I инфляцияның мәні, мазмұны және оның әлеуметтік, экономикалық зардаптары



бет6/8
Дата02.12.2023
өлшемі84,86 Kb.
#131633
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Инфляция реферат

Екіншіден, салықтарды артырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізілді. Бюджет тапшылығын Орталық Банк несиесімен қаржылындыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерінен әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржылындыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қағаздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болды.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталған. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әр түрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арртырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1 % төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2 %-ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4 %-ке төмет қалыптасады.
Инфляцияны ауыздықтау үшін елдер үкіметтері 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе берген. АҚШ тәжерибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70 жылдардың сонында табыс пен бағаны тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде сақталған болатын. Ал 80- жылдардың басында президент Р.Рейганның әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады.: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себептерін нарықтық құрылымдық жетілмегендігі мен, ең алды мен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауымен түсіндіріледі. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлардың қымбаттауы басқа тауардың арзандауына әкеліп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамсыз етеді. Ал егер бәсеке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарға бағаның өсуі басқа тауарларға барабар бағаның төмендеуіне әкеліп, соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторланына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.
Мұндай жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің теңгермелілігі (балансы) мен тұрақтылығы оған деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің ақша бірлігі – рубль барған сайын бартерлік айырбаспен немесе халықаралық айланыс құралы қабілеті бар валюталармен (СКВ) ығыстырылады, ал рубльді ондай валютаға айландыру өте күрделі мәселе. Яғни, қазіргі таңда жаңа ақша бірлігін ұлттық валютасын енгізу аса маңызды экономикалық қажеттілікке айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет