І. Электрстатик а



бет26/55
Дата14.05.2022
өлшемі1,99 Mb.
#34385
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
І. Электрстатик а

2.5. Пьезоэлектриктер

Электр өрісінің әсерінен диэлектриктер поляризацияланатынын білеміз. Бірқатар кристалдар (симметрия центрі болмайтын, соның ішінде барлық сегнетоэлектриктер) механикалық деформация әсерінен де поляризацияланады. Бұл құбылыс пьезоэлектрлік эффект, ал бұған сәйкес келетін зат пьезоэлектрик деп аталады. Бұл құбылысты ең алғаш рет 1880 ж. зерттеген француз ғалымдары ағайынды Ж. және П. Кюрилер болды. Пьезоэлектриктерге турмалин, кварц, сегнет тұзы, барий метатитанаты және басқалар жатады.

Пьезоэлектрлік эффектінің мынадай түсініктемесі бар: кез-келген кристалл торын бір – біріне кигізілген анағұрлым қарапайым бірнеше түрлі атомдардан немесе атомдар тобынан құралған деп қарастыруға болады. Деформация кезінде тордың оң иондары бір жаққа, ал теріс иондары қарама – қарсы жаққа жылжитындықтан, симметрия бұзылып, бұл ығысу кристаллдағы электрлік моментті туғызуы мүмкін.

Жоғарыда баяндалған түзу эффектімен қатар кері пьезоэлектрлік эффек те болады. Пьезоэлектриктерді сыртқы электр өрісінің әсеріне ұшыратқан кезде әлгі пьезоэлектриктер деформацияланады, яғни созылады немесе қысылады. Кері пьезоэлектрлік эффектіні электрострикциядан ажырата білу керек. Соңғысы барлық диэлектриктерде – қатты, сұйық және газ тәрізділер де бар. Ал пьезоэлектрлік эффект кейбір кристалдарда ғана пайда болады. Одан соң электрострикция кезінде деформация өріске квадратты тәуелді болады және өріс бағыты өзгергенде таңбасын өзгертпейді. Пьезоэлектрлік эффект өріске сызықты тәуелді болады және өрістің бағыты өзгергенде таңбасын өзгертеді.

Тура және кері пьезоэлектрлік эффектілер техникада кеңінен қолданылуда. Алғашқы, яғни тура эффект тез өзгеретін қысымды өлшеу үшін (пьезоэлектрлік манометр), ал екінші ультрадыбыстық генератор пайдаланады. Пьезскварц жоғары жиілікті тербелістерді тұрақтандыру үшін де қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет