І. Электрстатик а


Электрондық соққылау арқылы ионизациялау



бет51/55
Дата14.05.2022
өлшемі1,99 Mb.
#34385
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
І. Электрстатик а

7.5. Электрондық соққылау арқылы ионизациялау

Газдардағы электр разряды құбылыстарында атомдарды электрондық соққылау арқылы ионизациялау үлкен роль атқарады. Бұл процесте қажетті кинетикалық энергияға ие болған электрон қозғалу барысында бейтарап атомдармен соқтығысу нәтижесінде одан бір немесе бірнеше электрондарды ұрып шығарады. Осының нәтижесінде бейтарап атом оң ионға айналады да,

ал газда жаңа электрондар пайда болады. Мысалы, сетка мен катодтың арасындағы потенциалдар айырымы U болса, онда әрбір электрон (электровольтпен өлшенетін) мынандай кинетикалық энергияға ие болады.

(7.14)

Әдетте, катод пен сетканың арасы коллектор (анод) мен сетканың арақашықтығына қарағанда әлдеқайда кіші болады да, газ қысымы электрондардың газдағы еркін қозғалу жолының орташа ұзындығы сетка мен катод арасынан үлкен болатындай етіп алынады.

Электрондар энергиясы ионизациялау энергиясына теңеліп немесе одан жоғары болғанда, сетка мен коллектор арасында оң иондар пайда бола бастайды. Сондықтан колекторда ток алғаш пайда болған кездегі сетканың потенциалын өлшеу арқылы белгілі газ атомдарының ионизациялық энергиясын анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет