I инфляцияның мәні, мазмұны және оның әлеуметтік, экономикалық зардаптары


ІІ Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі инфляцияның қалыптасу ерекшеліктері



бет3/8
Дата02.12.2023
өлшемі84,86 Kb.
#131633
1   2   3   4   5   6   7   8
ІІ Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі инфляцияның қалыптасу ерекшеліктері
2.1 Қазақстандағы инфляциялық процесстердің дамуы
Осы күндегі Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болды.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болды.
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық ойын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөлім анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашлығы арасындағы алшақтық;

  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісің арасындағы дмспропорциялар;

  4. әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;

  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келеді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өнімдер арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отыран, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарлардың 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезден Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. Бірақ КСРО халық шаруашлығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция тек капитализмге тән, ал социализм жағдайындағы экономикада, яғни жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болды. Шындығында да, дерективті түрде баға белгілеу барысы, қалықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай — ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашлығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен, ЖҰӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапынан қайта бөлу есебінен кейбір тауарлардың шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстандағы және басқада ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептетіне 30- жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығындар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашлығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгіленудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол береді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ). жатады. Ол үй шаруашылығының «тұтыну қоржынынан» жататын жекелеген тарауларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда 1991 жылдан бастап анықталады.
«Тұтыну қоржыны» 275 тауармен қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы қайта қаралып, өзгеріп отырды. 1996 жылы шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджеттен зерттеу нәтижесінен келіп, «тұтыну қоржынындағы» тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталды: тамақ өнімі 62,6 % (бұрынғысы-58,2 %), азық-түлік емес тауарлар 23,2% (30%); ақылы қызмет – 14,2% (11,8%). Тұтыну бағалары 1992 жылы — 3006% -ды, 1993 жылы — 2266%-ды құрады. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%; 1999 жылы – 17,8%; 2000 жылы – 9,8%; 2001 жылы – 6,4% ды құрады [8. 123-125 б.б.].
1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын.
Көп уақыт бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік эмокомист-матералистердің назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Манетаристер ақша массасындағы өзгеріс инфляциясының негізгі факторы болады деп санайды.
Инфляциялық процестің Қазақстандағы дамуы да осы көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырады. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы шен инфляциясының өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125 %; 1995 жылы — 216% және 160% құрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берілді. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшалардың құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендейді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның мақроэкономикалық деңгейіндегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп мен машина жасау көлемі 90 %-ке, ауылшаруашлық пен азық-түлік өндірісі 50-60%-ке қысқарды.
1994 жылы сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 жылы осы мерзімнен салыстырғанда 608%-дан 759%-ға көтерілді. Оның себебі 1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың «егемендіктер парадының» басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға әкеп соқты. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құрылады. Мұның бәрі тоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 жылы жазында гиперинфляция өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылы қараша айында республиканы жедел түрде ұллтық валюта-теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінді аса тездікпен салмағын «жоғалтып» жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Монетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 жылы инфляция 11,7% болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.
2001 жылдың инфляция болжамды деңгейден жоғары болмайды деген ойын талай рет бүкпесіз айтқанды. Бірақ осы жыл аяғындағы жағдай бұдан сәл басқаша болып шықты. Ұллтық банкте өткен баспасөз мәслихатында жылдық инфляция деңгейі 9,8 % құраған болатын. Бұл 2000 жылға белгіленген индикативтік көрсеткіштен 0,3 пунктке жоғары.
2001 жылы 9,5% мөлшерінде жоспарланған инфляция деңгейіне қол жетпеуіне бірқатар азық-түлік тауарларының тым қымбаттап кетуі әсерін тигізген. Атап айтқанда, жыл ішінде қанттың бағасы 40%-ға, жеміс пен көкеніс — 30%-дан астам, жұмыртқа төртінші тоқсанның өзінді 43%-ға қымбаттаған. Ұлттық банк төрағасының пікірінше, аталған тауарлар бағасының жылдық өсімі өзге тауарлардікіндей 10%-дың төңірегінде болса, онда жылдық инфляцияның деңгейі 8,4% шамасында болған болар еді. Осыған байланысты Марченко мырза қанттың бағасына қатысты жағдай монополияға қарсы комитет тарапынан назар аударуға тұрарлық дегенді аңғартты. Сондай-ақ, ауылшаруашлық өнімдерін өткізуде қиындықтар бола тұрып, жеміс пен көкеніс бағасының қымбаттауы да ойлантты. Ал жұмыртқаның қымбаттағаны Үкіметтің ішкі рынокты қорғау жөніндегі қабылдаған шешімімен байланысты. Бұл арада ұлттық тауар өндірушілер мен тұтынушылар мүддесінің қабыспай жатқандығы көрініп тұр.
Жалпы алғанда 1999 жылдың екінші жартысында басталған оң үрдістер күшейе түсті. Инфляция 1999 жылғы деңгейден екі есеге жуық төмендеді. Төлем балансы сальдосы жақсарды, елдің алтын-валюта резерві біршама өсті. Ұлттық банк Халықаралық валюта қоры алдында өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын толық өтеді.
Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы саясатын ұстаныпкелді. Ол 1999 жылдың аяғында ұлттық валютамыздың доллармен алғандағы бағамы 145,40 теңге болды. Теңгенің жыл бойы құнсыөдануы 5,2% құраған.
2001 жылғы мемлекеттік құнды қағаздар рыногындағы ахуал да тәуір деуге тұрады. Айланыс мерзімі 12 айдан және одан да көбірек уақытқа шығарылған құнды қағаздардың үлесі 44%-ға дейін өсті. Банктердегі депозиттер ұлғайып келеді.
2000 жылдың 11 айында халықтың банктердегі салымдары55%-ға алтып, 85,4 млрд теңгеге жеткен (593 млн АҚШ долларына тең). Мерзімдік салымдардың ұлғаюы нәтижесінде нақты секторға несие беру де ұлғая түскен.
2004 жылы инфляция 6,9% құрады (2003 жылы – 6,8%, 2002 жылы – 6,6%). Инфляцияның пайда болуына мұнайға деген бағаның жоғары болуы, импорт инфляциясы және монетарлық факторлар. Өндіріс тауарларының бағасы 23,8% өсті.
Біздің болжам бойынша өндіріс тауарларының бағасы 2005 жылы — 10%, 200 жылы – 9,3%, 2007 жылы – 5,5% өспек.
2004 жылы тұтыну нарығында баға тарифы 6,7% өсті. Ең үлкен өсім 2004 жылдың төртінші тоқсанында болған. Ол 2,8% құрады. 2004 жылғы инфляциясының пайда болуына төмендегілер әсер еткен:
— маусымдық көкеніс, ет өнімдерінің және жұмыртқаның қымбаттауы;
— ақылы қызметтердің тарифінің өсуі;
— өндіріс тауарларының бағасының жоғарлауы;
-2003 жылғы астық көлемінің қымбаттауы;
2004 жылы сүт тағамдарының бағасы 1,8% өсті, нан өнімдері және күріш өнімдеріне баға деңгейінің өсуі байқалмады, ол 0,7% төмендеген; жұмыртқаның бағасы төмендеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет