I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


Қазақстандағы қазіргі ойыншық нарығы



бет21/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
арт сессия жауап Айша

22. Қазақстандағы қазіргі ойыншық нарығы
Кез келген бала ойыншық арқылы есейіп, ой-өрісін дамытады. Сол себепті де, балаларға ойыншық сатып аларда қателеспеу қажет. Бірақ ойыншықтың қауіпсіздігі мен сапасына баса мән беретіндер аз. Дүкен сөрелерінде жайғасқан қызылды-жасылды ойыншықтар көз сүріндіргенімен, олардың сапасын назардан тыс қалдыруға болмайды. Ойланбастан түрлі ойыншықтарды сатып алған ата-ана балаларға қалай қауіп төндіргенін де сезінбей қалуы мүмкін. Ойыншықтардың кейбірі балалардың денсаулығына, психологиясы мен дамуына кері әсер етеді. Осы орайда балаларға арналған ойыншықтардың сапасын ретке келтіру мақсатында Кедендік одақтың «Ойыншықтар қауіпсіздігі» туралы құжатқа бірқатар өзгерістер енгізу мәселесі де орынды көтерілді деуге болады
Қазақстанда балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіп­сіз­дігі Кедендік одақ комиссиясы бе­кіткен «Ойыншықтар қауіпсіздігі ту­ра­лы» техникалық регламенті бойын­ша қадағаланады. Осы құжатта ойын­шық­тардың сапасы мен қауіпсіздігін қамта­масыз ететін талаптар көрсетілген, өйткені ойыншықтар балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейтіндей болып жасалуы тиіс. Елімізде ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заң да бар. Аталған заңда қолданылатын ойыншықтар адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауда қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тіпті, бізде ойыншықтардың бала дүниетанымына қалай әсер ететіндігін бақылайтын органның бар-жоғынан да көпшілік хабарсыз. Мәселен, Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ойыншықтардың сыртқы келбетін ғана тексереді. Яғни, «аллергия тудыра ма, құрамында қауіпті қоспалар бар ма?» деген техникалық жағын ғана назарға алады. Сондықтан психологтар да, ойыншық өндірушілер де баланың қандай ойыншықпен ойнап отырғанына тек ата-ана ғана жауапты дейді. Дегенмен, психологтар бұл бас­та­маның жүзеге асуын құп көреді. Психологтардың айтуынша, жоғарыда аталған монстр хай қуыршағының жез тырнақтары, шашының бояуы мен көзінің түсі, ұсқынсыз киімі баланың жүйкесіне кері әсер етеді. Мұндай ойыншықтардың кесірінен бала психологиялық жарақат алуы мүмкін. Балалардың психологиясына кері әсер ететін ойыншықтар монстр хай қуыршақтарымен шектелмейді. Шетелдік анимациялық фильмдердің ойыншықтарға арналған кейіпкерлерінің біразы балаларға теріс ықпал ететінін айта кеткеніміз жөн. Бүгінде аяғы ауыр қуыршақтарды да, қолына қару ұсынған түрлі құбыжық бейнесіндегі ойыншықтарды да кез келген дүкеннен табуға болады. Бұлар да бала психикасына кесірін тигізуі әбден ықтимал. «Ойыншықтардың қауіпс… Ұлттық ойыншықтарға бизнес ретінде емес, ұлттық идеология ретінде қарау қажет. Ұлттық болмысқа тұнып тұрған қазақы ойыншықтарды дамыту, жетілдіру арқылы бүлдіршіндердің бойына қазақылық болмыстың дәнін егер едік. Алайда бізде балаларымыздың көз қуанышына айналған өнімдерді өндіру үшін мемлекеттің қолдауы аз болып тұр. Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін «Қызыл Ту» зауыты жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек оның орнын «Сұңқар» атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты. Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.Бүгінде баланың заманға сай болуына назар аударатындар көп. Алайда ұлтының ұлы мұрасын білмей өскен ұрпақтың дүбәра болмасына кім кепіл?! Осы сылбыр жүрісімізбен болашақ ұрпақты айықпас дертке ұшыратып алмасақ жарар еді…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет