазмұндама жазу т.с.с.) білімді меңгеру деңгейін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін маңызды тетіктердің бірі.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының көптеген стратегиялық тәсілдері бар және олар жылдан жылға көбею үстінде: «Білемін, білгім келеді, білдім», «INSERT» (interaktiv notig system for reading and thinking)», «Синквейн», «Кластер», «Сенесіз бе?», «Зигзаг», «Рефлексиялық сұрақтарға жауап», «Жолақтағы белгілер (+,-,!,?), «Паузамен оқу», «Сұхбат», «Эссе», «Джигсо (jigsaw-пазл)», «Аралас мәтіндер», «Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырып өзара тексеру», «Мұғалімнің жасырын қателері», «Жарнама», «Тақта алдындағы топтық жауап», «Тарау бойынша блиц-турнир», «Ассоциация», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Балықшылар сайысы», т.б. көптеген стратегиялары бар. Тек әр мұғалім осы старатегияларды әр ситуацияда ұтымды пайдалана алуы оның жеке құзырында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет