2.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі.
Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндінеше инфляцияны тез ауздықтау Қазақсатнда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шаралардың белгіленуімен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылырдың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң, «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Заң, «Бюджеттік жүйежәне басқалары туралы» Заң [11. 55 б.б.].
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк неисе беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясатының нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қаоды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салаларын жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жолдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанының орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымды, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да, бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжерибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша –несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жылдар аралығында Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасын бекітті. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жылдарға арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік- экономикалық аймақтардың (облыстардың) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың құрамы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және Орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болды.
Үкімет «Стратегия-2030» сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылыпотыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
ақшалай-несиелік және бюджеттік саясаты қаталдандырылды;
ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;
жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
бюджеттік жетіспеушілікті қаржылардыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланды;
мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.
Қазақстан республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясатының басты міндеті 2006 жылы елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау болады, бұл қолайлы сыртқы экономикалық факторлармен қатар экономикалық өсудің жоғары қарқынын ұстап тұруға ықпал етті.
2003-2005 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 7-7,5% болсын деп белгіленген. Бірақ теңестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді жүргізудің арқасында 2003-2005 жылдар кезеңінде ІЖӨ өсуінің орташа жылдық қарқыны 9,4% болды. Алдын-ала деректерге қарағанда, 2005 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтас алғанда, 2003-2005 жылдары ІЖӨ 1,3 есеге өсті.
Макроэкономикалық ахуал жалпы алғанда тұрақты болып, экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекетік бюджеттің тапшылығы белгіленген өлшемдер шегінде болды. Ұлттық қорға қаражат жинақтау жөніндегі саясат жалғасты. Сөйтіп оның активтері үстемсіздігі жылдың басында 8 млрд АҚШ долларынан асты. Алайда келеңсіз тұстары да бар. 2003-2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды. Белгіленген меже- 2005 жылы 3,5%, 2006 жылы 4,5% дейін төмендету болатын. Бірақ 2005 жылы ол 7,6%-ға дейін ұлғайды. Оның бірқатар объективті себептері-шетелдік валюта ағыны, бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғайғаны, сондай-ақ халық кірісінің өскені, т.б. бар.
2006 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 8,3% -ды құрайды, инфляция 5,7-7,3% аралығында болады деп күтілуде.
Инфляциялық процесстерді реттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияның монетарлық та, монетарлық емес те жақтарын ықпал ету шараларын қабылдайды.
Инфляциялық процестерді реттеу шеңберінде Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерді реттеу жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар сәйкес жалғасатын болды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің инфляцияға қарсы кешенді саясаты:
негізінен еңбек өнімділігін арттыру есебінен елде экономикалық өсуді ынталандыруға;
халықтың нақты кірісінің өсуімен саластырғанда еңбек өнімділігінің басып өзара өсуін ынталандыруға;
монополист-кәсіпорындардың өз тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өсуінің бекітілетін шекті мәндерін сақтауына;
елдің ішкі нарықтарында, атап айтқанда мұнай өнімдері, астық, элекрт энергиясы, көлік және байланыс қызметтері нарықтарында бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;
мемлекетік бюджет тапшылығының белгіленген деңгейін ақтауға;
инфляция бойынша белгіленген өлшемдер және экономиканың өсуімен сиысымды ақшалай ұсыныс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталатын болады; [12. 178-181 б.б.].
Мұнай өнімдері, астық сияқты стратегиялық маңызды тауарлар нарықтағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында оларды міндетті түрде түрде тауар биржалары арқылы сату тетігі енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі баға жөнінде сөз байласудың жолын кесу, теріс пиғылды бәсекелестікті, нарық субъктілерінің өздерінің үстем жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда желілерін құруға жәрдемдесу, тауар нарықтарында сауда инфрақұрылымын және бәсекелі ортаны дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Қазақстан республикасының Үкіметі табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлары мен қызметтерінің бағалары өсуінің шекті мәнін айқындайды.
Ақша-несие саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Инфляция бойынша алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2006 жылы ақша-несие саясатын жүргізіп, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, валюталық реттеумен валюталық бақылыауды жүзеге асыру, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне жәрдемдесу жөніндегі міндеттерді іске асыру жалғастырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақшалай ұсыныс мөлшеріне банк жүйесінің өтімділігін реттеу арқылы ықпал етуді ниет етіп отыр. Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі депозиттерді қаржы нарығындағы кірістілікті реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оларды арту көлеміне шек қоймайды, алайда олар бойынша ставкаларды реттейтін болады. 2006 жыл сақталып отырған жоғары жоғары инфляциялық қысым 2005 жылы басталған ақша-несие саясатын қатаңдату жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттілігіне әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының операциялары бойынша ықпал ету шараларын күшейтеді және өзінің негізгі ставкаларының реттеуші рөлін одан әрі жоғарылатуға ықпал ететін болады.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеуші мүмкіндіктерін күшейту үшін оны тоқсан сайын қайта қарау практикасы жалғасады.
