2.2. Диэлектриктердің поляризациялануы. Поляризация векторы. Диэлектрлік қабылдағыштығы.
Сыртқы электр өрісі болмаған кезде диэлектрик молекулалардың дипольдік моменттері не нөлге тең (полярлы емес молекулалары), не кеңістіктегі бағыттар бойынша қалыпты түрде бөлініп тараған (полярлы молекулалар) болады. Екі жағдайда да диэлектриктің электрлік моментінің қосындысы нөлге тең.
Сыртқы өрістің әсерінен диэлектрик поляризацияланады. Мұның өзі диэлектриктің қорытқы электрлік моменті нөлден өзгеше болады деген сөз. Диэлектриктің поляризациялану дәрежесін сипаттайтын шама ретінде бірлік көлемдегі электрлік моментті алады. Егер өріс немесе диэлектрик (немесе екеуі де) біртекті болмаса, диэлектриктің түрліше нүктелеріндегі поляризациялану дәрежесі әр түрлі болады. Берілген нүктеден поляризациялануды сипаттау үшін, осы нүктені қамтитын физикалық шексіз кішкентай көлемді бөліп алу керек. Осы көлемдегі молекулалар моменттерінің қосындысы тауып, мына қатынасты аламыз:
(2.2)
Осы формуламен анықталатын шамасы диэлектриктің поляризациялану векторы деп аталады.
Диэлектриктің поляризациялану векторы сол нүктедегі өріс кернеулігімен мынадай қарапайым қатынаспен байланысқан:
(2.3)
мұндағы - скаляр шама және ол берілген заттың поляризациялық коэффиценті немесе диэлектрлік қабылдағыштығы деп аталады, ол - ге тәуелсіз өлшемсіз шама.
Полюсті емес молекулалардан құралған диэлектриктер үшін (2.3) формуласы мына төмендегі қарапайым ұйғарулардан шығады. көлім шегіне саны - ға тең молекула орналасады, мұндағы -бірлік көлемдегі молекулалардың саны. моменттердің әрқайсысы бұл жағдайда (2.1) формуламен анықталады. Сөйтіп,
(2.4)
Бұл өрнекті - ға бөліп, поляризациялану векторын аламыз:
(2.5)
Соңында
(2.3)
Белгілеуді енгізіп, (2.3) формулаға келтіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |