29. Әр түрлі кезеңіндегі балаларының ойындарын сипаттаңыз Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар, «ойын олар үшін оқу, еңбек және тәрбиенің нақты формасы» деді.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін қоршаған ортаны танып білу формасы. Ойынның әлеуметтік сипаты белгілі бір қоғамда өмір сүретіндігіне байланысты және ойын қарым-қатынас құралы.
Баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соны ашып алау қажет. Өткен ғасырдағы кейбір оқымысты ғалымдардың айтуынша Шиллер «Бала қозғалмай, әр нәрсемен айналыспай көп отырса, соның салдарынан жұмсалмай қалған қуат жиналады да соны жұмсау қажеттілігі баланы ойнауға итермелейді». Бірақ бұл пікірге көптеген психологтар қарсы болған. Тек жұмсалмай қалған қуат күші жиналған балаларға ғана емес, кейбір шаршап отырған балалар да ойнайсың ба сұрағанда ойнаймын деп жауап береді. Соны есепке алып Австрия психологы К.Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы баланың не себепті ойнайтынын дәледей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып рахаттануымен ұштастырылмаса, екінші рет ойнағысы келмес еді
Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог-ғалымдар Д.Б.Эльконин, А.В.Черков, Р.М.Римбург, А.В.Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді.
«Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, өз ойын білдіру әрекетін көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген болатын
Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды.
Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы, тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға оларда әртүрлі ойындарға деген іскерлікті қалыптастыруға: сюжеттік-рөлдік, дидактикалық, қозғалмалы мүмкіндік береді. Балалар мінездегі өзгешеліктерді ажырата бастайды және өзінің іс-әрекеттерінде ойындардағы әдістерді, құралдарды пайдаланады.