Ақша-несие саясатының инфляциялық процестерге ықпал етуін күшейту үшін 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының құралдары мен операциялық негізін одан әрі жетілдірумен айналысатын болады. Бұл шаралардың түпкі мақсаты тарту және орналастыру жөніндегі ресми ставкалардың көмегімен нарықтық ставкалардың ең көп және ең аз деңгейін белгілеу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нарықтық пайыздық ставкалар дәлізін бақылауы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығының қысқа мерзімде операциялар бойынша кірістілікті реттеу екінші деңгейдегі банктердің неғұрлым ұзақ мерзімді операциялар, оның ішінде несиелер бойынша ставкаларына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Бірыңғай ставка» саясатын жетілдіруді ниет етіп отыр. Қазіргі уақытта біріңғай ставка «дәлізі» кең күйінде қалып отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары көрсетілген дәліз шектерін жинақтауға және қайта қаржыландыру ставкасымен дипозиттік ставкаларды өзара, оның ішінде қайтарылуына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың тартылатын салымдары бойынша шикті сияқты ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру тетігін ескере отырып байланыстыруға бағытталатын болады.
Қысқа мерзімді ноталар шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «табыстылық аутқымасы» деп аталатын кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Ноталар, бойынша кірістілік аукционында аңықталады да, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орналастыратын ноталар көлемін ғана белгілейді. Бұл ретте ноталарды орналастыру көлемі оларды өтеу көлемінен аспайды.
Валюталық режимге қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қандайда бір белгіленген ұзақ мерзімді дәлізді айқындамай, валюталық бағамды қалымтастыруға валюталық бағамның қысқа мерзімді және алып сатарлық ауытқуларының салдарын азайту мақсатында ғана араласуды жүзеге асыра отырып, құбылмалы айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.
Өтімділікті шектеу жөнінде көздеген шараларды ескере отырып, ақша агрегатарының өсуі қазіргі экономикалық өсу қарқынының сақталуын қамтамасыз етеді.
Сақталып отырған жоғары өтімділік жағдайларында инфляцияны реттеу жөніндегі міндет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны стерильдеуді жүргізуге арналған шығыстарын ұлғайтады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігі мемлекеттік бағалы қағаздар шығару саласындағы бірлескен іс-қимылды күшейтеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инфляцияны болдырмау және оның бәсеке қабілеттілігін арттыру жөніндегі саясаты:
мұнаймен газ өндірудің оңтайлы қарқынын айқындауға; ақша агрегаттарының өсуін бақылауды күшейтуге, пайыздық ставкаларды өзгерту арқылы ақша нарығындағы тиімділікті жоғарылатуға;
екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуының өсуін бақылауды күшейтуге;
неғұрлым ұстамды, мемлекеттік бюджет шығыстарының номиналды өсу қарқынының номиналды жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынын асып түсуін көздейтін фискалдық саясат жүргізуге;
2006-2008 жылдарға арналған инфляцияға қарсы бағдарламаның мақсаттары мынадай. ІЖӨ-нің орташа жылдық өсімі 8,5% болады. Бұл экономиканың жалпы өсімін осы үш жылда 27,7%-ға арттырады. Орташа жылдық инфляция 5-7,3% шегінде қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7% -ға өсіру көзделді. Сөйтіп ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі 2008 жылы 5450 АҚШ долларына жетпек, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есе артық. Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге, мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға тиіс [13. 148-149 б.б.].
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураты жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция «аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегі» шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшаны тауарға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияның бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтермен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады. Инфляциямен күрестегі арнаулы саясат нарықтың стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстанғандықтан туындайды және ол қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.
Соңғы жылдары инфляция бұрынғы КСРО елдеріндегі ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршіл-әкімшіл жағдайында инфляция «қысыңқы», «басыңқы», «жабыңқы» күйде болып, көптеген тапшылықтар болуымен өнім сапасының үнемі төмендеуі түрінде көрініп келеді. Рыноктың құрала бастауы инфляциялық процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992 жылға дейін бұрығы КССРО елдерінде инфляцияға қарсы жан-жақты ойластырылған шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы, Қазақстандағы жағдайлардың күрделі инфляцияға қарсы саясаты тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізуге болмайтынын көрсетті. Халық шаруашлығы пропорциясын бірте-бірте мемлекеттің тиімді құрылымдық саясаты арқылы қалпына келтіруге болады. Ол үшін әскери өндіріс пен әскери шығындарды қысқарту, өндірісті бюджеттік қаржыландырудан гөрі кәсіпорындардың акционерлік капиталын пайдалануға көшу және экономикадағы монопольді құрылымдарды жою қажет. Бұлардың өзі ақша массасын азайту, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою, елдің валюта курсын тұрақтандыру және экономикада бәсекені күшейту сияқты қосымша шаралармен толықтырылуы тиіс.
Қорыта айтқанда қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіріді.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте төтенше жағдайларға пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
50-60-жылдарда көптеген әлем елдерінде инфляция орташа, бір қалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70-жылы ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70-шы жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылы 1,7%, 1966-1974 жылы 51%, 1975-1980 жылдары 9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1;6,0 және 17,9%, Францияда 5,0;5,9 және 10,9%. 80-жылдардың соңына қарай бағаның өсуі қарқынды төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары құнсызданудың, яғни инфляцияның жағымсыз әлуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтардың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе? Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы трақтандыру, баға мен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясымен тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатаң бақылауға лау сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизімін емдемей жеңуге болмайды, яғни егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асыруын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін. Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.
Бұл екі үшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.).
Инфляцияға қарсы саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және халық шаруашлығын тұрақтандыру, шығыны көп жеке табыстылығы (рентабельдігі) төмен шаруашылық субъектілірін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес, өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады. Сондай-ақ шет елдік несиелерді пайдалану да маңызды.
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнге Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жaғдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады.
Батыс елдеріндегі инфляцияға қарсы іс-шаралар жиынтығы келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез-келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғандардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралар негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу,т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылырдың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешімін қабылдауын қамтамасыз етеді.