244
әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны
қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. Оны қыздың
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі
екеуі барша мұратына жетіпті.
7. «Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы:
A) Әйел – үйлестіруші, үйдің құты
B) Әйел – үйретуші, тәлімгер
Е) Әйел – әдемі, сұлу
8. Әңгіменің түйіні
C) Әйел – қорғаушы, бақылаушы
D) Әйел – сыншы, бағалаушы
A) Бас екеу болмай, мал
төртеу болмайды.
B) Ырыс алды - ынтымақ
C) Еңбексіз тапқан мал
есепсіз кетеді
D) Ерте тұрған еркектің
ырысы артық
Е) Ерте тұрған әйелдің бір ісі
артық
9. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Данышпан ақылы
2. Көршісінің кеңесі
3. Бәйтеректің өтініші
4. Лашықтағы әңгіме
A) 2,3,4,1
B) 3,4,1,2
C) 2,4,3,1
D) 1,2,3,4
Е) 4,1,2,3
10. Қыздың ата –анасына берілген нәрсе
A) Мал –мүлік
B) Қалыңмал
11. Көрші үйдің берекесінің сыры
A) Мол табысында
B) Қоңырақай тұрмысында
C) Жеміс ағашы
D) Бес – алты ешкі
C) Ақылды әйелінде
D) Бес – алты ешкісінде
Е) Күміс
Е) Бала – шағасында
12. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры
A) Ауа
райы қолайсыз болғандықтан
B) Суға тапшы болғандықтан
C) Түбіндегі алтын өсірмегендіктен
D) Ағаш кәрі болғандықтан
Е) Тамыры тереңде болғандықтан
4-МӘТІН
5.
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде,
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді.
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек.
6.
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ
киізге отырғызылып, хан көтеріліпті.
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә,
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты.
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады.
245
7.
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан,
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары.
8.
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін
дәлелдеді.
9.
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан –
2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық
тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
13. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз
А) Ұят – өлімнен күшті
В) Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас
С) Хан екі айтса, қадірі кетеді,
14. Қозыбасы атауының түп мағынасы
А) Қозы көш жерден көрінгендіктен
В) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек
С) Қозының жайылым орнын білдірсе керек
Қараша екі айтса, ары кетеді
D) Көргені жақсы көш бастар
E) Ел ерімен, ер елімен мықты
D) Қозы өрбіткен жер болса керек
E) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе
керек
15. Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны
А) Отарлау саясатынан құтқарған хандар
В) Соғыс әдіс – тәсілдерінің білгірлері
С) Қазақ хандығының негізін қалаушылар
D) Саяси бітімгерлер
E) «Жеті жарғыны»
енгізген хандар
16. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы
А) Хақ – Назар хан
В) Абылай хан
С) Әлихан Бөкейханов
D) Әз-Тәуке хан
E) Шоқан Уәлиханов
17. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан
А) Кенесары хан
В) Әз – Тәуке хан
С) Әз – Жәнібек хан
D) Абылай хан
E) Әбілқайыр хан
18. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы
А) «Қазақстан – 2050»
В) «ЕХРО – 2017»
С) «Мәңгілік ел»
D) «Қазақстан – 2030
стратегиясы»
E) «Қасым ханның қасқа жолы»
19. 2010 жылы Қазақстанда қысқы Азияда ойындарының өтуі
А) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді
В) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдейді
С) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы
екендігін дәлелдейді
D) Елімізде еңбекқор жастардың көп екендігін дәлелдейді
E) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді
20. Мәтін мазмұнына сай тақырып
246
А) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері
В) Тәуелсіздік тірегі - тіл
С) Күшті бірді, білімді мыңды жығар
D) Ел боламын десең, бесігіңді түзе!
E) Тәрбие басы – тал бесік
Достарыңызбен бөлісу: