І. Электрстатик а



бет45/55
Дата14.05.2022
өлшемі1,99 Mb.
#34385
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
1



1

5.7 – сурет.

Металдардағы жылудың тасымалдануы, негізінен, еркін электрондардың қозғалысының арқасында іске асады. Бұл кезде 1 – 1 қимасынан жоғары температура облысынан өткен электрондар осы қимадан қарсы жақтан өткен электрондарға қарағанда өздерімен көп энергия алып өтеді. Электрондар жылдамдықтарының айырмасының салдарынан өткізгіш сымның екі ұшындағы электрондар саны да әртүрлі болып, ол қарама – қарсы таңбалы зарядтала бастайды. Өткізгіш сымның ішінде электр өрісі пайда болып, зарядтардың әрі қарай бөлінуіне кедергі жасайды. Сонымен, белгілі температура градиентінде (тепе – теңдік жағдайдағы градиентте) өткізгіш сымның бойында шамасы осы температура градиентіне пропорционал тұрақты потенциал айырымы туады. Бұл – Томсон құбылысы.

Егер екі текті металды (1.2) өзара дәнекерлеп, осы дәнекерді белгілі Т температурасына дейін (оның екі ұшындағы температурадан Т0 жоғары) қыздырсақ (5.8 – сурет), онда әр металдың бойындағы потенциалдық кемуінің әртүрлі болуына және электрондар концентрациясына байланысты олардың бос ұштарындағы потенциалдары әртүрлі болады да металдар арасында потенциалдар айырымы U пайда болады.



5.8 - сурет

Егер осы дәнекерді басқа бір Т температураға дейін қыздырсақ (5.8 – сурет), онда өткізгіштің бос ұштарының арасында потенциалдар айырымының басқа бір мәні орын алады. Егер бірдей металдардың ұштарын қоссақ, онда екі текті металдан тұратын тұйық тізбекте электр қозғаушы күші пайда болады:

(5.10)

егер дәнекерлер арасында тұрақты температура айырымы болатын болса, бұл шама термоэлектрлік қозғаушы күш деп аталады да, ол тұйық тізбекте тұрақты электр тогын туғызады:



(5.11)

Берілген қос металл үшін оның бір дәнекерінің температурасын 1К –ге көтергенде (қыздырғанда) термоэлектр қозғаушы күшінің артуын көрсетеді.

Термопара жөнінде айтқанда, әртүрлі екі текті металдарды дәнекерлеп қыздыру арқылы термоэлектр қозғаушы күш тудыруға болады екен.

5.9 – сурет.

Жоғарыда айтылған термоэлектрлік құбылыстарға қарапайым ток көздері бола алатын термоэлектрлік генераторлардың жұмыстары негізделген. Олардың қарапайымдылығы ешқандай қозғалыста, айналыста ешқандай механизмдердің болмауында. Қазіргі кезде термогенераторлар құрылысы үшін, негізінен, шала өткізгіштер пайдаланылады. Олардың термо ЭҚК – тері металдарға қарағанда жоғары.

6. ЭЛЕКТРОЛИТТЕГІ ТОК





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет