2.8. Электреттер (диэлектриктер)
Поляризацияны тудыратын сыртқы әсерлерді тоқтатқаннан кейінде де ұзақ уақыт поляризацияланған күйін сақтайтын және айналысында электр өрісін тудыратын диэлектриктер электреттер деп аталады. Егер де молекулаларының дипольдік моменті бар зат балқытып, күшті электр өрісінде ұсталатын болса, әлгі молекулалар ішінара өріс бағыты бойынша бағдарланатын болады. Балқыма электр өрісі әсер етіп тұған кезде салқындатылатын болса, қатайған заттағы молекулалар өріс әсері тоқтатылғаннан кейін де өзінің ие болған бағдарын ұзақ мерзімге (бірнеше күннен бастап бірнеше жылға дейін) сақтай алады. Электретті ең алғаш рет 1922 жылы жапон физигі Егучи жасаған.
Кристалды заттарда квазидиполь деп аталатын өріспен бағдарлау немесе элекродтар маңайында заряд тасушыларды шоғырлау арқылы қалдықты поляризация жасалынады. Электреттер дайындалған кезде диэлектриктерге электродтардан немесе электрод аралығынан заряд тасушылар енеді. Заряд тасушыларды жасанды жолмен, электрондар ағынымен сәулелеу арқылы тудыруға болады. Аморфты смолалардан, полимерлерден, шыныдан және т.б. заттардан тұрақты электреттер алынады.
Электреттер тұрақты электр өрісінің көздері (электретті микрофон және телефон, электрометр, электрстатикалық вольтметр т.б.), дозимитрия құрылғыларының сезімтал датчиктері ретінде және электрлік фотографияда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |