I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет346/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   367
4- 
мәтін 
1.
Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша
тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шұбат, айран,
қатық, қаймак, балқаймақ, кілегей, ақ қаймақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сусыз сүт, сыпырма
сүт, кұрғақ сүт, қойыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт,
торақ құрт, сықпа, сүзбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен
жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салттың сұранымы дүниеге әкелген
тағамның бірі - құрғақ сүт.... От қуалаған малдың тісіне ерген елдің көші-қон кезінде төрт
түліктің аяғын көштен бұрын қимылдататын әдеті. Ақар-шақар елдің «әуп» деп тұрып кете
қоюы оңай емес, артынып-тартынып жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп қалатын жайы
жиі болады. Өмірдің осы бір сұраным-мұқтажы құрғақ сүт дайындауды дүниеге келтірген
сияқты.
2.
Сәрсенбінің сәтіне көшеміз деген хабар тиісімен-ақ, әр шаңырақтың ас- суына ие отанасы
қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып
алады. Теріні түгінен айырудың мұндайда екі тәсілі қолданылады. Бірі - иіс салу тәсілі. Тек иіс
өтіп кетпейтіндей, идін быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі
- теріні жібітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырып тастайды. Сонан соң түксіз теріні суға
салып, шуашы мен шайырынан айырғанша әбден сапсып жуады. Ақжемделіп май-сөлінен
арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады.
3.
Келесі күні қой-ешкіні қосақтап жібереді де, мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше
үлкен қазанға толтыра құйып, әлгі теріні соған салады да, астына маздатып от жағады.
Біраздан сон тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды, Қайнаған сайын қойыла бастайды.
Қайнаған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда,
сүт қойыртпақтанады. Tepi болса ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан қоюланған сүт сарқыла
таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Tepi түнімен
жел қағып тобарсып, ертеңіне күнімен тұрса кеуіп-ақ қалады. Келесі күні тағы да қой-ешкі
қосақталып, дәу кара қазан сүтке толады. Тағы да астына жайнатып от жағып, әлгі сүт сіңді
теріні тағы да салады. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің
калыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшінші рет жайылған



323

тері тобарсып кебе бастаған кезде шиыршықтап орайды да, маңызы ұшып кетпес үшін
қарынға немесе бүйенге сала салады.
4.
Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құлан иектенгенде моншақтай тізілген көш те
қозғалады. Бие сауым өтеді... Ет асым өтеді... Күн иықка көтерілген кезде түйе қомында
тербеліп келе жаткан балалардың маңдайын күн шалып, таңдайы кеберсіп, қыңкылдай
бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді
ішпейді... Қойыртпақ береді, ішпейді... Cy береді, ішпейді. Оған керегі тіл
үйірген уыз сүт.
Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден
алақандай ғана кесіп алады да, тостағанға құйған суға тастап жібереді. Сол-ақ
екен уыз иісі бұрк етіп тәбет шақырып, тостағандағы су жаңа сауған сүттей
болып шыға келеді. Тек қана сүт ішіп үйренген ұл дем алмастан тостағанды
басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ «бірдеңені»
көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой,
боташым!» дейді. Сары атанды бесік еткен ерке ұл бал татыған уыз құйқаны
жайлауға жеткенше ермек етеді.
13.
Мәтіннің нешінші азат жолында толық дайындалған кұрғақ сүт туралы айтылады?
A)
Үшінші
B)
Екінші
C)
Бірінші
D)
Бесінші
E)
Төртінші
14.
Құрғақ сүт жасауда пайдаланылатын басты жабдық
A)
Түйе қомы
B)
Қой терісі
C)
Қой қарыны
D)
Жылқы қарыны
E)
Қой бүйені
15.
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A)
Шапқан - озар, жатқан - қалар.
B)
Біткен іске сыншы көп.
C)
Мал жисаң, қонысын тап,
Ac жисаң, ыдысын тап.
D)
Жердің сәні- егін,
Ердің сәні - білім.
E)
Отынды шапқанға жақтыр,
Малды тапқанға бақтыр.
16.
Мәтін қандай стильде жазылған?
A)
Ауызекі сөйлеу стилі
B)
Публицистикалық стиль
C)
Fылыми стиль
D)
Ресми іс-қағаздар стилі
E)
Көркем әдебиет стилі
17.
Түйе қомында келе жатқан балагтардың сұрап ішер сусыны
A)
Қойыртпақ
B)
Шалап
C)
Айран
D)
Қымыз
E)
Уыз сүт
18.
Дайын болған құрғақ сүтті сақтау әдісі
A)
Қоржында не қалтада
B)
Tepiгe орап қояды
C)
Адалбақанда
19.
Теріні түгінен тазалаудың тәсілі

D)
Сандықта не қорапта


E)
Қарында немесе бүйенде
A)
Кептіру
B)
Түгін кыру
C)
Далаға жаю
D)
Сапсып жуу
E)
Жел каптыру
20.
Кұрғақ сүт жасауға қай түліктің сүті пайдаланылады?
A)
Қой мен ешкі
B)
Бие
C)
Түйе
D)
Сиыр мен қой
E)
Сиыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет