І жалпы мәлімет «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы 2


«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері



бет6/15
Дата17.01.2023
өлшемі256,5 Kb.
#61608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • графикалық сызба арқылы «оқу»;

  • кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;

  • мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;

  • «көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;

  • мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;

  • сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);

  • мәнерлеп оқу;

  • рөлге бөліп оқу;

  • оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. картасын жасау.



«Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;

  • сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;

  • мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;

  • мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;

  • сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;

  • шағын хат жазу;

  • есте сақтау арқылы жазу;

  • байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

  • сурет бойынша жазу;

  • өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.



8 Оқу нәтижелерін бағалау туралы


Бастауыш мектепте оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.


Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.
Критериалды бағалау нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;
Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;
Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.
1-сыныпта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тек қана формативті бағалау қолданылады. 3-4 тоқсандарда тоқсандық бағалар қойылады.
1-сыныпта жылдық баға формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет