1.15.3. Цилиндрлік конденсатор
Конденсатор радиустары (ішкі) және (сыртқы) болатын екі коаксиальді цилиндрден (астарлардан) тұрады. Цилиндрдің ұзындығы олардың арасындағы саңлауға қарағанда өте үлкен деп есептейміз.
(1.37) өрнегіне сәйкес:
(1.49)
өйткені (цилиндрдің бірлік ұзындығындағы беттік заряд). Сонда цилиндрлік конденсатордың бірлік ұзындығына сәйкес келетін сыйымдылығы мынаған тең:
(1.50)
Ал,
мұнда да, егер онда (1.50), (1.51) жазық конденсатор сыйымдылығының өрнегіне айналады.
1.16. Конденсаторларды жалғау
Егер конденсатор кернеулігін өте жоғарылатсақ конденсатор астарларының арасында ұшқындар пайда болып, олар “тесіледі”, яғни істен шығады. Сондықтан, әрбір конденсатор тек сыйымдылықпен ғана емес, тағы максимальды жұмыстық кернеумен де сипатталады. Берілген жұмыстық кернеуде белгілі бір қажетті сыйымдылыққа ие болу үшін түрлі конденсаторларды батареяға бір-бірімен өзара тізбектеп немесе параллель жалғайды.
Конденсаторларды тізбектеп жалғау дегеніміз - бұл конденсаторларды батареяға жалғаған кезде бір конденсатордың теріс зарядталған астары екінші конденсатордың оң зарядталған астарымен жалғанып, ал екінші конденсатордың теріс зарядталған астары үшінші конденсатордың оң зарядталған астарымен жалғанып және әрі қарай осындай тәртіппен жалғана беретін жағдайды айтады.
Бұл жағдайда барлық конденсаторлар үшін заряд батареяның толық зарядына тең болады, оны былай жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |