І жалпы мәлімет «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы 2


Үштұғырлы тіл саясатына сәйкес қазақ тілін оқыту мазмұнына қолдау жасау



бет4/15
Дата17.01.2023
өлшемі256,5 Kb.
#61608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Үштұғырлы тіл саясатына сәйкес қазақ тілін оқыту мазмұнына қолдау жасау
Оқыту тілінде қолданылатын/қалыптасатын коммуникативтік дағдылар мен сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде оқылатын басқа пәндерді табысты меңгеруге ықпал ететіні анық. Бастауыш сынып мұғалімдері тіл мен әдебиет пәндерін оқыта отырып, тілдерді оқушылардың күнделікті өмірде, әлеуметтік ортада оқыту мақсаттарына лайықты қолдану мүмкіндіктерін күшейту арқылы үштілді оқыту саясатына үлесін қоса алады. Тіл пәндерінің мұғалімдері оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен ерекшеліктеріне назар аудартады. Барлық қалған пәндердің қолданатын негізгі құралы да - «тіл» екенін түсіндіреді.
Тілдік пәндер мұғалімдері пән мазмұнын пәнаралық байланысты орнатуға мүмкіндік беретін тақырыптармен, мәтіндермен, дағдылармен, оқу әрекеттерінің түрлерімен, оқу міндеттерімен, оқу мақсаттарымен толықтыра алады. Бұл сондай-ақ, оқушылардың жалпы академиялық тілін дамытуға және басқа пәндерді оқып-білуге керекті дағдыларды қалыптастыруға негіз қалайды: тақырыпты түрлі қырынан талдау, оқиғаның себептері мен салдарларын түсіндіру, пікірлер мен деректерді айыра тану, даулы тақырыптарды талдауға қатысу, түрлі ақпарат көздерін бағалау, басқаларға түсінікті ақпарат ұсына алу. Тіл пәндері мұғалімдері басқа пән мұғалімдерімен тығыз бірлікте болып, олардың ой-пікірлеріне, кеңестеріне құлақ салып, тіл сабақтарын сапалы деңгейге көтеруге барлық мүмкіндіктерді қолданады.


6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру




Білім берудің жаңа бағыты оқыту мен тәрбиелеудегі демократтық және гуманистік бағыттарды ұстана отырып, түрлі мәдениеттердің дамуы мен ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Оқушылар қазақстандық көпұлтты қоғамда өмір сүре отырып, қарым-қатынас барысында өзара төзімділік таныту, басқа ұлт мәдениетіне деген сыйластық пен құрмет сезімін білдіру сияқты маңызды қасиеттерге ие болуы керек. Бұл ретте мәдениетті және түрлі мәдениетке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру әлеуетіне ие үдеріс – білім беру үдерісі екені белгілі.
«Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі сындарлы әрекет етуіне мүмкіндік береді.
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:

  • қазақ тілі мен мәдениетіне, қазақ тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • қазақ тілінің Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісімін сақтау тілі ретіндегі қызметін түсіндіру;

  • ұлттық мәдениетімізді құрметтей білуге және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік таныту, өзгелердің пікірлерімен санаса білу қасиетін қалыптастыру;

  • түрлі көзқарастарды, өз көзқарасы мен өзгенің пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге үйрету;

  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезіну, көпұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет