Оқыту реттілігі.
1. Жүрелеп тіренуден алға тоңқалаң асу, жүрелеп тірену
2. Жүрелеп тіренуден алға жүрелеп тіренуге тоңқалаң асу және жоғарыға секіру
3. Жүрелеп тіренуден алға екі тоңқалаң асу, жүрелеп тірену.
Типтік қателіктер.
1. Тоңқалаң асулар арасында тоқтап қалу.
2. Алға тоңқалаң асуды орындау барысындағы қателер.
3.3.Тоңқалаң асулар
Дененің міндетті түрде бастан асып, аударылып түсуін тоңқалаң асу деп атайды.
3.4. Тұрулар
Тұру дегеніміз аяқтарды жоғарыға қаратып, дененің тігінен тұрған күйі. Олар шектелген тұрақты тепе-теңдік түріне жатады. Тіреудің контакт алаңына байланысты тұрулар әр түрлі санат қиындықтарына бөлінеді.
Мысалы, тұрулар жауырынмен тіренумен, иықпен, баспен, қолмен, т.б. түрде орындала алады. Тұрулар акробатиканың спорт түрі ретіндегі ерекшелігін айқын көрсетеді және негізгі жұмыс жағдайлары ретінде кеңінен қолданылады.
9 сурет. Тізені бүге, жауырынмен тұруды орындау
аяқтарды бүгіп, жауырынмен тұруды орындау техникасы жауырынмен тұру топтасуда артқа аунаумен орындалады.
Көптеген акробатикалық элементтерді орындау техникасын салыстырмалы талдау олардың гимнастикалық көпсайыстың жекелеген түрлеріндегі тіреусіз фазалармен сәйкес жаттығулармен құрылымдық ұқсастығын көрсетеді, сәйкесінше жақсы акробатикалық даярлық гимнастикалық снарядтардағы жаттығуларды орындауға тікелей қатынасы бар.
4. ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН КОМБИНАЦИЯЛАР
№1 комбинация
Бастапқы қалып - жүрелеп тірену – бастапқы қалып - алға қарай тоңқалаң асып түсу – жауырында тұрып, артқа аунау – алға аунау бастапқы қалыпқа келу – бастапқы қалыпта жанға тоңқалаң асып түсу және негізгі тұрысты қабылдау.
№2 комбинация
Бастапқы қалып – негізгі тұріс - жүрелеп тірену – жүрелеп тіренуде алға қарай екі мәрте тоңқалаң асып түсу – жауырынмен тұрып, артқа аунау – алға аунап, жату және «КӨПІР» - жату, қолмен бастың артынан тірей отырып, артқа аунау – жүрелей тіреніп, алға аунау және негізгі тұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |