I инфляцияның мәні, мазмұны және оның әлеуметтік, экономикалық зардаптары


Тауарлардың тұтыну бағаларына әсері (



бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі84,86 Kb.
#131633
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Инфляция реферат

Тауарлардың тұтыну бағаларына әсері (%) кестесі

 

2004 жыл

2004 ж. І тоқ

2005 ж. І тоқ

Тұтыну бағасының индексі

өсім

салым

өсім

салым

өсім

салым

6,7


1,5

1,52

1,9

1,89

Салыстырмалы тауарллар

7,4

3,68

2,6

1,28

2,7

1,32

Нан және нан өнімдері

8,5

1,07

5,1

0,64

0,7

0,07

Ет және ет өнімдері

12,3

1,25

1,7

0,17

3,1

0,35

Сүт және сүт өнімдері

10,0

0,59

-1,0

-0,05

-0,6

-0,03

Көкеністер

5,9

0,25

9,3

0,43

16,6

0,74

Бензин

14,1

0,27

-9,5

-0,17

-12,0

-0,21

Төлем қызметтері

5,9

1,53

0,7

0,18

1,8

0,49

Тұрғын үй комуналды қызмет

3,0

0,44

0,3

0,04

2,0

0,29

Білім

10,7

0,22

1,9

0,04

1,2

0,03

Инфляцияның себебіне 2004 жылдың І тоқсанындағы төлем қызметтерінің тарифінің көтерілуі болды. Ол 1,1% көтерілді. Оған себеп төмендегілер тарифтерінің көтерілуі:

  • теміржол көлігі 6,7 % өсті

  • коммуналды қызмет 2% өсті [9. 154-155 б.б.].

Ұлттық банкте 2005 жылдың алдын ала қорытындылары мен үстіміздегі жылғы қаңтар-ақпандағы қаржы нарығындағы ахуалға арналып өткізілген баспасөз маслихатында инфляция деңгейі көбірек сөз болды. Бұлай болатын да жөні бар. 2005 жылы жылдық инфляция өткен жылдарғы біршама төмен тұрақты деңгейінен (6,6%-6,8%) асып түсіп,7,5%-ға жетті.
Тұтынушы бағаларының өсуі негізінен, азық-түлік тауарларының (8,1%) және халыққы ақылы қызмет көрсетудің (8,0%) қымбаттауыны байланысты болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9% қымбаттады. Азық-түлік тауарлары құрылымында жеміс пен көкеніске, күрішке, ет пен ет өнімдеріне, қантқа бағаның көбірек көтерілуі тіркелді.
Халыққа ақылы қызмет көрсетуқұрылымында газбен жабдықтауға, тұрғын үйді ұстауға бағаның өсуі нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық саланың қызмет көрсетуі 7,4%-ға қымбаттады.
Орташа жылдық инфляция 2005 жылға мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6%-ды құрады. Ұлттық Банк төрағасы Әнуар Сәйденовтың айтуынша, «бұл көрсеткіш инфляция бақылауда ұсталынып отыр деп айтуға мүмкіндік береді». Дегенмен, үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында инфляция деңгейі 2,4 %-ды құрау алаңдатушылық туғызбай қоймайды. Ақпан айындағы инфляция 1,5%-ға жетті. Бұл 2003 жылғы желтоқсаннан бергі ең жоғары айлық деңгейі болып табылады. Қаңтар-ақпан айларында бағаның негізгі өсімі азық-түлік тауарларының тобы бойынша болды. Олардың құрылымында қант (23,3%), жеміс пен көкеніс (14,0%), темекі өнімдері (6,8%), сүт және сүт өнімдерінің (3,1%) бағасы едәүір дәрежеде көтерілді.
Ақпан айында инфляция жылдық көрсетуге 8,7%-ға жетті (қаңтар айында -7,7%). Жылдық инфляцияның осындай жоғары деңгейі 2001 жылғы масым айынан бері байқалмапты. Ә. Сәйденов инфляция деңгейі жыл басынан жоғары болып отырғанына қарамастан, биылғы жылғы ең жоғры шегі 7,3% шамасында белгіленге болжамды деңгей әзірге қайта қаралмайтынын жеткізді. Шынымен де, инфляцияға қарсы пәрменді шаралар қолданбай, болжамды деңгейді өсіргеннен мәселе шешіле қоймасы анық.
Өткен жылдың қорытындыларына қайта оралар болсақ 2005 жылы тауарлар мен қвзмет көрсетудің сыртқы сауда айналымы 2004 жылмен салыстырғанда 33,8%-ға,55,4 млрд долларға дейін өскен. Мұның 30,4 млрд доллары – экспорттың, 25,0 млрд доллары импорттың үлесінде.
Теңгені нақты тиімді айрбас бағамының индексі (НТАБ) бір жылда 6,3% өсті. Теңгенің АҚШ долларына және евраға қатысы бойынша нақты нығаюы тиесінше 1,5 % және 15,9 % болды. Ресей рубліне қатынасы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6 % әлсіреді.
Елге шетел валютасының көп ағынына қараматсан, Ұлттық Банктің 2005 жылғы таза халықаралық резервтері 23,8%-ға 7,1 млрд долларға дейін төмендеді. Бұған үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттвқ қор активтерін толықтыру, сондай-ақ шетел валютасын ішкі нарықта сату себеп болды. Бірақ жалпы алғанда елдің халықаралық резервтері 15,1 млрд долларға дейін өсті (4,7%). Оның ішінде Ұлттық қордың ақшасы алдын ала деректер бойынша, бір жыл ішінде 56,2 % көбейіп, 8,0 млрд долларға жетті. Ұлттық қордың қаржысын орналастырудан 194 млн доллар инвестициялық кіріс аланған. Қордың жинақтаушы және тұрақтандырушы портфельдері бойынша жалпы кірістілік 4% шамасында.
Өткен жылы қаржы нарығы айтарлықтай тұрақты дамыды деуге болады. Банктердің экономикаға несиелердің көлемі 74,7% -ға 2592,1 млрд теңгеге дейін көбейді, яғни жалпы ішкі өнімге қатынасы бойынша 26,8% -дан 34,8% -ға дейін өсті. Халықтың екінші деңгейдегі банктердегі салымдары 596,8 млрд теңгеге жетті.
2005 жылы валюта нарығындағы ахуал теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нақты әлсіреу үрдісімен сипатталды. Жалпы алғанада ол Америка валютасының елеулі нығайуымен сипатталған әлемдік валюта нарығының конъюктурасына сәйкес келеді. Биржалық бағам 2005 жылдың аяғында 1 доллар үшін 133,77 теңге болды. Жыл басынан бері теңге нақтылы көрсетуде АҚШ долларына 2,9 % құнсызданған.
Қаржы министірлігі өткен жылы 122,8 млрд теңге сомасында мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 2,7% аз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ұлттық Банктің таза халық аралық резервтері өткен жылы 7,1 млрд долларға дейін төмендеген болса, қазір ол жедел қарқынмен өсіп келеді. Үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында ағымдағы бағамен 9068,3 млн долларға дейін ұлғаяды.
Елдің халақаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (8156,5 млн доллар) 17,2 млрд доллар болды.
Қаңтар-ақпан айларында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының өсу үрдісі байқалды. Бұл әлемдік валюта нарығындағы ахуал, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасындағы ұсыныстың сұраныстан асып түсуіне байланысты болып отыр. Теңгенің АҚШ долларына бағамы қаңтар айында 1 доллар үшін 132,05 теңге – 133,85 теңге аралығында, ақпан айында 130,30 теңге – 132,37 теңге арасында өзгерді [10. 38-51 б.б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет