І. Электрстатик а


Газдардағы электр тогының табиғаты



бет47/55
Дата14.05.2022
өлшемі1,99 Mb.
#34385
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
7.1.Газдардағы электр тогының табиғаты

Электр тогының газ арқылы өтуі газ разрядтары деп аталады. Металдарда, жартылай өткізгіштерде және электролиттерде ток тасушылар токтың өту процесіне байланыссыз-ақ әрқашанда өмір сүре береді, электр өрісі тек бұрыннан бар зарядтардың реттелген қозғалысын туғызады. Қалыпты жағдайда газ изолятор болып табылады, онда ток тасымалдаушылары жоқ. Тек арнайы шартты сақтағанда ғана газдарда ток тасушы зарядтар (иондар, электрондар) пайда болып, электр разряды тууы мүмкін.

Газдардағы ток тасымалдаушылар электр өрісі бар екеніне қарамастан, сыртқы әсердің нәтижесінде тууы мүмкін. Бұл жағдай газдардың еріксіз (өздік емес) өткізгіштігі деп аталады. Еріксіз разряд газдардың жоғары температураға дейін қызуынан (термиялық ионизация), ультракүлгін немесе рентген сәулелерінің сондай – ақ радиоактивті сәулелердің әсерінен тууы мүмкін.

Егер газдардағы ток тасымалдаушылар, осы газға түсірілген электр өрісі тудырған процестердің нәтижесінде пайда болса, онда мұндай өткізгіштікті дербес (өздік) өткізгіштік деп атайды.

Газ разрядтарының сипаты көптеген факторларға: газдың және электродтардың химиялық табиғатына, газ температурасы мен қысымына, электродтардың формасына, көлеміне, олардың өзара орналасуына, кернеуге, тоқтың тығыздығына, қуатына т.б. байланысты болады. Сондықтан, газ разрядтары сан алуан түрде өтуі мүмкін. Мысалы, газ разрядтары атап айтқанда сатырлау, жарық шығару, ұшқындау және басқа да дыбыс құбылыстарымен қосарланып жүреді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет