I инфляцияның мәні, мазмұны және оның әлеуметтік, экономикалық зардаптары



бет7/8
Дата02.12.2023
өлшемі84,86 Kb.
#131633
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Инфляция реферат

Қорытынды
Қорыта келгенде, инфляция — бұл күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін үшін адамдар ақшасын құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық пқша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жіберді.
Батыс елдерде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Ал біздің елде бұндай инфляция алаңдатушылық туғызады. Кейде, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бірқалыпты өспейді. Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбек ақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция кезінде бағалар бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып сату түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды. Инфляциядан нарықтың оңды әсері толық жойылып, нарық механизімі енді экономикаға теріс әсер етеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет