I-iі курстарда акробатикалық жаттығуларды орындау техникасы және үйрету әдістемесі «гимнастика»



бет8/11
Дата31.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#64126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Акробатика каз Аян

Сақтандыру және көмек. Оқушының жанында тұрып, бір қолымен арқа астынан ұстап, екінші қолымен аяғынан ұстап көмектесу


Жүрелеп тіреніп, тізені бүгіп алға аунап, жауырынмен тұруды орындау
Қолдарды белден ажыратып алға аунауды бастау, сонымен бірге топтасуды алу. Аунаудың соңында иықпен алға қарай ширақ қимылды орындау керек және жүрелеп тірену қалпын қабылдау керек.


Оқыту реттілігі

  1. Жүрелеп тіренуден артқа аунау және алға аунау, топтасуда отыру.

  2. Жүрелеп тіренуден топтасуда артқа аунау және жүрелеп тіренуден алға аунау.

  3. Жүрелеп тіренуден тізені бүге артқа аунау жауырынмен тұру (ұстап тұру), алға аунау, топтасуда отыру.

  4. Жүрелеп тіренуден артқа аунау, тізені бүгіп, артқа аунау (ұстап тұру), алға аунау, жүрелеп тірену.



Типтік қателіктер. Тізені бүгіп, жауырынмен тұруды орындау және алға тоңқалаң асып түсудің екінші жартысындағы қателермен ұқсас


Сақтандыру және көмек. Арқа немесе иық астынан демей отырып, жүрелеп тіренуге ауысу сәтінде жанынан тұрып көмектесу.


Жауырынмен тұруды орындау техникасы жүрелеп тіренуден, қолдармен тізенің ортасынан ұстай отырып, артқа аунауды орындау. Аунау соңында, жауырынды еденге тигізе отырып, қолдармен белден ұстау және аяқтарды кең ашып, жауырынмен тұруды орындау. Дене тік қалыпта болу керек және шынтақты ашпау керек.


Сақтандыру және көмек. Бүйірде тұрып, бір қолыңызбен иықтың астына, екінші қолыңызбен, қажет болған жағдайда, арқаңыздың астына итеріңіз


Артқа тоңқалаң асу және артқа аунау, жауырынмен тұру. Бұл орам үйретілген элементтерден тұрады. Сондықтан да оларды жекелеп қайталап, содан кейін қосу керек. Орындау техникасына, сақтандыруға және көмекке қойылатын талаптар дәл сондай.


Алға екі-үш тоңқалаң асуды орындау техникасы. Бірінші тоңқалаң асу тез әрі күшті орындалады, содан кейін қолды еденге қойып, аздап іркіліп, екіншісі мен үшіншісі орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет